Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Маркетингтік шараларды жүзеге асыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ
Бекітемін Директордың оқу жұмыстары
жөніндегі орынбасары
Г.С.Каденова __________
«__» ______2018жыл
Келісілді
Колледж әдіскері:
_______А.Қ.Рахметова
«_____» сәуір 2018ж.
АШЫҚ САБАҚ
Пәні: Менеджмент және маркетинг негіздері
Тақырыбы: Маркетингтік шараларды жүзеге асыру
Мамандығы: 0518000 «Есеп және аудит»
Семестр 4
Курс 2
Оқытушысы: А.Қ.Қалжанова
«Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары»
циклдік комиссиясында қаралып, мақұлданды.
Хаттама № _ «___» ___ 2016 ж.
ПЦК төрағасы _______ Д.Ж.Серкебаев
Қызылорда, 2018жыл
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Күні: 17.04.2018
Уақыты: 10:00
Курс: 2
Тобы: УА-16\9
Өтетін орны: Дәрісханасы №504В
Пәннің аты: Менеджмент және маркетинг негіздері
1. Сабақтың тақырыбы: Маркетингтік шараларды жүзеге асыру
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін арттыруда құжат өңдеудің кезеңдерін және қалыптасу аспектісін үйретіп, айқындап, түсіндіру.
А) Білімділік: Оқушыларға құжатты бухгалтерлік өңдеудің сипаттамасы мен бағалануы және қалыптасу аспектісін оқытып түсіндіру. Құжат өңдеудің кезеңдерін және міндетін оқушыларға үйрету Құжат өңдеудің концептуалдық негізі мен ережелерін түсіндіріп мағлұмат беру. Республикадағы кәсіпорындарда құжаттармен қамтамассыз ету жайлы айта отырып, оқушыларға құжат айналымы туралы, оны өңдеу мен сақтау,кесте құру жайлы тереңірек білім беру
Б) ой-өрісін дамыту: Экономикалық қазіргі қолданыста болатын жаңа терминдерді меңгерту. Құжатты толтыруды толық игеру. Қосымша тапсырмаларды ұқыпты орындауға дағдылау.
В) Тәрбиелік: Республикамыздың кәсіпорындарының есеп- қисап бөлімдеріндегі
құжат айналымы жайлы айта отырып, оқушыларға құжаттармен жұмыс істеу туралы, оның толтыру тәртібі мен тіркелу реті жайлы тереңірек білім бере отырып, болашақ мамандарды ұқыптылыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу. Экономикалық өсу жағдайына оқушылардың ой жүйесін жетілдіру. Өз жеке пікірі бар ашық ойлы азамат етіп тәрбиелеу. Сапалы жұмыс жасауға бейімдеу.
3. Сабақтың түрі: теориялық
4. Сабақтың типі: аралас
5. Сабақтың өткізілу әдістері: Сайыс түрінде, проблемалық оқыту-логикалық сұрақтар, ситуациялық сұрақтар, түсіндірме жұмысы
6. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, тест, таратпалы материалдар, буклеттер, бейнежазбалар
Пәнаралық байланысы: «Маркетинг негіздері», «Кәсіпорын экономикасы»
7. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- білім алушылармен сәлемдесу;
- аудиторияның тазалығын қадағалау;
- білім алушыларды журнал бойынша түгендеп, әр балаға үлестірмелі қағаздар беру. (1 мин)
1 минуттық эссе. (1-3 тапсырмасын орындайды) 1 мин.
Мен бүгінгі сабақтан не күтемін! ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы» жобасында былай делінген: «...Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:
Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;
Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;
Еңбекке құрмет;
Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;
Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;
Қиындықтан қорықпай табысқа жету;
Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.
Осы құндылықтардың қайсысы сіздің бойыңызда бар екендігін қаншалықты басқа адамдардан естідіңіз? Астын сызыңыз.
-
Сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын
Сіз үшін «Менеджмент және маркетинг» пәні қаншалықты қызық |
|
Келешек өзіңізді кәсіпкер ретінде елестетесіз бе? |
|
-
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
|
|
|
|
|
2. Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру:
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру. Үйге берілген тапсырма оқушылардың түсірген жарнамасына назар аудару және оны талдау
-
«Ми шабуылы». Экономикалық терминдермен жұмыс (5 мин)
Қ |
А |
М |
К |
Н |
Т |
І |
Н |
Қ |
Н |
Н |
М |
А |
Р |
Е |
Е |
Ш |
И |
К |
Г |
Ұ |
А |
Р |
Е |
М |
Ы |
С |
Ә |
Р |
І |
Н |
Р |
К |
Н |
Ж |
Н |
Л |
К |
Ұ |
С |
Ы |
П |
О |
Ы |
Ы |
Е |
Е |
О |
Э |
Ұ |
Ө |
А |
Б |
Қ |
Б |
Д |
Б |
К |
К |
С |
К |
Л |
Н |
Ж |
А |
Р |
Ә |
Ж |
Е |
Т |
С |
Ы |
І |
Ы |
Ғ |
Е |
Ж |
М |
С |
А |
Т |
Н |
П |
Қ |
М |
А |
А |
К |
Е |
Е |
Қ |
У |
О |
Ы |
А |
Б |
З |
Н |
Ң |
Н |
К |
А |
О |
С |
Р |
П |
А |
Қ |
Ш |
Н |
Е |
Т |
Р |
Р |
Т |
А |
Н |
А |
Қ |
Ұ |
А |
-
Үйге берілген тақырып бойынша топ слайд қорғау. (5 мин)
-
Екі топ үйден дайындап келген жарнамаларын қорғайды. (10 мин)
-
Үй жұмысын қорытындылау (бейне жазба) 10 мин
3. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар (50 мин)
Макетингтік шараларды жүзеге асыру
-
Маркетингті жопарлау мәні мен түрлері
-
Маркетингтік стратегия және оның жоспарлау процесі. Бизнес жоспар
-
Маркетингтік бақылау
1.
Маркетингті жопарлау: рөлі, түрлері,
кезеңдері
Іс жүзінде маркетингтік жоспарлау — бұл жетістікке жеткен көптеген компаниялардың қолданатын танымал жолы. Жоспарлау сатып алушылардың қажеттілігін, бәсекелестер туралы мәліметті әрдайым біліп, қорларды тиімді пайдаланып және күтпеген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артыкшылықтары төмендегідей болады:
-
Маркетингті жоспарлау мақсатты нарықтардың қызмет көрсетуіне бағытталған стратегияларды жасауға және нақты артықшылықтарға назар аударуға мүмкіндік береді.
-
Қорлардың өте тиімді қолданылуына мүмкіндік туғызады.
-
Компанияның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, қауіптерді және мүмкіндіктерді табу, пайда болатын қауіптерді азайтуға және күтілетін өзгерістерді жақсартуға мүмкіндік береді.
-
Қызметкерлердің жұмысын үйлестіріп, олардың арасындағы коммуникацияны жақсартуға жақсы мүмкіндік береді.
-
Жаңа сатып алушыларды жаулап алуға және нарықтардың кеңейтуіне мүмкіндік туғызады.
-
Болашақа болжамды мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Маркетинг жоспары — бұл нақты уақыт аралығында маркетинг мақсатына жету үшін жүйелік және бүтіндік бағдарламалардың жиынтығынан тұратын арнайы құрылған жоспарлы құжат.
Маркетингті жоспарлауды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:
-
Қамту масштабы бойынша жоспарлар:
-
Ортақ жоспарлар - маркетингтің барлық бөлімшелері үшін мақсаттарды анықтайды.
-
Ерекшеленген жоспар - маркетинг болімшелері бойынша жасалады. Мысалы, жарнама, өткізу, бағалар бөлімі және тағы басқалар.
-
Әсер ету мерзімдеріне байланысты:
2.1. Ұзақ мерзімді (5-20 жыл);
2.2. Орта мерзімді (2-5 жыл);
2.3. Қысқа мерзімді (жыл немесе тоқсан) болып бөлінеді.
-
Маңыздылыққа байланысты:
3.1. Стратегиялық жоспар. Маркетингтің стратегиялық жоспарлары басты мақсаттарды анықтайды және фирма қызметінің негізгі бағдары қызметін көрсетеді
3.2. Тактикалық жоспарлау. Тактикалық маркетинг жоспары ағымдағы есептердің шешіміне бағытталған және жоспар мен болжамдарды құрастыруға қажет әдістер мен аспаптардың жиынтығынан тұрады.
Стратегиялық жоспар маркетингтің жылдық жоспарына ықпал етеді. Мысалы, маркетингтің жылдық жоспарын анықтау стратегиялық жоспарда көрсетілген кәсіпорынның мақсаттарының бес жылға қойылған мақсаттарынан шығады. Маркетинг жоспарын әзірлеуде әр түрлі жолдар қолданылады. Бір кәсіпорындар маркетинг жоспарын өнімнің белгілі бір түрлері үшін жасаса, ал басқасында — белгілі бір нарыққа кіру мақсатымен немесе оның жағдайын жақсарту ұшін, ал үшіншісінде — өнім түрлері бойынша, сонымен қатар әрбір нарық бойынша маркетинг жоспары жасалады. әзірлеу әдістері
-
Маркетинг жоспарын әзірлеу әдістері бойынша:
4.1. Жоғарыдан төменге жоспарлау;
4.2. Төменнен жоғарыға жоспарлау;
4.3. Қарсы жоспарлау болып жіктеледі:
Бірінші әдісте жоғарғы басшылық маркетингтің мақсаттарын анықтап жоспарын жасайды, сәйкесінше оның орындалуына басшылар жауапты.
Екінші әдісте маркетинг бөлімі өз мақсаттарын өздігінше анықтайды және маркетинг жоспарын жасайды, оны жоғарғы басшылык құптайды. Бұл қызметкерлер жоспарлау және басқару бойынша қызметтер шығармашылық тұрғыдан қатысып және оның орындалуына жауапты.
Үшінші әдісте жоғарыдан төмен мақсаттар анықталады, ал жоспарлау төменнен жоғарыға іске асады. Жоғарғы басшылық мүмкіндіктер-қажеттіліктерді анықтап және жоспарды жасаудың негізі болатын бір жылға арналған ортақ мақсаттарды бекітеді, кейін оны басшылық құптайды.
Іс жүзінде кейбір өзгерістермен үшінші әдіс жиірек қолданылады. Бұл әдістер фирманың басқа бөлімшелер қызметін жоспарлауда да қолданыла алады. Қорытындысында фирманың толық жоспары пайда болады.
Маркетингтік жоспар — маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі аспабы. Маркетингтік жоспардың мақсаты- стратегиялық жоспарда көздеген өндірістің, сатудың, табыстың өсуін іске асыру
Маркетингтік жоспарлаудың кезеңдері. Маркетинг жоспары бірнеше кезеңдерден құрылады:
-
Жағдайлы талдау. Мұнда маркетингтік іс-әрекеттерге әсер ететін факторлар белгіленеді, өткен жылдың тәжірибесі қарастырылады (өткен кезеңнің сатылымы, шығындары). Сонымен қатар нарық жағдайын және +,- бәсекелестік тәжірибесін зерттеуін ұйғарады, келешек кезеңде бәсекелестіктің жағдайы мен іс-әрекеттерін болжайды.
-
Маркетинг мақсаттарын белгілеу: мақсаттар жүзеге асырылуы керек. Мыс: сату көлемін 10%-ға көтеру.
-
Маркетинг стратегиясын анықтау. Маркетинг стратегиялары – бұл фирманың перспективті бағыты. Олар қойылған мақсаттар, тұтынушылар, сатып алушылар болжамы мен талдауы және кәсіпорын мүмкіндігінің негізінде құрылады.
-
Тәжірибелік іске асыру бағдарламасының жетілдіруі. Оған маркетингтік стратегияның барлық элементтері кіреді: айлық кестелер, бұл кестелерде өткізіліп жатқан жұмыстардың бастапқы және соңғы нәтижелері және оларға бөлінген қаражат көрсетіледі. Мыс: жарнамалық компания, қызметкерлер жарнамалық агенттігін тауып, жарнама бөлінісінің таңдауын анықтайды, жарнаманы бекіту, және т.б.
-
Маркетинг бюджетін дайындау. Бюджет кесте түрінде көрсетіледі, мұнда ұйғарымды табыс пен шығын, пайда көлемі көрстеіледі. Маркетинг бюджеті жоғарыдағы басшылармен бекітіледі.
-
Бақылау. Маркетингтік даярлық жоспары, барлық кезеңдерді өтіп, жоғарыдағы басшыларға жазбаша түрде ұсынылады.
Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап, оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар), ұйымдастыру жүйесі, сауатты әдістеме, жазбаша жоспардың болуы қажет.
Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп, ұжымда талқылануы керек. Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін, рөлін, мақсаттарын, талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн. Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп, оның жасау мерзімін, бюджетін белгілеу қажет.
Маркетингтік жоспарға өндіріс жоспарлары,тауарлар шығарудың ,нарықтық қызметтің, маркалы бұйымдарды шығарудың жоспарлары да жатады.
(Бизнес жоспар жайлы бейнежазба)
-
Маркетингтік стратегия және оның жоспарлау процесі.
Маркетинг стратегиясы – бұл кәсіпорынның стратегиялық басқарудың құрамды бөлігі. Стратегия мақсаты: ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға жету, олар компанияның жоғары үнемділігін қамтамасыздандырады.
Стратегиялық жоспар- компанияға өз мүддесі үшін өзергмелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған. Бұл- компанияның мүмкіндіктері мен мақсаттары арасында стратегиялық байланыстар орнатуға бағытталған.
Стратегиялық жоспарлау- компанияның басқа да жоспарларының негізін қалайды. Ол жаһандық мақсаттар мен компания миссиясын анықтаудан басталады. Миссия деп- компания мақсаттарын белгілі бір нақышқа келтіруді айтады. Миссия компания ұжымын белгілі бір ортақ бағытқы қарай беттейді.
Стратегиялық жоспар - әрдайым өзгергіш ортада компанияға өз мүддесіне мүмкіндіктерді қолдануға көмек көрсету үшін құрылады. Ол терең мақсаттар мен компанияның борышын анықтаудан басталады, содан кейін SWOT-талдаудың нақты мақсаттары белгіленеді (компанияның мықты және әлсіз жақтары жайлы және мүмкін қауіп-қатер туралы есептеме).
Стратегиялық жоспарлауға бірнеше компоненттер кіреді:
- Борыш (компанияның негізгі мақсаты). Мыс: әр адамға компьютерлер сатып алуын ұсыну
- Стратегиялық аудит (экономикалық ортадағы бәсекелестіктер, мұнда ұйымдастыру, баланс, пайда мен шығындар есебіне талдау жасалады)
- SWOT-талдау (мықты, әлсіз жақтар және қауіп-қатер). SWOT-ТАЛДАУ- ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Маркетингтік стратегиялар маркетингтік кешен (тауар, сату орны, баға, тарату, персонал) шегіндегі шаралардың үйлесімінен тұрады. Маркетингтік стратегияның басты назары мақсатты тұтынушыларға бағтталған болуы тиіс. Компания нарықты таңдап болғаннан кейін оны сементтерге бөліп, оның ішінен болашағы барын таңдап алады. Сөйтіп барлық күш-жігерін осы таңдап алынған сегменттерге қызмет етуге жұмылдырады. Маркетингтік стратегия маркетингтің негізгі мақсаттары мен нақты бағдарламаларын анықтауға мүмкіндік береді.Стратегиялар да мақсаттар сияқты қол жететіндей және қолда бар ресурстар шегінде жүргізілуі тиіс.
-
Маркетингтік бақылау
Маркетинг мақсаттарына жету үшін кәсіпорынның маркетингтік қызметі бақылануы керек. Маркетингтік бақылаудың үш негізгі типі бар, олар:
-
Жылдық жоспардың орындалуын бақылау;
-
Пайдалылықты бақылау;
-
Стратегиялық бақылау.
Жылдық жоспардың орындалуын бақылау. Мұндай бақылауда нақты нәтижелер жылдық жоспармен салыстырылады, ауытқулар кездессе, түзетулер енгізіледі. Жылдық жоспардың орындалуын бақылау маркетинг шығындарын сатумен салыстыруды қажет етеді. Бұл бақылаудың мақсаты- сату мақсатына жету үшін жоспарланған деңгейден артық қаражат жұмсалды ма, жоқ па, соны анықтау. Сонымен бірге тұтынушы мінез- құлқын бақылау арқылы сапалы мәліметтер алуға болады. Осындай мақсаттарға орай, тұтынушылардың, делдалдардың мінез-құлқын бақылау жүйесі жасалып, керекті кезде шаралар қолданылады.
Пайдалылықты бақылау. Кәсіпорындар әр түрлі өнімдердің, сату аймақтарының, нарық сегменттері және тарату арналарының пайдалылығын анықтайтын зерттеулер жүргізеді.
Стратегиялық бақылау. Фирмалар белгілі бір уақыт аралығында жалпы маркетингтік шаралардың тиімділігін зерттеп тұруы қажет. Мұндай зерттеу жылдық жоспардың орындалуын және пайдалылықты бақылауға қарағанда кеңірек болып келеді.
Фирманың микро, макроортадағы өзгерістері оның маркентингтік мақсаттары, стратегиялары және жүзеге асыру бағдарламаларына түзету енгізуді талап етеді. Бұл бақылау түрі стратегиялық бақылау деп аталады. Ол аудит әдістерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Маркетинг аудиті сыртқы ортаны, маркетинг мақсаттары мен стартегияларын, ұйымның және оның жеке бөлімшелерінің маркетинг қызметі түрлерін жүйелі түрде, жан- жақты тәуелсіз тексеру болып табылады.
Маркетинг аудитінің - өзіндік аудит, сәйкес аудит, жоғарыдағы ұйым немесе бөлімдер жағынан аудит, тәуелсіз аудиторлық фирмамен жүргізілетін аудит және сыртқы аудит сияқты түрлері бар.
-
Жаңа тақырыпты бекіту. Маркетинг жоспары - бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандырылған құжат.
Ол - маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы. Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Жалпы жоспарлар маркетингтің барлық бөлімшелерінің мақсаттарын анықтайды, біріккен жоспарлар өнімнің барлық түрлерін қамтыса, ал ерекше жоспарлар маркетингтің әрбір бөлімдері бойынша жасалады. Мысалы, маркетинг жоспары жарнама, өткізу, жаңа өнімдер бөлімшелері үшін жасалауы мүмкін. Жалпы жоспарларды әдетте, өндіріске арналған тауарларды өндірушілер жасайды, ал бірыңғай біріккен маркетинг жоспарын көбіне қызмет көрсететін фирмалар қолданады.Маркетингтік қызмет өнім түрі бойынша ұйымдастырылған кәсіпорындарда маркетинг жоспарлары әрбір өнім үшін, ал географиялық принципі тұрғысынан ұйымдастырылғанда - әр аймаққа арналып жасалады.
Іс-әрекет ету мерзіміне байланысты маркетинг жоспары ұзақ, орта, қысқа мерзімдік және жобаларды жоспарлау болып бөлінеді. Маркетингтің ұзақ мерзімді жоспарлары 5 жылдан 20 жылға дейінгі, орта мерзімді жоспарлар - 2 жылдан 5 жылға дейінгі уақытқа, қысқа мерзімді жоспарлар - бір жылға немесе тоқсанға арналып жасалынады.
Маркетингті жоспарлау стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді. Маркетинг жоспарларының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау‚ есептеу‚ талдау. Үш тұрпатқа бөлінеді: кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау‚ пайдалылықты бақылау — тиімділікті талдау‚ стратегиалық. бақылау — маркетингіні тексеру.
-
Сабақты қортындылау. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында (білім алушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру). «Quizlet» бағдарламасы арқылы екі топқа жаңа тақырыпта өткен терминдерді естерінде сақтап қалуы үшін ойындар ойнату.
-
Оқушыларды бағалау: үйге берілген тапсырмалардың орындалуы мен сабақ барысында белсенділігіне жаңа тақырыпты меңгеру деңгейіне баға қою. Сабаққа белсене қатысқан студенттерді ерекше атап өту, бағалау. (5 мин)
-
Үйге тапсырма. Оқушыларға пайдаланылатын әдебиеттерді атап өту. (5 мин)
1. А.Б.Рахимбаев «Маркетинг теориясы және практикасы» Алматы, «Нұр Пресс» 2009. 200-217 беттерден қысқаша конспект жазу.
2. Бизнес жоспар жасау.
Сабақтың басында әр балаға берілген үлестірмелі қағаздар бойынша өз ойларын ортаға салады.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1. Хожаназаров. Маркетинг негіздері. Алматы., Экономика. 1996.
2. С.Н.Нысанбаев, Г.А. Садыханова. Маркетинг негіздері. Алматы., 2002.
3.Н.М. Мамыров. Маркетинг. Алматы., Экономика, 1998.
Қосымша әдебиетер:
1. Тойкин
С.Х. Маркетинг негіздері: Оқулық / С. Х. Тойкин, Ә.
Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. - Астана : Фолиант, 2007.
2. Г.К.Есімжанова Маркетинг негіздері. Алматы.,
2009.
3. Сатыбалдыұлы С. С. Маркетинг және менеджмент негіздері : оқулық
/ С. С. Сатыбалдыұлы, Б. А. Байтанаева. - 2-басылым. - Астана:
"Фолиант" баспасы, 2011.
4. Тойкин С.Х. Маркетинг негіздері1: Оқулық / С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. - Астана: Фолиант, 2008.
5. Тоқбаева Ж. Ж. Маркетинг негіздері: оқу құралы / Ж. Ж. Тоқбаева, Ж. Тасқынбай. - Астана: "Фолиант" баспасы, 2008. - 190 б
Ашық сабақты өткізген: арнайы пән оқытушы А.Қ.Қалжанова