Материалдар / Ашық сабақ Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін жіне болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2020
446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы


Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін жіне болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.

Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті.

Көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалады.

Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені

жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың

ішінде латын әліпбиін дүние жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден

белгілі. Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан

еніп кеткен. Оны еліміздегі кез-келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі.

Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде толып жатқан тиімді тұстарын

Көрсетуге болады. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық

ақпараттар мен иновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында

білім алуға мүмкіндігің мол. Осы орайда,латын әліпбиіне көшуді шет тілдерін жоғары дәрежеде игерумен байланыстыруға болады.

Қазақ тілінің жетілуі заман талабына сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім.

Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқы түркі халықтары сияқты 4- 5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап

Зиялылар, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин ағартушылар,қазақтың ұлттық

Жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады.Қазақ жазуы – қазақ тілінің әріп таңбаларының тұратын жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазақтар әр түрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олардың алғашқысы қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына ортақ болған руна жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралары сақталған. V-XII ғасырларда қамтитын руна жазуы Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылып отыр.

Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың өмір сүрген географиялық орындарын көрсетеді. VIII-IX ғасырларда қазақ даласына мұсылман дінінің келуі - араб жазуын ала келді. Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін сақталып келді. Яғни осы тұсқа дейін жазылған еңбектер араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім сияқты ұлы тұлғалар қолданды. XX ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына орай бейімдеп, қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттер білім алды. Мағжан, Абай, Мұхтар секілді алыптарды еңбектері осы әліпби негізінде жазылды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіргі қолданыстағы кирилицаға негізделген әліпби қолданылуда. Қазіргі кезде мемлекетіміз латын әліпбиіне көшуге қызу дайындық үстінде. Латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты мемлекеттердің тәжірбиесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің орны бөлек. Сондықтан латын әліпбиіне көшу мәселесі кезек күттірмейтін мүндет. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мемлекеттеріне қарай араб, латын, кирилица таңбаларына негізделген әліпбиді қолдануда.

Осы тұрғыдан келгенде ортақ әліпбидің болы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне оң ықпал тигізетіні бұған дейін сан мәрте айтылды. Оны бүгін қайта дәлелдеудің қажеті де жоқ. Елбасы тапсырмасына сай бүгінгі таңда латын графикасына көшу жұмысы соңғы дайындық мезгіліне жақындап келеді. Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Бұл дегеніміз – білім, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады. Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласының басым бағыттарының бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру.

Қазір қолға алып жатқан дүниенің бәрі біз үшін емес, кемел келешек жолында жасалып жатқан ауқымды іс. Олай болса Елбасының сындарлы саясатын қолдап, бірлік, білім, еңбекті ұштастырып, ортақ межеге қол жеткізуге атсалысуымыз керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!