Материалдар / Ашық сабақ. Мартин Лютер Кинг

Ашық сабақ. Мартин Лютер Кинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзі тарихы 11 сынып. Мартин Лютер Кинг тақырыбында ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2024
178
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Бөлім:

Қоғамдық саяси ойдың дамуы

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермаганбетова Айнур Ерболовна

Күні:


Пәні: Дүниежүзі тарихы

Сынып: 11А

Қатысушылар саны: 21 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;

11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану;

11.3.2.5 - азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау

Сабақтың мақсаты

-Қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасайды;

-АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолданады;

-Тұлғалардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады;

-Азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын баға береді.

Зерттеу сұрағы:

Азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның рөлі қандай?

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары ойлау дағдылары

Тарихи ойлау дағдылары

Тарихи талдау мен түсіндіру

Тарихи концепт

Фокус: Маңыздылық

Қосымша: Ұқсастық пен айырмашылық




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин


2мин








3мин










5мин

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, көңіл күйлеріне назар аударын, психологиялық ахуал орнату.


2. Сыныпты топтасыру. «QAZ MATH» сайтымен сыныпты топқа бөлу.

1-2-3топ.

ЕББҚ көру қабілеті бұзылған оқушыға қосымша қолдау көрсету мақсатында қозғалысына ыңғайлы болуын тексеру, күн сәулесінің тікелей түсуін болдырмау.


3. Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.

1. Ганди ілімінің негізінде қандай ілім жатыр?

2. Свадеши дегеніміз не?

3. Ганди саяси күрестің қандай үлгісін қалыптастырды.

ЕББҚ көру қабілеті бұзылған оқушыға мұғалім тарапынан жеке планшетті пайдалану арқылы сұрақтарға жауап беруге қолдау білдіреді.


4. Топпен жұмыс. Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында «Кинометафора әдісі»

1. Не көрдіңіз?

2. Не естідіңіз?

3. Не ойландырады?

Осы сұрақтарды оқушылар талқылау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.


ЕББҚ көру қабілеті бұзылған оқушыға қосымша қолдау көрсету мақсатында мұғалім мен сыныптастары видеокөрсетілімді жеке планшет арқылы көруге ықпал жасалады.





1. Мұғаліммен сәлемдеседі.



2. Топтасытру

«QAZ MATH» сайтымен оқушылар топтасады.




3. «Ыстық орындық» әдісі. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.





4. Оқушылар видеокөрсетілімді көріп сұрақтарға жауап береді.













3. «Өзара бағалау»

Мұғалім кері байланыс береді.






4. «Сұраққа жауап» әдісі

  1. Сыныптасыңыздың жауабы туралы не ойлайсыз?

  2. Сыныптасыңыздың жауабын толықтыруға қалай қарайсыз?

Сұрақтар қою арқылы мұғалім кері байланыс жасайды.





2. «QAZ MATH» https://qazmath.net/







3. Интербелсенді тақта









4. Қосымша №1

Видеокөрсетілім сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=A6fD1CDc2w8

Сабақтың ортасы

25мин


5мин























10мин


























































































10мин



















5. Мағынаны тану:

«Термин анықтамасы» әдісі

М. Оқулықтағы деректерді қолдана отырып, термин сөздердің анықтамасын түсіндіріңіз:

Сегрегация -

Байкот -

Азаматтық құқық -

Нәсілдік кемсітушілік -

Осы сұрақтарды талқылау арқылы оқушылар жаңа сабаққа енеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау кретерийлері талқыланып, таныстырылады.


ЕББҚ көру қабілеті бұзылған оқушыға тапсырманы орындауға таңдау беріледі, жазбаша түрде орындауды қажет ететін болса, «Терминдер анықтамасы кестесі беріледі.


Терминдер

Анықтама

Сегрегация


Байкот


Азаматтық құқық


Нәсілдік кемсітушілік






6. Топпен жұмыс. Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында оқулықтан мәтінмен және слайд, prezi арқылы жұмыс тапсырмасы беріледі. Мәтіннен «Түртіп алу» әдісі арқылы қажетті ақпаратты табу, алу, мәтінді талдау және интерпритациялау дағдысы қалыптасады.

Талдау және зерттеу. Топтық жұмыс

Зерттеу сұрағы: Мартин Лютер Кингтің арманы қандай?

1-топ.

«Сегрегация», «нәсілдік сегрегация» ұғымдарын қолданып, Монтгомеридегі автобус желілеріне 385 күндік бойкот себебін анықтаңыз.

Дискриптор:

1. «Сегрегация», «нәсілдік сегрегация» ұғымдарын анықтайды.

2. Монтгомеридегі автобус желілеріне 385 күндік бойкот себебін анықтауда «сегрегация», «нәсілдік сегрегация» ұғымдарын қолданады.

2-топ.

Картадан бейбіт қарсылық шаралары болған қалаларды анықтап, нәтижесінде жетекшісі М.Л. Кингтің қоғамдық- саяси өмірге өзгеріс енгізудегі рөліне қорытынды жасаңыз.

Дескриптор:

1.Картадан бейбіт қарсылық шаралары болған қалаларды анықтайды.

2.Бейбіт қарсылық шараларының нәтижелерін атайды.

3.М.Л. Кингтің қоғамдық- саяси өмірге өзгеріс енгізудегі рөліне қорытынды жасайды.


3-топ.

Карта, автор сөзі және портреттерді байланыстыра отырып, азаматтық құқықтар үшін күресте М.Л.Кингтің белсенді азаматтық позициясын атаңыз және маңыздылығын бағалаңыз.

«Үндістанда болып,бейбіт жолмен күресу,езілген халықтың әділетсіздікке қарсы күресінің және адамзат абыройының ең күшті қаруы екеніне көзім жетті»



Shape1

Дескриптор:

-Карта, автор сөзі және портреттерді байланысын анықтайды.

-Тұлғаларды атайды.

-Азаматтық құқықтар үшін күресте М.Л.Кингтің азаматтық позициясын атайды және маңыздылығын бағалайды.


«Жылдар сөйлейді» әдісі арқылы

ЕББҚ көру қабілеті бұзылған оқушыға көмекші карточкалар арқылы қысқа, нақты жауапты қажет ететін сұрақтар ұсынылады, жазылым дағдысына негізделген тапсырма беріледі.


1962жыл


1963жыл


1963ж.28тамыз


1964жыл


1965жыл


1968жыл




7. Жұптық жұмыс:

«Ақпараттық органайзер» әдісі.

Бағалау критерийі: Қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасайды

Тапсырма нұсқаулығы: Бейнероликті мұқият тыңдап, Мартин Лютер Кинг туралы «ақпарттық органайзерді» толтырыңыз.


жаһандық

ұлттық

аймақтық

жеке

Маңыздылық ауқымы (Тұлғаны кім білуі, есте сақтауы керек)





Қорытынды ой



Дискриптор:

-Жаһандық маңыздылығын анықтайды.

-Ұлттық маңыздылығын анықтайды.

-Аймақтық маңыздылығын анықтайды.

-Жеке маңыздылығын анықтайды.

-Қорытынды ой жасайды.

ЕББҚ көру қабілеті бұзылған оқушыға оның жетістікке жетуіне көмектесетін оқушымен тапсырманы жұптасып орындауына қолдау білдіреді.

5. Оқушылар: термин сөздердің мағынасын оқулықтағы деректерді пайдаланып түсіндіреді.





Оқушылар өз ойларын берілген сұрақтар аясында қорытындылап жаңа тақырыпқа енеді.









6. Әрбір топ берілген тапсырманы орындай отыра класстер қорғайды.




Саралау:

Топтық жұмыс барысында оқушылар ақпаратты қабылдау және жеткізу деңгейіне орай топ ішінде үлгерімі төмен оқушыларға мәтінді игеруге, көмек көрсетуіне қолдау жасаймын.












































































7. Жұптық жұмыс барысында бейнероликті және оқулықтағы мәліметтерді пайдаланып М.Л.Кингтің маңыздылығын көрсетеді.


Саралау:

Гетерогенді жұп жасақтау арқылы бейнероликті мұқият тыңдатып, дағдысы жоғары оқушы дағдысы төмен оқушымен сұхбаттасу арқылы қолдау көрсетеді.

5. «Ең үздік жауап» Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


.


















6. «Бір сөйлеммен түйіндеу»

Топтық бағалау

































































































7. «Құрастыр сосын жауап бер» жұптық бағалау.


Мұғалім кері байланыс жасайды.






5. Интербелсенді тақта































6. Кластер, стикер, маркер


Қосымша №2

https://prezi.com/jdf4mojqrukp/presentation/


Қосымша №3

Слайд, Карточка



https://blackoutloud.files.wordpress.com/2018/12/rosaparks_collage.jpg





























https://avatars.mds.yandex.net/i?id=809b4096df6d0dcd8765c541c007433e3e0e5474-10803837-images-thumbs&n=13

























https://static01.nyt.com/images/2018/04/29/arts/29Arsenault1/29Arsenault













































7. Қосымша №4

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=tl568pNIs8k&t=85s










Сабақтың аяғы

10мин



5мин






























3мин















2мин


8. Сабақты бекіту. Жеке жұмыс.

«Венн диаграммасы»

Тұлғалардың қоғамдық және саяси өмірдегі үш ұқсастығы мен үш айырмашылығын анықтап кестені толтырыңыз.

М.Ганди

ұқсастығы

М.Л.Кинг

ерекшелігі


ерекшелігі

1.

2.

3.

1.

2.

3.

Дескриптор:

-М.Гандидің қоғамдық және саяси өмірдегі 1- ерекшелігін анықтайды

-М.Гандидің қоғамдық және саяси өмірдегі 2- ерекшелігін анықтайды

-М.Гандидің қоғамдық және саяси өмірдегі 3- ерекшелігін анықтайды

-М.Л.Кингтің қоғамдық және саяси өмірдегі 1- ерекшелігін анықтайды

-М.Л.Кингтің қоғамдық және саяси өмірдегі 2- ерекшелігін анықтайды

-М.Л.Кингтің қоғамдық және саяси өмірдегі 3- ерекшелігін анықтайды

-Қоғамдық саяси өмірдегі тұлғалардың ұқсақтығын жазады.

ЕББҚ: көру қабілеті бұзылған оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды. Венн диаграммасы парағы беріледі.



9. Рефлексия:

Оқушылардан болашақ туралы өз армандары туралы ойлауын сұрау. Ұсынылған парақтарға әр оқушы «Менің де арманым бар» жұмыс парағына өз армандарын жазады.

ЕББҚ: көру қабілеті бұзылған оқушыға рефлексия кезінде жұмыс парағы беріп орындауына мұғалім қолдау білдіреді.

Оқушының жазған жауабын оқып кері байланыс жасалады.






10. Үйге тапсырма.

«Табыс тақтасы» әдісі.


Тапсырма: Мартин Лютер Кинг өзінің құқықтары үшін бас көтерген қара нәсілді халқының күресінде қандай рөл атқарды?

1. Оқушылар М.Л.Кингтің халық күресіндегі рөлі жайлы 80-10 сөз эссе жазу.

2. Тақырып бойынша ҰБТ-ға дайындық мақсатында 20 тест сұрағын құрастыру.

3. М.Л.Кинг жайлы таныстырылым жасау



8. Жеке жұмыс барысында оқушылар екі тұлғаның ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.


Саралау:

Жеке жұмыс барысында дағдысы төмен оқушыға көмек көрсету арқылы қолдау білдіремін.























9. Оқушылар алған білімдерін негізге ала отыра өздерінің армандары жайлы жазады.











Оқушы өз таңдауы бойынша үй жұмысын орындайды.

Саралау:

1. Үй тапсырмалары жеңілден күрделіге қарай берілген.

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»









































9. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын, тапсырмаларды сәйкес орындауларын тексеріп бағалайды.

Қосымша №5

Интербелсенді тақта.

«Венн диаграммасы»


























9. Қосымша №6

Жұмыс парағы

«Менде де арман бар»















Қосымша №7

https://www.youtube.com/watch?v=tHbaEToWa78



Мартин Лютер Кингтің әйгілі болған сөйлеген сөзі




      Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы


Тақырып:


Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы


Оқу мақсаты:

11.3.2.5 Азаматтық құқық үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымының маңызын бағалау;

Бағалау критерийлері:


- Тұлғалардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады;

-Азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану.

Жоғары ойлау дағдылары

1 -тапсырма.

Жеке жұмыс. «Венн диаграммасы» әдісі

Тапсырма нұсқаулығы: Тұлғалардың қоғамдық және саяси өмірдегі үш ұқсастығы мен үш айырмашылығын анықтап кестені толтырыңыз.


М.Ганди

ұқсастығы

М.Л.Кинг

ерекшелігі


ерекшелігі

1.

2.

3.

1.

2.

3.


Дескриптор:

-М.Гандидің қоғамдық және саяси өмірдегі 1- ерекшелігін анықтайды

-М.Гандидің қоғамдық және саяси өмірдегі 2- ерекшелігін анықтайды

-М.Гандидің қоғамдық және саяси өмірдегі 3- ерекшелігін анықтайды

-М.Л.Кингтің қоғамдық және саяси өмірдегі 1- ерекшелігін анықтайды

-М.Л.Кингтің қоғамдық және саяси өмірдегі 2- ерекшелігін анықтайды

-М.Л.Кингтің қоғамдық және саяси өмірдегі 3- ерекшелігін анықтайды

-Қоғамдық саяси өмірдегі тұлғалардың ұқсақтығын жазады.



2-тапсырма. «DEAL» әдісі

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).


Мартин Лютер Кинг 1964жылы Нобель сыйлығын не үшін алды?

Тапсырмаға нұсқаулық: Оқушылар Мартин Лютер Кингтің «Нәсілдік теңсіздікке қарсы бейбіт күресі үшін» 1964 жылы Нобель сыйлығын не үшін алғанын «DEAL» әдісі арқылы жазыңыз.

Дескриптор:

- Мартин Лютер Кингтің Нобель сыйлығын не үшін алғанын баяндайды.

-Мартин Лютер Кингтің Нобель сыйлығын не үшін алғанын түсіндіреді.

-Мартин Лютер Кингтің Нобель сыйлығын не үшін алғанын талдайды.

-Мартин Лютер Кингтің Нобель сыйлығын не үшін алғанын қорытынды жасайды.



Саралау:

Деректерді зерттеу үшін ортақ тапсырма беріледі. Дағдысы төмен оқушылармен пікірлесіп, қолдау көрсетемін.



ЕББҚ көру қабілеті бұзылған оқушыға оның жауабын тыңдап мадақтаймын


«Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалау»



Сабақта қолданылатын ресурстар:



Қосымша №1

Видеокөрсетілім сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=A6fD1CDc2w8



Қосымша №2

https://prezi.com/jdf4mojqrukp/presentation/


Қосымша №3 Слайд,

https://ppt-online.org/1301075



Қосымша №4

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=tl568pNIs8k&t=85s


Қосымша №5

https://www.youtube.com/watch?v=tHbaEToWa78



Қосымша №6

"Менің арманым бар" тақырыбындағы Мартин Лютер Кингтің сөзі.

Осыдан елу шақты жыл бұрын күрескерліктің символына айналған ұлы америкалық азамат Негрлерді босату туралы мәлімдемеге қол қойды. Бұл маңызды Жарлық әділетсіздіктің отына күйген, жүректерін шоқ қарыған миллиондаған қара нәсілді құлдар үшін үміт жарығының ұлы шамшырағына айналды. Ол қараңғылықтың түндігін еңсерген қуаныштың таңғы жарығы іспетті болды.

Бірақ содан бері жүз жыл өткеніне қарамастан, біз әлі күнге дейін негрлердің басы қайғыдан арылмағанын мойындауға мәжбүрміз. Жүзедеген жылдар өтсе де, негрлердің өмірі сегрегация және нәсілдік кемсітушіліктің бас көтертпейтін қыл бұрауынан толық босаған жоқ. Жүздеген жылдар өтсе де, негр шылқыған байлық пен материалдық игіліктер мұхитының ортасындағы кедейшілік аралында тұрады. Жүздеген жылдар өтсе де, негр америкалық қоғамның сән-салтанатынан тыс қалған көлеңкелі жағында қалып қойды, өз жерінде өзі айдауда жүр десе де болады. Міне, біз бүгін бұл жерге жағдайдың қаншалықты ауыр екенін айту үшін келдік.

