Музыка 4
сынып
Сабақтың тақырыбы:
Еуропаның
атақты опера театры «Ла Скала»
Мақсаты:
• Еуропаның Ла Скала театрымен, оның
мәдениетімен таныстыру.
• Музыка тыңдау
арқылы оқушылардың есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін
дамыту.
• Музыкаға қызығушылығы мен ынтасын ояту. Ән
айту дағдыларын қалыптастыру.
Пәнаралық
байланыс: дүниетану
Көрнекілік
құралдары: үнтаспа, театрдың
суреті,
слайд
Сабақтың түрі:
жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі:
психологиялық
тренинг, түсіндіру, сұрақ - жауап,
І.
Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу, сабаққа дайындықтарын
тексеру.
Психологиялық
тренинг:
Армысың шапағатты
күніміз,
Армысың мейірімді
жеріміз.
Жүрегіміз саз әуенді
қалаған.
Асыл өнер жанашыры
біздерміз!
Сыныпты түрлі-түсті ленталар арқылы топқа
бөлу.
Топтардың
ұраны:
«Алғырлар» Озып шығып бәйге
аламыз
Аты аңызға
айналған
«Алғыр» бала
атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Жас
өрен» Қандай сынақ болса дағы
беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру: Опералық театр тарихы туралы түсініктерін
сұрау.
1топ: Опера тарихын
түсіндіру
2 топ: Опера шығармаларын
атау
3 топ: Суреттермен
әңгімелеу
ІІІ. Жаңа
сабақты түсіндіру.
"Ла Скала"
театры - әлем мойындаған өнер
ордасы
«Ла Скала»
(италиян тілінде Teatro alla Scala или La Scala) — Милан
қаласындағы опера театры. Театр ғимараты 1776 - 1778 жж. сәулетші
Джузепе Пьермаринидің жобасымен Санта - Мария делла Скала
шіркеуінің орнына салынған. 1778 жылы 3 тамызда театр Антонио
Сальери «Признанная Европа» операсымен ашылды. 2001 жылы Ла - Скала
қайта жөндеуге жабылып, барлық қойылымдар Арчимбольди театрына
көшірілді. 2004 жылы қойылымдар есік ғимаратта жалғасты,
Арчимбольди театры Ла - Скало театрымен тығыз
байланыста.
ТарихыXVIII
ғасырдың соңында XIX ғасырдың басында театр репертуарында итальян
сазгерлері П. Анфосси, П. Гульельми, Д. Чимарозы, Л. Керубини, Дж.
Паизиелло, С. Майра опералары
болды.
Театр
сахнасында Дж. Россинидің «Пробный камень» (1812), «Аврелиан в
Пальмире» (1813), «Турок в Италии» (1814), «Сорока - воровка»
(1817), Дж. Мейербераның «Маргарита Анжуйская» (1820), «Изгнанник
из Гренады» (1822), Саверио Меркадантенің шығармаларының
премьералары өтті.
1830 жылдан
бастап театр репертуарында Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди, Дж.
Пуччини шығармалары, сонымен қатар, «Пират» (1827) и «Норма» (1831)
Беллини, «Лукреция Борджа» (1833) Доницетти, «Оберто» (1839),
«Набукко» (1842), «Отелло» (1887) и «Фальстаф» (1893) Верди, «Мадам
Баттерфляй» (1904) и «Турандот» Пуччини шығармалары
енгізілді.
Екінші
дүниежүзілік соғыс кезінде театр ойрандалып, 1946 жылы инженер Л.
Секки қайта қалпына келтіріп, театр
ашылды.
Ла Скала опера
театры неоклассикалық стилдің үлгісі, ал ішкі жағы XVIII ғасырдың
сәулет өнерінің эталоны болып табылады. Музыка, опера және балет
өнеріне құмар жандар бұл театрды әлемнің жеті кереметінің бірі деп
есептейді.
Ла Скала
театрының концерттік маусымы желтоқсан - маусым аралығында өтеді.
Күзде театрда симфониялық кештер өткізіледі. Маусым салтанатты
түрде 7 желтоқсанда Милан жебеушісі Ардақты Амвросия күнінде
ашылады.
Қойылымдарға
билет алу өте қиын. Билет сату алдын ала интернет немесе арнайы
тапсырыс беру арқылы
өткізіледі.
Ақсүйек қауым
өткен ғасырлардағыдай театрдағы ложаны қалайды. Саудагерлер мен
қалталы американдықтар «Т аймағындағы» партерді
таңдайды.
Ал нағыз
өнерсүйер қауым жоғарғы қатардағы орындарға жайғасады. Себебі,
дыбыс акустикасы жақсы естіледі. Білгірлерді атауынша, «C - point»
атты арнай нүктеге қадалып, Мария Каллас өз даусының зор
мүмкіндіктерін сол жаққа қарай
бағыттайды.
Театр
әкімшілігінің талабы бойынша премьералық қойылымдарға ер азаматтар
қара түсті костюм мен галстук тағып келуге міндетті. Ал ханымдар
кешкі көйлек пен ішіктерде кіре алады. Ұялы телефон, фотоаппарат,
бас киім, қолшатыр гардеробқа
өткізіледі.
Ла Скала
сахнасында әлемге танымал итальян және шетел опера жұлдыздары өнер
көрсеткен. Олар XX ғасыр әртістері Э. Карузо, Титта Руффо, де Лука,
Т. Скипа, Б. Джильи, Г. Бензанцони, М. Канилья, М. Дель Монако, М.
Каллас, Р. Тебальди, Б. Христов, Ф. Корелли, Ф. Шаляпин, Л.
Собинов.
Ән айту: «Батыр
бабам»
- толық мұғалім
орындау
- сөзін
жаттату
- әнімен толық
үйрету.
ІV. Жаңа
білімді бекіту:
1топ: Сөз
жұмбақ
2 топ: Ла Скала опера театрының тарихы туралы
түсінгендерін айту
3 топ: театр шығармаларын
талдау
Барлық топтар бірге «Батыр бабам» әнін хормен
орындау.
V. Үйге
тапсырма: Батыр бабам әні Сазды ребустар құру. Мәтіннен
түсінгенін айту.
Бағалау
Оқушылар жұмысына жалпы
сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;
Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын
көрсету
Сабақты ойша зерделейді;
Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы
күнделіктеріне бағаларын
қойғызады.