Ашық сабақ Литосфералық катаклизмдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Литосфералық катаклизмдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақта тиімді әдіс -тәсілдер қолданылған, әріптестеріме пайдасы тисін деген оймен бөлісіп отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

3. Физикалық география

3.1 Литосфера

Педагогтің аты-жөні:

Ахмет А.

Күні:

17.10.23.

Сыныбы:7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Литосфералық катаклизмдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.4 дүние жүзінде және Қазақстанда литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді

7.3.1.5 қазақстандық компонент негізінде литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіреді

Сабақтың мақсаты

литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді;

жергілікті компонент негізінде литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіреді;

жер сілкінісі болған аудандарды картадан көрсетеді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.


Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

.Оқушыларды топтарға біріктіру.

Флешкалар арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі флешкалар таратылады. Өздерінің қалаған флешкаларын алып топтасады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.























Үлестірмелер

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Катаклизм» ұғымын қалай түсінесіңдер?



Литосфераға қандай катаклизм тән?



Жер сілкінісі деген не?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Оқушыларға пазлды тарата отырып,жаңа сабақтың тақырыбын,

мақсатын түсіндіру

Ұжымдық жұмыс:

Оқушылар пазлды құрастыраотырып, жаңа ақпаратты ұжымдық үлгіде тақылайды.

Дескриптор:

Жалпы -2 балл:- Пазлды құрастырады

-Талқылайды.

-Пікір алмасады.

Оқулық,

жұмыс дәптерлері,

пазылдар

Жеке жұмыс

«Қолдану және сараптау» деңгейіндегі тапсырмаларды орындатады.



Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.

Тапсырма:

1.Жер бетіндегі жер сідкінудің себебін ауызша айтып беріңдер.

2.Жер сілкінісі болған аудандарды картадан көрсетіңдер.

3.Жарты шарлар картасынан Жердің негізгі сейсмикалық белдеулерін көрсетіп, сипаттама беріңдер.

Дескриптор:

Жалпы -3 балл:

- Бірінші тапсырманы орындайды.

- Екінші тапсырманы орындайды.

- Үшінші тапсырманы орындайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері,

атлас,кескін карталар

оқулық суреттері

көрнекіліктер

Жұптық жұмыс.

«Синтездеу және Бағалау» деңгейіндегі тапсырмаларды орындатады.



Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.

Тапсырма: 1.Не себепті Жер бетіндегі тектоникалық белсенді аймақтар тақталардың түйіскен жерінде орналасқан және ондағы байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер. 2.Сейсмология ғылымының маңыздылығын мысалмен түсіндіріңдер. 3.Ірі құрылыс салу кезінде не себепті жергілікті жердің сейсмикалық жағдайын ескеру қажет?

Дескриптор:

Жалпы -4 балл.

- Бірінші тапсырманы орындайды.

- Екінші тапсырманы орындайды.

- Үшінші тапсырманы орындайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия


«Білім қол шатыры» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар сабақты түсінгендігін қолшатыр түстері арқылы айқындайды.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.

.




Қолшатыр




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2023
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі