Ашық сабақ "Ла Скала театры"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ла Скала театры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО,Тарағатай ауданы,Тана мырза орта мектебінің музыка пәні мұғалімі

Байназарова Жанар Алкеновна

Музыка 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Еуропаның атақты «Ла Скала» опера театры


Мақсаты:
• Еуропаның Ла Скала театрымен, оның мәдениетімен таныстыру.
• Музыка тыңдау арқылы оқушылардың есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
• Музыкаға қызығушылығы мен ынтасын ояту. Ән айту дағдыларын қалыптастыру

Көрнекілік құралдары: үнтаспа, театрдың суреті
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: психологиялық тренинг, түсіндіру, сұрақ - жауап,
І. Ұйымдастыру бөлімі. тексеру
Амандасу, сабаққа дайындықтарын.
Психологиялық тренинг:
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Жүрегіміз саз әуенді қалаған.
Асыл өнер жанашыры біздерміз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Опералық театр тарихы туралы түсініктерін сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
"Ла Скала" театры - әлем мойындаған өнер ордасы
«Ла Скала» (италиян тілінде Teatro alla Scala или La Scala) — Милан қаласындағы опера театры. Театр ғимараты 1776 - 1778 жж. сәулетші Джузепе Пьермаринидің жобасымен Санта - Мария делла Скала шіркеуінің орнына салынған. 1778 жылы 3 тамызда театр Антонио Сальери «Признанная Европа» операсымен ашылды. 2001 жылы Ла - Скала қайта жөндеуге жабылып, барлық қойылымдар Арчимбольди театрына көшірілді. 2004 жылы қойылымдар есік ғимаратта жалғасты, Арчимбольди театры Ла - Скало театрымен тығыз байланыста.
ТарихыXVIII ғасырдың соңында XIX ғасырдың басында театр репертуарында итальян сазгерлері П. Анфосси, П. Гульельми, Д. Чимарозы, Л. Керубини, Дж.
Паизиелло, С. Майра опералары болды.
Театр сахнасында Дж. Россинидің «Пробный камень» (1812), «Аврелиан в Пальмире» (1813), «Турок в Италии» (1814), «Сорока - воровка» (1817), Дж. Мейербераның «Маргарита Анжуйская» (1820), «Изгнанник из Гренады» (1822), Саверио Меркадантенің шығармаларының премьералары өтті.
1830 жылдан бастап театр репертуарында Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди, Дж. Пуччини шығармалары, сонымен қатар, «Пират» (1827) и «Норма» (1831) Беллини, «Лукреция Борджа» (1833) Доницетти, «Оберто» (1839), «Набукко» (1842), «Отелло» (1887) и «Фальстаф» (1893) Верди, «Мадам Баттерфляй» (1904) и «Турандот» Пуччини шығармалары енгізілді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде театр ойрандалып, 1946 жылы инженер Л. Секки қайта қалпына келтіріп, театр ашылды.
Ла Скала опера театры неоклассикалық стилдің үлгісі, ал ішкі жағы XVIII ғасырдың сәулет өнерінің эталоны болып табылады. Музыка, опера және балет өнеріне құмар жандар бұл театрды әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептейді.
Ла Скала театрының концерттік маусымы желтоқсан - маусым аралығында өтеді. Күзде театрда симфониялық кештер өткізіледі. Маусым салтанатты түрде 7 желтоқсанда Милан жебеушісі Ардақты Амвросия күнінде ашылады.
Қойылымдарға билет алу өте қиын. Билет сату алдын ала интернет немесе арнайы тапсырыс беру арқылы өткізіледі.
Ақсүйек қауым өткен ғасырлардағыдай театрдағы ложаны қалайды. Саудагерлер мен қалталы американдықтар «Т аймағындағы» партерді таңдайды.
Ал нағыз өнерсүйер қауым жоғарғы қатардағы орындарға жайғасады. Себебі, дыбыс акустикасы жақсы естіледі. Білгірлерді атауынша, «C - point» атты арнай нүктеге қадалып, Мария Каллас өз даусының зор мүмкіндіктерін сол жаққа қарай бағыттайды.
Театр әкімшілігінің талабы бойынша премьералық қойылымдарға ер азаматтар қара түсті костюм мен галстук тағып келуге міндетті. Ал ханымдар кешкі көйлек пен ішіктерде кіре алады. Ұялы телефон, фотоаппарат, бас киім, қолшатыр гардеробқа өткізіледі.
Ла Скала сахнасында әлемге танымал итальян және шетел опера жұлдыздары өнер көрсеткен. Олар XX ғасыр әртістері Э. Карузо, Титта Руффо, де Лука, Т. Скипа, Б. Джильи, Г. Бензанцони, М. Канилья, М. Дель Монако, М. Каллас, Р. Тебальди, Б. Христов, Ф. Корелли, Ф. Шаляпин, Л. Собинов.
Ән айту: «Батыр бабам»
- толық мұғалім орындау
- сөзін жаттату
- әнімен толық үйрету.

ІV. Жаңа білімді бекіту: Сөз жұмбақ
V. Үйге тапсырма: Батыр бабам әнін жаттау
VІ. Сабақты қортындылау











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі