Материалдар / Ашық сабақ Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу» 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көру мүшелерінің құрылысымен танысып, көрудің маңызы туралы қысқаша баяндама жасады. Көру қызметінің бұзылуы себептеріне мысал келтірді. Көру гигиенасымен танысты, Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу» жұмыстарын жүргізді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
342
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу»

Бөлім:

8.3D Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:

Канатова У.К.

Күні:

23.02.2022

Сыныбы: 8 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы.

Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.7.1 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Көздің құрылысын сипаттап бере алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Көрудің бұзылуын біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Көру гигиенасын айта алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Гүл күлтелерінің түсіне сәйкес 3-топқа бөлінеді.

1. топ- Қызыл түсті гүл «Нұрлы қабық»

2. топ- Көк түсті гүл «Торлы қабық»

3.топ- Күлгін түсті гүл «Тамырлы қабық»

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.Топқа біріктіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Көру орталығы мен тері-бұлшық ет сезімталдығы үлкен ми сыңарларының қандай бөлімінде орналасқан?

2. Сезім мүшелерін ата?

3. Фоторецепторлар деген не?

4. Көздің қосымша бөліктері қандай?

5.Дальтонизим ұғымына сипаттама беріңдер?





Ой қозғау.«Стоп кадр» әдісімен «Көру мүшелерінің құрылысы» тақырыбында бейнежазба оқушылар назарына ұсынылады. Оқушыларға сұрақтар қойылады:

1. Бұл бейнежазбада не туралы?

2. Бүгінгі сабақта қандай тақырып қозғауымыз мүмкін?

Оқушылар тақырыпты анықтайды.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы-3 балл

1. Көздің құрылысын сипаттайды.

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру



Білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1. «Рецептор» деген түсінікке анықтама береді.

2. Көз қабықтарын және олардың бөліктерін атайды.

3. Көру мүшесінің «қосымша бөліктері» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?

4. Көруді сақтауға мүмкіндік беретін ережелерді атайды.

5. Мынадай құрылымдардың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтайды:

қасаң қабық;

ақ қабық;

нұрлы қабық;

тамырлы қабық;

торлы қабық.

6. №11 зертханалық жұмыс. Көру қабілетін зерттеу.Зертханалық жұмысты жасайды.

Дескриптор:

Жалпы-3 балл

1.Суреттерді талдау

2. 256-беттегі зертханалық жұмысты орындайды.












ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



Талдау және синтез айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Топтық жұмыс.

«Көру мүшесінің құрылысы, маңызы, көру қызметінің бұзылуы» тақырыбында

кластер.

2.Жұптық тапсырмалар

Қате сөздерді тап және астын сыз:

Оқушыларға белгілі бір қателері бар мағлұмат парақтары таратылады.

3.Топ ішіндегі жеке тапсырма

Топ оқушыларына 3 түрлі сурет таратылады. Оқушылар сол суреттерді жаңа сабақпен ұштастырып, қорғайды.

Дескриптор:

Жалпы -6 балл

1.Кластер жасайды.

2. Жұптық тапсырманы орындайды.

3.Сурет бойынша мағлұмат айтады.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бағдаршам» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, стикерлерге өз түсінгенін, пікірін, өз ойын жазу арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Еркін микрофон», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Жапондық бағалау» әдісі

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шәріпхан Д.Е.

Биология пәні мұғалімі Исабекова А.С.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!