Материалдар / Ашық сабақ .Лирикалық күймен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ .Лирикалық күймен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектеп мұғалімдеріне пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2019
637
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аты – тегі: Төремұратова Нұргүл Тынышбайқызы Туған жылы :06.02.1983жЖұмыс орны :Шалқар ауданының Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі Мамандығы: Домбыра класының мұғалімі Білімі: Жоғары Еңбек өтілі: 12жыл Санаты : ІБайланыс тел : 87055385982 индекс : 031200Мекен-жайы: Ақтөбе облысы ,Шалқар қаласы ,Байланыс көшесі 21 үй.

Сабақтың тақырыбы: «Лирикалық күйдің ерекшелігі» 4 сынып оқушысы Сидақова Дана Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Лирикалық күй туралы түсінік беріп,күйді еркін , шебер ойнай білуін қалыптастыру.Күйшінің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.Дамытушылық: Оқушының күйде кездесетін қағыстардың орындалу ерекшеліктерін меңгеру, есте сақтау қабілетін дамыту,Б.Басығараев күйінің орындалу әдісін жетілдіру.Тәрбиелік: Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне,жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу,рухани жан дүниесін байыту.Сабақтың түрі :Жаңа сабақ.Сабақтың көрнекілігі: Буклет, плакаттар Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.2.Үй тапсырмасын тексеру: Қол жаттықтыру мақсатында гамма ойнату.Н.Тілендиев «Әлқисса» жатқа ойнау.Мұғалімнің сөзі: Қазақтың күй өнері өзінің дәстүрлік ерекшелігіне,орындалуы жағынан, қағыс түрлеріне қарай төкпе күйлер, шертпе күйлер деп бөлінсе, жанр бойыншада бірнеше топқа бөлінеді: халық күйлері, тарихи күйлер,айтыс –тартыс күйлер, арнау күйлер, аңыз күйлер, лирикалық күйлер.Үйге берілген «Әлқисса»күйі шертпе күй болса,бүгінгі өтетін күй осы жанрдың ішіндегі лирикалық күйге жатады.



Жаңа сабақ: «Лирикалық күйдің ерекшелігі» Б.Басығараев «Толқында» Лирикалық күйлер ерекшелігі сыршылдық , нәзік сезім ,жан тебірентерлік назға, қуаныш пен махабат лирикасына толы боп келеді. Қазақтың қай күйін алып қарасақта өздерінің көңіл күйлерін ,нәзік сезімдерін,қос ішекті домбыра үнімен білдіріп отырған.Басығараев Бақыт Шаңбатырұлы 1926 жылы14 қаңтарда Қызылорда облысы,Арал ауданындағы Құланды аулында ,балықшының отбасында дүниеге келген.Мектепте оқып жүргенде Дәулеткелді,Әбдіғали, Жұмалы атты домбырашылардан Қазанғап күйлерін үйренген.Қазанғаптың күйшілік өнерін жалғастырып,насихаттап кейінгі ұрпаққа жеткізуші Бақыт атамыздың да өзінің шығарған екі күйі бар «Аманғосым аман бол», «Толқында»деген. «Толқында» күйінің шығуына өз тағдыры себепкер болған. Бала күнінде ол балықшы әкесі Шаңбатырмен бірге теңізге шығып, жағадан 30 шақырымдай әрі кеткенде, дауылға ұрынып, қайық батып-шығып, әкесі арпалыса жүріп, жағаға әзер жетеді. Осылай бір ажалдан аман қалғанын кейін әкесінің аузынан сан рет естіген екен. Бір жағынан, «Толқында» күйін ол өзін ажалдан аман алып қалған әке аруағына арнап шығарған. Қазір осы «Толқында» күйін Бақыт атамыздың орындауында үнтаспадан тыңдап көрейік.Сергіту сәті: Б.Басығараев «Толқында» үнтаспадан тыңдату.Дамыту:«Толқында» күйінің өлшемі күрделі,5/8, кей жерде ауыспалы 6/8,7/8 болып келеді. Кілтте си b бар,кездесетін қағыс түрлері триольдар , ПVV төмен, жоғары ,сұқ саусақпен жоғары ойналады. Бақыт атамыз күйлерінде көбіне Қазанғап күйлерінде кездесетін сүйретпе қағыстар кездеседі. Бекіту : Б.Басығараев қайда дүниеге келген? Өзінің шығарған күйлерін ата? Лирикалық күйдің ерекшелігі неде? «Толқында» күйінің шығу тарихы қандай ? Күйде қандай штрихтар кездесті? Қорытындылау : Бүгінгі сабақта лирикалық күймен танысып оның ерекшелігін білдік. Б.Басығараев атамыздың өмірімен, күйлерімен соның бірі «Толқында » күйімен таныстыра отырып,кейінгі ұрпаққа насихаттап жеткізу,біздің парызымыз.

Үйге тапсырма : Күйді берілген жеріне дейін жүргізіп ойнау.Бағалау: Жақсы Өте жақсы.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!