Материалдар / Ашық сабақ Көз гимнастикасы 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Көз гимнастикасы 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Көз гимнастикасы 2 сынып Көзге арналған жаттығулар, пайдалы кеңестер, көз сақтау ережелері. 2 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
839
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Қалдық көру қабілетін сақтау және дамыту

Сынып: 2 «А»

Сабақтың тақырыбы: Көз гимнастикасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

2.1.1.1 көзге арналған жаттығулармен таныстыру, орындай алу, өзінің көз диагнозын білу

2.1.1.2 көру арқылы қабылдауға арналған диагностикалық жаттығуларды орындау

Түзету-білімділік: Көзге арналған жаттығулар арқылы көздің жалпы шаршауын басу.

Моторлы көру координациясына үйрету.

Түзету- дамытушылық: Көзге арналған жаттығуларды нұсқау бойынша дұрыс жасап

үйрену.

Түзету- тәрбиелік: Жетістікке жету сенімділігін, бастаған істі соңына дейін жеткізуге,

өздерін күтуге тәрбиелеу.

Құндылықтарға баулу: жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу

Пәнаралық байланыс: Кеңістікті бағдарлау

Ресурс көздері: көзге арналған жаттығулардың суреттері, слайд, қызыл дөңгелек, әр түрлі екі зат, әуен, ойыншық қоян, жемістер мен көкеністер мульяжы.

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал:

-Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

- Балалар, бүгін біздің сабағымызға Көзілдірікті қоян келіпті. Қоянның күні бойы көзі ауырыпты. Ол бізден көмек сұрайды. Көзім ауырмас үшін не істеймін ?-дейді. Балалар қане, бәріміз қоянға ақыл кеңестерімізді айтайық.

Күнделікті өмірде ең маңызды мүшеміз көз жанарымызды дұрыс күтіп, көру қабілетімізді жақсарту жолдарын білеміз бе?

Көру қабілетін жақсарту үшін көзге арналған гимнастикалардың пайдасы мол. Көзге арналған гимнастика – тиімді,әрі алдын-алу әдістерінің бірі. Сабақтан кейін немесе компьютер алдындағы жұмыстардан соң 7-8 минут бойы жаттығу жасағандарың дұрыс. Жаттығулар көздің бұлшық еттерін қалыпқа келтіреді және қан айналымын жақсартады.Жаттығулар арқылы көздің көру қабілетін жақсартуға болады. Жаттығулар әр адамның көз диагнозына қарай орындалады, сонда ғана жаттығу нәтижелі болады.

-Балалар көзімізде шаршау белгілері байқалса және ауырса мына жаттығуларды жасаймыз (әуен қосылып тұрады). Кел, қоян балалармен бірге жаса!





Көзге арналған жаттығулар:

Қыздыру- көзді оңға және солға, жоғары-төмен қозғалту (5-6 рет)

Сағат- көзді сағат тілімен жүргіземіз, сонан соң кері айналдыру керек (3-4 рет)

Бағдаршам- көзімізді кезек-кезек жұмамыз (5-6 рет)

Алыс-жақын-екі зат алып біреуін қолымызға, біреуін үстел үстіне қоямыз. Сол заттарға кезекпен қараймыз (5-6 рет). Терезеге қызыл дөңгелекті жапсырып қоямыз. Содан соң сырттан алыста тұрған бір затты белгілеп алып бірнеше секунд қарап тұрамыз, артынша терезеге жапсырылған дөңгелекке қараймыз (5-6 рет). Бұл кезде басты қозғамай, көзбен ғана қараған жөн.





Пальминг жаттығуы- орындыққа отырып екі көзді алақанмен жабамыз, денені бос ұстауымыз қажет. Ойша көз алдымызға жағымды нәрселерді елестетеміз. Алақанды бір-біріне ысқылап көзімізге басамыз.

-Балалар көз жаттығулары күн сайын орындалады және мына ережелерді есте сақтайық.

Көз бұлшық еттерін жаттықтырудың жалпы ережелері:

- бас қимылсыз қалады, тек көз қозғалады;

- дененің жағдайы ыңғайлы болу керек;

- тым жарық немесе тым қараңғы болмауы керек;

- жаттығу көзілдіріксіз және линзасыз орындалады;

- егер көзде ыңғайсыздық пайда болса, дереу жаттығуды тоқтату керек;

- жаттығуларды дәрігермен келісіп, тиімдісі орындалады.

Сергіту сәті.

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш,

Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.

Ойын: «Не өзгерді?»

Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: Жемістер пен көкеністердің мульяжы.

Ойын барысы: Мұғалім жеміс пен көкеністерді араластырып қояды. Балалар көздерін жұмады. Сол арада жеміс пен көкеністің арасынан біреуін алып жасырып қояды. Көзін ашқан балалардан не өзгергенін сұрайды. Ойын осылай жалғасады, барлық балалармен бірге ойналады.

-Балалар, Қоян көз жаттығуларымен бірге, біз үнемі мына кеңестерді де ұмытпай күнделікті өмірде қолдануымыз қажет.





Пайдалы кеңестер:

- таза ауада, табиғат аясында жиі болу;

- комьпютер, гаджеттерден аулақ болу;

- спортпен шұғылдану;

- қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау;

- дәрумендерді, пайдалы тағамдарды пайдалану.

Қорытынды:

-Балалар, Қоянға сендердің көп көмектерің тиді. Ол бүгін көзді қалай күту, сақтау туралы көп мәлімет алды деп ойлаймын. Қоян сендерге рақмет айтты.

Мұғалім:

-Сабақ ұнады, өзіме қажетті мағлұматты алдым десеңдер жасыл түсті, сабаққа белсенді қатыстым десеңдер сары түсті, сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым десеңдер қызыл түсті таңдаңдар. Сабаққа қатысқандарыңа рақмет!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!