Материалдар / Ашық сабақ. Лабиринт. Виртуальды лабиринт. Лабиринттен шығу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Лабиринт. Виртуальды лабиринт. Лабиринттен шығу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен жас ұстаздарға арналған көмегім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
337
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Пәні: Информатика
Сынып: 5 «В»
Мұғалім: Исмагулова С.М.

Сабақтың тақырыбы: Лабиринттен шығуды табу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: орындаушыларға және командалар жүйесіне мысал келтіре алады.
Көпшілік оқушылар: орындаушы мен командалар жүйесін анықтай алады.
Кейбір оқушылар: лабиринттен шығу жолдарын табу
Бағалау критерийі: Білім алушы:
Орындаушыларға және командалар жүйесіне мысал келтіре алады.
Орындаушы мен командалар жүйесін анықтайды.
Лабиринттен шығу жолдарын біледі.
Тілдік мақсаттар: Алгоритм, команда жүйесі.
Пәнаралық байланыс: Математика-логикалық есептерді шешу.
Бейнелеу-графикамен жұмыс.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә)сыныпқа жағымды ахуал туғызу;
ІІ.Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Шаттық шеңбер» әдісі бойынша жақсы тілек айту.
Сынып оқушыларын компьютердәі құрылғылары қиындылары арқылы топқа бөлу
«Монитор» тобы
«Принтер» тобы
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
а) «БілімЛенд» білім ресурсы арқылы оқушыларға тапсырмалар беріледі.
-Алгоритм дегеніміз не?
-Алгоритм ұғымын ашқан кім?
-Алогритм қасиеттерін атаңыздар
-Таралу жолдары
ә) «БілімЛенд» білім ресурсы.Тест
ІІІ.Жаңа сабақ тақырыбы: «Лабиринттен шығуды табу»
«Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі бойынша екі топ бір-бірімен ақпарат алмасады.
«Монитор» тобы: Қарапайым лабиринт
«Принтер» тобы: Виртуалды лабиринт
(екі топ оқушыларына плакат, лабиринт қиындылары мен қайшы, клей беріледі)
Білу. «Білгеніңді бөліс» Оқулықпен жұмыс.
«Монитор» тобы
Лабиринт атауын қалай түсінесіңдер?
«Принтер» тобы
Лабиринттен шығу алгоритмін құрастыру /кітаптан 68 сурет/
Кітапта берілген сурет бойынша балалардың қайсысы лабиринттен дұрыс жолды тауып
флэш жадыға бірінші болып келеді екен?


Page 2

«Түсіну». Компьютермен жұмыс
Екі топ тақтада ілініп тұрған жасырын жұлдыз таңдау арқылы тапсырмаларды
компьютерде орындайды.
Тапсырма:
«Қызыл телпек»
«Дара және оның достары»
4 кілт сөз арқылы ы алгоритм тілі бойынша лабиринттен шығару.
Серіту сәті. GGGame онлайн ойын сайты арқылы ұқсастықты табу
« Конверттер сөйлейді». Деңгейлік тапсырмалар
Оқушыларға үш түсті жолаұтан тұратын конверт беремін. Әр оқушы өз деңгейлеріне
қарай тапсырманы таңдап алады.

«Сары түсті» - А деңгей
Қонжықты балға жеткізу алгоритмін құрыңдар

Оқушының аты-жөні:________________________
«Жасыл түсті»- Б
Араны гүлге жеткізу алгоритмін құрыңдар
Оқушының аты-жөні:________________________
«Қызыл түсті»- С деңгейлер
Суретті бояп, балықты суға жеткізу алгоритмін құрыңдар
Оқушының аты-жөні:________________________


Page 3

«Кім жылдам» ойыны . Тақтамен жұмыс.
Плакатқа салынған суреттер бойынша екі топтағы оқушылар тақтаға жарыса шығып
лабиринттен шығу жолын биле отырып алгоритм жазу жолын құрайды.
«Бенн диаграммасы». Салыстыру.

Үйге тапсырма. «Лабиринттен шығуды табу»
6 жаттығу.
Рефлексия.
Кері байланыс. «Аяқталмаған сөйлемдер»
Оқушының аты-жөні________________________________
Сыныбы: ____________________
Мен бүгін білдім ..... Мен бүгін сезіндім ....Мен келесі сабақта білгім
келеді ....


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!