Материалдар / Ашық сабақ "Квадрат үшмүше" 8 сынып

Ашық сабақ "Квадрат үшмүше" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
429
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 Дінмұхамет Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы




Ашық сабақ

Тақырыбы:


Квадрат үшмүше.









Пән мұғалімі : Алмасбекова Н.

Сыныбы 8 «Ә»














Қордай – 2020 жыл





Мектеп: №1 МГ

Күні: 10.12.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Алмасбекова Н.К.

Сынып: 8 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Квадрат үшмүше

Cабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;

8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алады;

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді.


Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін біледі;

  • Квадрат үшмүшеден толық квадратты бөліп алады;

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге әртүрлі тәсілдермен жіктейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Квадрат үшмүшенің жіктелуі жайлы ой-толғаулар жүргізеді, квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу есептерінің шешуін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Квадрат үшмүше, квадрат үшмүшенің түбірі, еселі түбір, квадрат теңдеу, бірінші/екінші коэффициент, босмүше, квадрат үшмүшені жіктеу, екімүшенің квадратын квадрат үшмүшеден бөліп алу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Квадрат үшмүшенің түбірі деп ...

Квадрат үшмүшенің түбірлерін табу үшін ...

Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болса, онда …

Егер квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу мүмкін болса, онда …

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге болмайды, егер ...

Құндылықтарды дарыту


Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия. Өмірмен байланыс

Бастапқы білім


7 сынып курсынан оқушылар қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолданады, көпмүшелерді көбейткіштерге жақшаның сыртына шығару, топтастыру әдісі арқылы жіктей алады.

Оқушылар бұрын квадрат үшмүше ұғымын оқыды, оның анықтамасы мен түбірлерін табуды біледі.

Білімді белсендіру кезеңінде теориялық материалды қайталау сұрақ-жауап, көпмүшелерді көбейткіштерге жақшаның сыртына шығару, топтастыру әдісі арқылы жіктеуге арналған тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


0-2 мин







2-7 мин



8-14мин



  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар слайдтағы «4 сурет 1 сөз» ойыны арқылы тақырыпты өздері айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  1. Оқушылардың білім мен біліктерін белсендендіру.

Өткен материал бойынша оқушылардың оқылған материалын тексеру мақсатында теория бойынша сұрақ-жауап өткізіледі.


Сұрақтар:

  1. Квадрат үшмүше деп не айтылады? Мысалдар келітіріңіз.

  2. Қандай квадрат үшмүше келтірілген деп аталады? Қайсысы келтірілмеген?

  3. Квадрат үшмүшенің түбірлерін қалай табуға болады?

  4. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілдерін білесіз?


Мұғалім «жіктеу/жіктелу» ұғымының басқа облыстарда кездесуі жайлы мағлұмат береді.




Презентация









Презентация






Қосымша 1

Презентация


Сабақты ортасы

15-30











Жаңа сабақ.

Қайталау тапсырмалары.

Оқушыларға көпмүшені ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтастыру әдістері көмегімен көбейткіштерге жіктеу дағдыларын белсендендіруге бағытталған есептерді шешу үсынылады.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар презентациядағы дайын жауаптар арқылы өзара тексеруді орындайды. Мұғалім кейбір оқушылардан көбейткіштерді жіктеуде қолданылған әдістер туралы сұрай алады. Қажеттілігінше мұғалім оқушылардың жауаптары мен шешімдерін түзете алады.


Дескриптор: Білім алушы

- Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады.

- Квадрат үшмүшенің түбірлерін дұрыс табады;

- Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады


Проблемелық жағдай туғызу

бөлшегін қалай қысқартуға болады?


«Білім биржасы». Дамытушылық деңгей:

Параметрдің қандай мәнінде квадрат үшмүше екімүшенің толық

квадраты болады?

p

)

4 ) 0,36 +dx+4

Дескриптор: Білім алушы

- Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады.

Топтық жұмыс. Мұғалім оқушыларға ең алдымен келтірілген квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды ұсынады. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Берілген үлестірмелерді қолданып, барлық жауаптарды бос ұяшықтарға толтырып ұсынулары керек.



Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жауаптарын және шешімдерін бағалайды, содан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды, жіктеу кезіндегі қиындық туғызған сәттерді айқындайды. Жауаптар презентацияда көрсетіледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Келтірілген квадрат үшмүшені көбейткіштерге дұрыс жіктейді.


Осыдан кейін оқушыларға келтірілмеген квадрат үшмүшелерді көбейткіштерге жіктеу ұсынылады.





Презентация

Слайд2













Презентация

Слайд 11-12






Презентация

Слайд




Презентация

Слайд

Сабақтың соңы

31-37мин



38-40мин




  1. Сабақты қорытындылау.

  2. Үй тапсырмасы

Презентация




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