Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Күй құдіреті " 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектебі |
Абай таныдағы №90 орта мектеп |
||||||
Бөлімі |
Қазақ халқының музыкалық мұрасы |
||||||
Педагогтің аты жөні: |
Н.Рахманберген |
||||||
Күні: |
13.10 2023 жыл |
||||||
Сынып: |
5 а |
Қатысқандар саны:24 |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Күй құдіреті |
||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
|
||||||
Сабақтың мақсаты: |
|
||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) |
Педагог әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Сәлемдесу. Жағымды күйге келу Сабақтың мақсатымен танысады. Ақындар айтысы түрлері Бәдік айтысы Жар-жар айтысы Жұмбақ айтысы Ақындар айтысы Түре айтыс,Сүре айтыс туралы мағұлмат 1-тапсырма Ақпаратпен танысу және зерттеу Қазақ халқының бізің дәуірімізге дейінгі сақталып қалған асыл мұрасы күй өнері. Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән күйлер өмірмен бірге қайнап ауыздан ауызға ,қолдан қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл күйі мен арманын қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жетіп келген назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыкаға ғана емес мәдени байлығы рухани азығы болып отыр. Күй домбырада және басқа аспаптарда орындалады.Ал бүгін біз сендермен күйдің екі түрімен танысамыз.Олар төкпе және шертпе күйлер. Төкпе күй дегеніміз оң қолдың саусақтары бірігіп, жоғары төмен серпіліп орындалатын күй. Шертпе күй дегеніміз оң қолдың саусақтарымен шертіліп ойналатын күй. Бейнежазбаны тамашалайық. 2-тапсырма. Тыңдау және талдау. Балалар бүгін біз атақты күйшілер төкпе күйдің және шертпе күйдің негізін қалаушы Құрманғазы Сағырбай ұлы мен шертпе күйдің негізін қалаушы Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылығымен танысатын боламыз. Қ.Сағырбайұлы қазақтың атақты күйшілерінің бірі. Туып өскен жері: Орал облысының Жаңа қала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келген. Өнерімен белгі қалдырып отырған. Оның «Қызыл қайың» , «Адай», «Сарыарқа» сынды күйлері бар. Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Дастар тауының етегінде дүниеге келген. Бұл жер қазіргі Абай атындағы кеңшардың Мыржық деп аталатын ауылына қарасты – Қызылжал қыстауы. Қызылжал қыстауын Мөшеке бұлағы деп те атайды. Мөшеке – Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небәрі 45 жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды. Бейіті Қарқаралы ауданының жерінен ағатын Түндік өзенінің бойында, Бабалы мен Арқалық тауларының ортасында, «Арқалық» кеңшарынан 12 шақырым жерде. Тәттімбет дәулетті әулеттен шыққан. Қарқаралы округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842-1854 жылдар аралығында болыс болған. 1855 жылы Ресей патшасы Александр ІІ-нің таққа отыру рәсіміне шақырылып, Петербургке барған. Қазақтың күй өнерінде Тәттімбеттің «Саржайлау», «Қосбасар», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Көкейкесті», «Бес төре» сияқты ондаған күйлері классикалық үлгідегі мұра ретінде ұлттың рухани мақтанышына айналған. Қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына Тәттімбет күйлерінің шапағаты зор. Құрманғазы күйлерінің бірі «Адай» күйін тыңдаймыз. Сұрақ: -«Адай» күйінің үш нұсқасының қайсысы көбірек саған ұнады және неліктен? -Қалай ойлайсың «Адай» күйі тыңдармандарға қалай әсер етеді? -« Адай» күйіне қандай бейнекөрініс дайындауға болады? Күй тыңдаймыз «Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлау» 3-тапсырма.Ән үйрену «Күй-домбыра» Әнін жазған Т. Тоқжанов Өлеңін жазған А. Рахметов. Рефлексия: -Мен не білдім? - Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым |
Оқушылар сәлемдеседі. 1-тапсырма бойынша күй туралы ақпаратпен танысады. Бейнероликті тамашалайды 2-тапсырма бойынша күй жанрын дамытөқан Құрманғазы мен Тәттімбет күйшілердің өмірі мен шығармашылығымен танысады Сұрақтарға жауап береді «Адай» күйін Үш нұсқада тыңдап талдайды. 3-тапсырма бойынша оқулықта берілген «Күй-домбыра» атты әнді үйренеді |
ҚБ Мадақтау Бір-бірін бағалйды |
Музыка оқулығы Фоно хрестоматия слайд
Құрманғазы Сағырбайұлы
Тәттімбет Қазанғапұлы |
Домбыра аспабында орындалатын күйлер негізгі екі топқа, төкпе күйлер мен шертпе күйлерге бөлінеді. Төкпе күй дегеніміз оң қолдың саусақтары бірігіп, жоғары төмен серпіліп орындалатын күй.
Шертпе күй дегеніміз оң қолдың саусақтарымен шертіліп ойналатын күй.
Төкпе күйлер Батыс Қазақстанда, ал шертпе күйлер Арқа, Жетісу мен Қаратау өңірлерінде көп орындалады.Төкпе күйдің атасы атанған Құрманғазы. Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері – Құрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір және тағы басқалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді. Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бөлініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі орындаушылық мектептер құрайды. Мұндағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар. Мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің орындаушылық үрдістері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыстау өңірінің күйлері де өзіндік орындаушылық дәстүрімен айрықша құрылымдық, орындаушылық мәнерлерді байқатады. Шертпе күйлер ән негіздес өте сазды, кұрылысы шағындау болып келеді. Күй әуені екі ішекте кезек орындалып, көбінесе бірдауыстылығы басым болады. Бұл күйлердің ежелден қалыптасқан қағыс қағу, саусақ басу тәртібі бар. Шертпе күйдің атасы атанған күйші-Тәттімбет.Шертпе күй мәнерінің көрнекті өкілдері – Байжігіт, Тәттімбет, Сүгір, Тоқа, Дайрабай, Баубек, Әбди, Төлеген және т.б. Шертпе күйлердің өзі мазмұндық, орындаушылық ерекшеліктеріне орай, бірнеше мектептерден тұрады. Олар Арқа, Қаратау, Жетісу, Алтай мектебі деп аталады.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келген.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы.
Құрманғазының әкесі Сағырбай өнерден алыс, қақ-соқпен ісі жоқ, қарапайым шаруа адамы болатын. Шешесі Алқа адуынды, бірбеткей, ер мінезді кісі болған, той-домалақта күресетін палуан әйел атаныпты
Құрманғазы жастайынан жұрт назарына ілікті. Оны күй өнеріне баулыған әрі алғашқы ұстазы Ұзақ күйші болатын.
Аяусыз азап пен қитұрқы саясатқа бар болмысымен қарсы шыққан күйшінің жарты ғұмыры айдауда өтті. Құрманғазы алты рет абақтыға қамалып, босап шыққан. Өмірінің соңғы күндерінде тыныш өмір сүріп, өзі тұрған жерде 1889 жылы қайтыс болады. Топырақ бұйырған орны – "Құрманғазы төбесі" аталған, бұрынғы "Шайтани батага", Ресейдің Астрахань облысы.
Бізге дейін Құрманғазының 60 күйі жеткен.
Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Дастар тауының етегінде дүниеге келген. Бұл жер қазіргі Абай атындағы кеңшардың Мыржық деп аталатын ауылына қарасты – Қызылжал қыстауы. Тәттімбет небәрі 45 жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды. Бейіті Қарқаралы ауданының жерінен ағатын Түндік өзенінің бойында, Бабалы мен Арқалық тауларының ортасында, «Арқалық» кеңшарынан 12 шақырым жерде.Тәттімбет дәулетті әулеттен шыққан. Қарқаралы округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842-1854 жылдар аралығында болыс болған. 1855 жылы Ресей патшасы Александр ІІ-нің таққа отыру рәсіміне шақырылып, Петербургке барған.Қазақтың күй өнерінде Тәттімбеттің «Саржайлау», «Қосбасар», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Көкейкесті», «Бес төре» сияқты ондаған күйлері классикалық үлгідегі мұра ретінде ұлттың рухани мақтанышына айналған. Қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына Тәттімбет күйлерінің шапағаты зор.