Бейнелеп айтатын болсақ, біз мемлекетіміздің астанасына чек бойынша берілген ақшаны қолма-қол алу үшін келдік. Біздің республикамыздың сәулетшілері Конституция мен Тәуелсіздік декларациясының тамаша сөздерін жазған кезде олар әрбір американдыққа мұра болатын вексельге қол қойды. Осы вексельге сәйкес, барлық адамдарға өмір сүрудің ажырамас құқығына, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға кепілдік берілген.

Бүгін Америка осы вексель бойынша өзінің қара нәсілді азаматтарына қандай төлем жасай алмайтыны айқын болды. Бұл қасиетті борышты өтеудің орнына Америка негр халқына жалған чек берді, ол "қаражаттың жетіспеуі" деген белгімен қайта оралды. Бірақ біз әділдік банкі банкротқа ұшырады деп сенуден бас тартамыз. Біз мемлекеттің мүмкіндіктерінің алып қоймаларында қаражат жетіспейді дегенге сенуден бас тартамыз. Біз осы чекті алу үшін келдік — бұл чек бойынша бізге бостандық пен әділеттілік қазынасы берілуі тиіс. Біз мұнда қасиетті жерге Американың есіне бүгінгі күнгі қатаң талабымызды салу үшін келдік. Қазір бізді бітімгерлік шаралармен тынышталдыратын уақыт емес немесе шешімді жан тыныштығын күйттейтін дәрмек ішіп қабылдайтын уақыт емес. Сегрегацияның қараңғы түнегінен шығып, күн шуағы төгілген нәсілдік әділдік алабына шығатынаяқ басатын уақыт келді. Құдайдың барлық балааларына ортақ есік ашып, ортақ мүмкіндіктер беретін уақыт келді. Біздің ұлтымызды тереңге тартып бара жатқан нәсілдік әділетсіздіктің құмынан шығарып, бауырластықтың берік жартысына орнықтыратын уақыт келді.

Біздің мемлекетіміз үшін осы сәттің ерекше маңыздылығын елемеу және негрлердің батылдығын жете бағаламау қауіпті болады деп пайымдаймыз. Еркіндік пен теңдіктің сабырлы күзі жеткенше негрлердің заңға көңілі толмаушылығынан туындаған аптап жаз аяқталмайды, 1963 жыл -бұл соңы емес, басы ғана. Негрлер бір жұлқынып алып, бұрынғы жатағына қайта оралады, бұрынғы ұйқысына қайта жатады деп ойлайтындарға айтарым, біздің ұлтымыз ұйқыдан оянды. Негрлер азаматтық құқықтарына қол жеткізгенге дейін, Америка тыныштық пен алаңсыздықты білмейтін болады. Әділдіктің ақ күні туғанға дейін, мемлекетіміздің іргесін революция дауылы ойсырата беретін болады.

Осы тұста халқым әділдіктің ақ сарайына аяқ басқалы тұрған ерекше сәтте тағы бір айтпағым бар. Бізге тиесілі өз құқығымызға қол жеткізу үшін ешқандай айыптауларға және жүгенсіздіктерге жол бермей, күрестің биік мақсаттарын аяқасты етпеуге тиістіміз. Еркіндіктің тәтті дәмін жек көру мен ызалану толтырылған тостағаннан татпауға тырысайық.

Біз өз күресімізді әрдайым темірдей тәртіппен жүргізіп, асыл мұраттарға тектілікпен жетуге тырысуымыз керек. Біз жасампаз наразылығымыздың физикалық зорлық-зомбылықта ұласуына мүмкіндік бермеуіміз керек. Біз кез-келген қысымға ұстамдылықтың және рухтың ұлы күшімен қарсы тұруға тиіспіз. Негрлер қоғамының ақыл-есін билеген жауынгерлік рух бізді ақ адамдардың тарапынан туындайтын сенімсіздікке әкелмеуі тиіс, қазіргі уақытта біздің қасымызда тұрған ақ адамдар -олар біздің бауырластарымыз, тағдырластарымыз екенін сезінгендер, олар өздерінің бостандықтары біздің бостандықтарымызбен байланысты екенін түсінді. Біз бұл жолмен жалғыз жүре алмаймыз. Қозғалысты бір бастағасын оны тоқтатпаймыз, тек алға жылжуымыз керек.

Біз енді артқа бұрылмаймыз. Біз сияқты құқықтарды қорғау ісіне шын берілгендерден бәрі бір нәрсені сұрайды "Қашан басыласыңдар?" Біз ұзақ сапарлардан шаршап-шалдыққан кезде жол бойындағы қонақ үйлер мен қалалық мейманханалардан орын алғанша, басылмаймыз. Біз негрлердің көсіліп қозғалатын кеңістігі шағын геттодан үлкен геттоға айналуымен шектеліп тұрған кезде ешқашан басылмаймыз. Біз Миссисипидегі негр дауыс беру құқығына ие болмайынша, Нью-Йорктегі негр даусын өз қалауымен бергенше басылмаймыз. Қазір бізде басылуға еш негіз жоқ, әділдік су сияқты сарқырап аққанынша, ал саналылық қуатты ағынға айналмайынша біз басылмаймыз.

Мен сіздердің көпшілігіңіз осы жерге келу үшін қандай ауыр сынақтар мен азаптардан өткеніңізді ұмытпаймын. Мұнда сығылысқан тар түрме қапастарынан тікелей келіп жеткендеріңіз де бар. Арамызда бодандықтан бостандыққа шығу үшін полицияның қатал қудалауы мен қуғын-сүргінінен сытылып шыққандар да бар. Сіздер қайғыны қайыспай көтеретін күрес ардагерлері болдыңыздар. Сіз бұл қайғыны өмір бойы шегуге тиісті емессіз, жұмысыңызды жалғастырған кезде осыны түсініңіз.

Миссисипиге оралыңыз, Алабамаға қайтыңыз, Луизианаға оралыңыз, солтүстік қалалардағы тозығы жеткен қапастарыңыз бен геттоларға қайтыңыз, алайда бұл жағдайдың ерте ме, кеш пе, бір күні өзгеретініне сеніңіз. Қайғы-қасірет аңғарында зардап шегіп тұрмайық.

Мен бүгін сіздердің алдарыңызда өмірде қанша қиындық пен азаптарды бастан кешірсем де, арманымнан ешқашан бас тартпағанымды айтқым келеді. Бұл Американдық арманға терең бойлаған арман.

Мен біздің ұлтымыз дүр сілкініп, "Біз барлық адамдар тең жаратылған деп есептейміз" деген өз ұранының шынайы мағынасын ұғынатын күнді армандаймын.

Мен бір күні бұрынғы құлдардың ұлдары мен бұрынғы құл иелерінің ұлдары Джорджияның қызыл жотасында бауырластар ретінде бір үстел басында отыратын күнді армандаймын.

Мен әділетсіздік пен теңсіздіктен әбден азып біткен Миссисипи штатының шөл даласы бір күні әділдіктің және теңдіктің шүйгін шөбі жайқалған оазисіне айналатын күнді армандаймын.

Мен төрт баламды терісінің түсіне қарап бөлмейтін, оларды өзгелер сияқты адами қасиеттеріне қарап бағалайтын елде оянатын күн туады деп армандаймын.

Менің бүгін осындай арманым бар.

Мен Алабама штатының губернаторы негрлердің штаттың ішкі істеріне араласу құқығын жариялайтын, Конгресс қабылдаған заңдарды әділетсіз деп танып, кішкентай қара ұлдар мен қыздар бір отбасының балалары сияқты кішкентай ақ ұлдар мен қыздармен қол ұстасып бірге жүретін күнді армандаймын.

Менің бүгін осындай арманым бар.

Менің арманым бар, ол барлық ойпаттар көтерілетін, барлық төбелер мен таулар төмен құлайтын, жоталы жерлер жазықтарға айналатын, қисық жерлер тақтайдай тегістелетін күн, ол күні Ұлы Жаратушы өзінің ұлықтығын танытып, барлық жабырқағандарды жұбатады, жылағандардың көз жасын құрғатады.

Бұл біздің үмітіміз. Мен бүгін осы сеніммен Оңтүстікке ораламын.

