Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Күй -халық қазынасы" 7-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: қазақ тілі |
|||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Музыка өнері және қазақтың домбырасы» Мектеп: «Еңбекші жалпы орта мектебі» КММ Күні: 15.12 . 2017 Мұғалімнің аты-жөні: Амирханова Сара Бекетқызы Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Күй - музыканың ерекше жанры |
||||||||||||
Осы сабақтақол жеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме) |
7Т/А6Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды - экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу. 7Ж/5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу. |
||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: -тақырып бойынша көркем бейнелеуіш, эмоционалды - экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып диалогқа қатысады, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды. -тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады. |
||||||||||||
Оқушылардың көбісі: -тұрақты тіркес, мақал-мәтелдер, эмоционалды-экспрессивті сөздердің көркемдік ерекшеліктерін түсініп, пікіралмасуда еркін қолданады. |
|||||||||||||
Кейбір оқушылар: -пікірталаста өз көзқарастарын дәлелдейді. -сөз тіркестерін синонимдік қатармен алмастыра отырып, мәтінді редакциялайды. |
|||||||||||||
Ойлау деңгейлері |
Талдау және қолдану, жинақтау |
||||||||||||
Бағалау критерийі |
-коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі. -тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады. |
||||||||||||
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер , синонимдік қатар. |
||||||||||||
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: жүрек қылын шертеді, он саусағынан өнер тамған, бас имейді, қапысын тауып көзге түседі, жағынан тартып жібереді. |
|||||||||||||
-Күй құдіреті дегенді қалай түсінесіз? -Сізге мәтін кейіпкерілерінің қандай қасиеті өнеге ? |
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Мәңгілік елдің «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығына сәйкес ұлттық мәдениетті дәріптеу арқылы патриотизмге баулу. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
оқиғалардың қай ғасырда болғандығын тарих пәні арқылы жеткізу; музыка пәнімен байланыстылығы тапсырмаларды орындау мен ширату жаттығуында күйлер тыңдатылады. әдебиет пәнімен тығыз байланыстылығы әдеби мәтіндермен жұмыс жасайды. |
||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Домбыра-ұлттық құндылық |
||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен) |
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы
7 минут
|
Ұйымдастыру. Күй атауларымен шағын топтарға біріктіремін. «Тұжырым» әдісі арқылы тақырып бойынша алдыңғы білімдеріне тоқталады. Берілген тұжырым туралы ойын 1 сөйлеммен түйіндеу тапсырылады.
«Болжау» әдісімен мазмұнды суреттер ұсынып, сабақтың тақырыбын болжату. (күй тыңдату) Оқушылар пікірлері тыңдалып, сабақ тақырыбын болжалды. |
«Саржайлау», «Балбырауын» «Адай», «Серпер» атты күй атаулары жазылған кеспе қағаздар Суреттер |
|||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 10 минут |
Ж.Тапсырма: Тыңдалым алды: «Бір қадам артқа» әдісімен тілдік бағдар жасау. Тыңдалым кезі: «Күй және күйші» мәтінін тыңдату. Тыңдалымнан кейін: « Өзіндік ой» әдісі бойынша жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап бере отырып, ауызша ой түйіндеңіз: -Күй құдіреті дегенді қалай түсінесіз? -Сіз мәтін кейіпкерлерінің іс-әрекетінен қандай тәлім –тәрбие аласыз ? «Төртбұрыш» әдісі мәтінді тыңдай отырып, тілдік құралдарды тауып, әр бұрышқа орналастырыңыз. 1-ші топ көркем бейнелеуіш сөздер 2-ші топ эмоционалды-экспрессивті сөздер
3-ші топ тұрақты тіркестер 4-ші топ мақал-мәтелдер Дескриптор: -Мәтіннің мазмұнын түсініп, ой түйді. -көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді тапты. ҚБ : «Медаль мен миссия» ЖЖ. 1.«Пікір алмасу» әдісі арқылы жұптар тірек сөздерді қатынастырып диалог құрайды. Тірек сөздер: шертпе күй, төкпе күй, музыка, Дина, Құрманғазы,құдірет,көңіл-күй ,он саусағынан өнер тамған, өнерліге өріс кең, тамаша өнер, керемет сезім, нағыз туынды, жүрек қылын шертеді, өнерлі-өрге жүзер. Дескриптор: -дайындықсыз диалогқа түсіп, пікіралмасуда тірек сөздерді орынды қол данды. - пікірталаста өз көзқарастарын дәлелдеді. ҚБ: «Нота жолы»кері байланысы
“Күй үйренейік” әдісі . Ширату жаттығуы: Күйлерден үзінді тыңдатып, атауларын тапқызамын. Т.Ж «Ақпараттық сүзгі» әдісі арқылы саралау тапсырмалары: «Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары» мәтіні Тапсырма: 1. Қазақ музыка өнерінің алғашқы үлгілері болып табылатын салт өлеңдерді теріп жазыңыз. 2. Күрделі мәтіннен негізгі ақпараттарды іріктеп жазу; 3.Синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдап жазу. Дескриптор Білім алушы - мәтіннен салт өлеңдерді теріп жазды; - мәтіндегі негізгі ақпараттарды тапты; -синонимдік қатарларды анықтап, жинақы мәтін жазды. ҚБ :«Екі жұлдыз , бір тілек» |
Тыңдалым мәтінін мұғалім оқып береді немесе аудиожазба дайындап ұсынылады. Түрлі түсті суреттер , жапсырма қағаздар http://bigox.kz/kazak-muzyka-onerinin-en-algashky-tuyndylary
|
|||||||||||
Соңы Кері байланыс 8 минут |
«Зерде» әдісі «Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда» деген өлең жолдарымен тұжырымдау «Домбыра үні» графикалық органайзері арқылы кері байланыс.
Үй тапсырмасы: Күй атасы-Құрманғазы мен жерлес ақын Жұмекеннің күйшілік өнері жайлы ізденіп келу.
|
|
|||||||||||
Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? |
Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||
Оқушылардың қабілетіне қарай сараланған тапсырмалар беріледі. |
«Екі жұлдыз , бір тілек», «Нота жолы» қалыптастырушы бағалаулар
|
Ширату жаттығуын жасады, интербелсенді тақтаны, аудио тыңдалымды уақытына сай пайдаландым. |
|||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||
|
«Домбыра үні» графикалық органайзері арқылы кері байланысы
Білім |
Эмоция |
Баға |
Сын |
Идея |
Бүгінгі сабақтан не алдым? |
Көңіл-күйім қандай болды? |
Өз жетісті гімді қалай бағалаймын? |
Өз бойыма әлі нені дамытуым керек? |
Тапсырма орындау кезінде қандай жаңа ой келді? |
«Домбыра үні» графикалық органайзері арқылы кері байланысы
Білім |
Эмоция |
Баға |
Сын |
Идея |
Бүгінгі сабақтан не алдым? |
Көңіл-күйім қандай болды? |
Өз жетісті гімді қалай бағалаймын? |
Өз бойыма әлі нені дамытуым керек? |
Тапсырма орындау кезінде қандай жаңа ой келді? |
Оқу мақсаты Ж5. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады
• Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма:Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.
Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары
Музыка өнерінің адамның сезім әлеміне әсерін ежелгі дәуірде-ақ халық жақсы біліп, оны тұрмыста пайдаланған. Сөз бен әуеннің осы түйіскен тұсын алдымен малды шақырғанда, мысалы, сиырды аухаулағанда, түйені көс-көстегенде, жылқыны құрау-құраулағанда, қойды пүшәйттағанда. Ал табиғат қойнауында адасқан екі адам бірін-бірі шақырғанда айқайлап қатты дыбыстаған. Бұларды музыкалық дыбыстардың алғашқы элементтері деуге болады.
Музыкалық дыбыстардың әлеуметтік мәнін ашатын бесік жырдың, санамақ, «Бас бармақ, балаң үйрек». «Бақа, бақа, бақ, бақ» секілді басқа да ойын өлеңдері – дүние есігін ашқан жас баланы әлеуметтендірудің басты құралдарының бірі. Осы қысқа да әуезді үндерді айта отырып, анасы баланы өзінің дене мүшелерімен таныстырса, тағы бір жақтан, оның әуені құлағына дыбыстардың айтылуын сөз құрамын есту арқылы пайымдауға баулиды.Балаларды алғаш жәндіктермен таныстырғанда айтылатын «Бақа, бақа, бақ, бақ» өлеңінің әуені де созылыңқы, ұғынықты. Осы және басқа да балаларға арналған өлеңдерді ертеде ешкім әдейілеп жаттамаған, ол бала кезден естіп, тыңдап өскендіктен өзінен-өзі құлаққа «сіңіп» қалатын. Өсе келе бұл сәби кезінде естігендерінің үстіне ойын үлгілерінің әуені мен сөздері қосылады. Осындай ойын өлеңдері «Ақ терек, көк терек», «Ақ сандық, көк сандық» сияқты балалар есейгенде, мысалы, 8-9 жасқа келгеннен бастап ойнағанда айтатын өлеңдер. Халқымыз ғасырлар бойы рулық, туысқандық, отбасылық қауымдастық түрінде өмір кешкен. Бұл ойындар сол кезде балалар арасында туысқандық байланысты нығайту, өзара қамқорлық, бір істі орындауда ұжымдасу, бірлесіп өзара көмектесу, тұтастыру секілді міндеттерді атқарған. Әлгі ойын балалары есейіп бойжеткенде, бозбала жасына қадам басқанда бұл өлеңдер ғашықтық әндеріне, терме, толғаулар, жыр, дастан, қиссалар мен домбыра және қобыз күйлеріне ауысады.Музыкалық дыбыстарды адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды білдірудің бір түрі деуге болады. Мысалы, ұзатылып бара жатқан қыз айтатын «Сыңсу» кеше ғана еркелеп, ата-анасының төрінде отырған қыздың жат жұртқа кетіп бара жатқандағы көңіліндегі мұңды білдіреді. Ол сөзбен қосылғанда ерекше мағыналы.Қыз ұзату тойы, одан ары қарай «Жар-жар», оған қарсы айтылатын «Ау-жар» өлеңдерімен жалғасады. Онда ұзатылып бара жатқан қыздың мұңын сейілтіп, тойды ойын-сауықпен көмкеру, халықтың көңілін көтеру көзделеді. Сол себепті «Жар-жар» мен «Ау-жар» қалжың аралас, қайым айтыс сипатына ие. Бұл туралы «Жар-жардың» тәрбиелік мәні – қалыңдық құдай жазған шын жұрты, ұзатылып барған жері екендігін санасына сіңіре беру» делінген «Қазақтың тәлімдік ойлары антологиясында».Қыз ұзатып, келін түсіру сәніне келтіретін тағы бір өлең – «Беташар». Мұнда жас келінге тәлім боларлық көптеген ақыл-кеңестер айтылады.Бөтен жұртқа жаңа түскен жас келінге, оның бетін ашушы «бетіңді, келін, ашқаным, жаңа жұртқа қосқаным…» деп, өзінің міндетімен қоса келген жеріне таныстыра отырып, келінге осы ортамен араласып, «сіңісіп» кетуі үшін осы сөздер айтылады.http://bigox.kz/kazak-muzyka-onerinin-en-algashky-tuyndylary/
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады;
- синонимдік қатарларды анықтайды;
- мәтінді ықшамдап қайта жазады.
«Саржайлау»
«Балбырауын»
«Адай»
«Серпер»
Тірек сөздер: шертпе күй, төкпе күй, музыка, Дина, Құрманғазы, құдірет,көңіл-күй ,он саусағынан өнер тамған, өнерліге өріс кең, тамаша өнер, керемет сезім, нағыз туынды, жүрек қылын шертеді, өнерлі-өрге жүзер.
Тірек сөздер: шертпе күй, төкпе күй, музыка, Дина, Құрманғазы, құдірет,көңіл-күй ,он саусағынан өнер тамған, өнерліге өріс кең, тамаша өнер, керемет сезім, нағыз туынды, жүрек қылын шертеді, өнерлі-өрге жүзер.
Тірек сөздер: шертпе күй, төкпе күй, музыка, Дина, Құрманғазы, құдірет,көңіл-күй ,он саусағынан өнер тамған, өнерліге өріс кең, тамаша өнер, керемет сезім, нағыз туынды, жүрек қылын шертеді, өнерлі-өрге жүзер.
Тірек сөздер: шертпе күй, төкпе күй, музыка, Дина, Құрманғазы, құдірет,көңіл-күй ,он саусағынан өнер тамған, өнерліге өріс кең, тамаша өнер, керемет сезім, нағыз туынды, жүрек қылын шертеді, өнерлі-өрге жүзер.