Осы сеніммен біз дәрменсіздік тауынан үміт тастарын қашай аламыз. Осы сеніммен біз халқымыздың әр жерден жамырап шыққан дауыстарын бауырластықтың тамаша симфониясына айналдыра аламыз. Осы сеніммен біз бірге еңбек ете аламыз, бірге дұға етеміз, бірге күресеміз, қажет болса, бірге түрмеге барамыз, бір күні біз еркін болатынымызды біле отырып, бостандықты бірге қорғаймыз.

Әр сөзге жаңа мән-мағына бере отырып, Құдайдың барлық балалары "Елім менің, бостандықтың бастауы болған жерім менің, менің әкелерім, аталарым қайтыс болған жер, пилигримдердің мақтаныш болған жері, сені жырыма қосамын, сенің барлық тауларыңның баурайларынан бостандық желі ессін" деп бірге шырқайтын күн туарына сенемін.

Егер Америка ұлы ел болуға тиісті болса, ол сондай болуы керек.

Бостандық Нью-Хэмпширдің керемет жоталарының шыңдарынан домалап түссін!

Бостандық Нью-Йорктің алып тауларынан төмен қарай құлдиласын!

Бостандық Пенсильванияның биік Аллеген тауларынан алапат күш алсын!

Бостандық Колорадоның қар басқан заңғар шыңдарынан шабыт алсын!

Бостандық Калифорнияның имек басты шыңдарынан таудай қуат алсын!

Теннессидегі Лукаут тауынан еркіндік жыры сезілсін!

Миссисипидегі әр жотаға және әр төбеге бостандық туы тігілсін!

Әр тау баурайынан еркіндік әні естілсін!

Біз еркіндікке жол бергенде, біз оның даусына әрбір ауылдан және әр елді мекеннен, әрбір штаттан және әрбір қаладан бірге қосылып, Құдайдың барлық балалары, қара және ақ, еврейлер мен пұтқа табынушылар, протестанттар мен католиктер бәріміз қол ұстасып, негр халқының ескі мақымындағы рухани гимнін "Ақырында азат болдық! Ақырында азатпыз! Құдыреті шексіз Тәңірге мың мәрте тағзым, біз міне азат болдық!» деп бірге жырлайтын күнді жақындататын боламыз!


https://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/24b36c80-d82a-4961-8356-6de401551884



Қосымша №6

М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус соғыстары кезінде М.Ганди сонда тұрып жатқан үнділерден ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз еді.

1915 жылы қаңтарда Үндістанға қайтып оралғаннан кейін М.Ганди Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясымен жақындасып, 1916 жылы оған мүше болып кіреді. 1917-1918 жылдардан бастап ол ұлт-азаттық қозғалысында неғұрлым көрнекті қызметтер атқарады. Бұл тұста елде ағылшындарға қарсы бұқаралық қозғалыс кеңінен етек алған болатын. Сол жылдары М.Ганди өзі редакторы болған "Жас Үндістан" газеті мен жетісіне бір рет шығатын "Навадживан" журналы арқылы өз идеясын насихаттап отырды.

Алайда М.Ганди күресті қару күшімен емес, бейбіт жолмен жүргізуге тырысты, ұлы мақсат жолында қандай да бір күш қолдануға жан-тәнімен қарсы болды. Кейбір солшыл топтар оның бұл көзқарасын қолдамағанымен, тұтастай Үндістан халқы Махатма жағында еді. 1919-1948 жылдары Махатма Ганди Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясының идеялық жетекшісі және беделді саяси басшысы, үл көсемі бола білді.

М.Гандидей ұлы тұлғаның арқасында Ұлттық халық Конгресі партиясы Үндістан халқының зор қолдауына ие болды. Үндістанның кемеңгер ақыны Рабиндранат Тагор қойған Махатма (Ұлы адам) деген құрметті атақ - М.Гандидің елі сүйген есімі.

Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады, қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға "Үндістаннан тайып тұрыңдар!" деп алғаш ұран тастаған да М.Ганди болатын. Бір қызығы ұлы тұлға 1946 жылғы үнді моряктарының көтерілісін айыптады. Себебі, М.Гандидің ойынша Үнді халқы тәуелсіздікке тек бейбіт жолмен ғана жете алатынынына имандай сенуінде еді және өзі осы жолды мықтап ұстанды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген ол ұлы мұрат жолында титтей де солқылдақтық танытпады, таңдап алған жолына адал болды.

Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды бірлікке шақырды. 1948 жылы 30 қаңтарда Махатма Ганди Үнді реакцияшыл ұйымдарының мүшесі Натхурам Годзе дегеннің қолынан салтанатты митингі кезінде қастандықпен өлтіріледі.

Махатма Ганди ұстанған бағыт және оның өмірлік мызғымас көзқарасы

Ол қапияда қас дұшпанның қолынан көз жұмғанымен М.Гандидің соңында - Гандизм атты діни-философиялық саяси ілім қалды. Және М.Гандидің өзі осы ілімнің негізін қалады. Ол ілімнің философиялық түпкі негізі - Құдайдың, яғни бір Жаратушының қақтығын мойындау, оны ақиқатпен қатар қою. "Мен үшін Ақиқат - ең басты принцип. Ол Ақиқат - Құдай" дейді М. Ганди өзінің "Менің өмірім" атты кітабында .

М.Гандидің ойынша Ақиқат гносеологиядан гөрі діни адамгершілік категориясына жатады. Оған қол жеткізу - тек адамның өз бетімен жетілуі, ізденуі және Ақиқатты өзінің күнделікті қам-қаракетінде жүзеге асыра білуі арқылы мүмкін болмақ. Ақиқатты жақын білу - Құдайды танып-білу дей келіп, ол: "Құдайдың алуан түрлі анықтамасы бар, себебі оның көрінуінің өзі алуан түрлі... Мен тек Ақиқат түріндегі Құдайға бас иемін" дейді.

Ганди Ақиқатты - абсолютті және относителді деп екіге бөледі. Біріншісі мәңгілік принцип Құдай болса, екіншісі адам санасында болады. Ізденудің мақсаты - абсолюттік Ақиқатты, Құдайдың мәнін білу. Ол мистикалық ішкі ой арқылы аян береді деп біледі М. Ганди.

М.Гандидің этикалық қағидасы джайнизмнен (біздің жыл санауымызға дейінгі соңғы мың жылдықтың орта шенінде Үндістанда пайда болған, брахмандардың әдет-ғұрпына қас діни ілім. Өзінің жолын қуғандарға аса қатаң адамгершілік-тақуалық талаптар қояды, кез келген күш көрсетуге, оның ішінде тірі жан атаулыны жоюға тыйым салады) алынған: "тірі жанды зәбірлеуге болмайды" дейтін ахимса идеясына негізделген.


Ганди ұсынған ұлт бостандығы үшін күрестің негізгі тактикасы "Сатьяграха" - негізінен зәбірлемеу принципіне құрылған. Ахимса мен Сатьяграха өзара үндес, сабақтас ілім.

Үндістанның ағылшын үстемдігінен құтылатын, азаттық алатын бірден-бір жолы: "свардж (өзін-өзі басқару) тек ешкімді де зәбірлемейтін шаралар арқылы ғана іске асырылуы керек" деп үйретеді. Гандидің өзі оны адам өміріндегі күнделікті мәселелерді шешудің еңбір оңтайлы, ұтымды әдісі санайды.

Сатьяграханы іске асырудың басты шарттарының бірі - Үндістан құрамындағы барлық халықтардың, барлық діндегілердің, көзқарастағылардың өзара түсіністік және өзара кешірімшілдік бірлігінде деп білді М.Ганди. Ол - Қамқорлық теориясын жақтады. Махатма Ганди үнділер мен мұсылмандардың бірлігі үшін табанды күрес жүргізіп, ұлт бостандығы күресіне үнділермен қатар мұсылмандардың да қатысуын қамтамасыз етті. Ол "дүниені қозғаушы күш және оны қозғалысқа келтіретін Құдайдың өзі белгілеген Заң" деп білді.

М.Гандидің этикалық көзқарасы: "кедейлікке, жоқшылыққа мейірімділікпен қарау, жапа шегу, тақуалық принциптері мен қоғамдағы дамуы - адамның өсімпаз мұқтажын қамтамасыз ету арқылы емес, оны саналы түрде тежеу арқылы іске асырылуы керек" деген көзқарасты мықтап ұстанды. Осы айтылған қағидалардың барлығын өзінің күнделікті қам-қаракетінде, ісінде қолдана білген, бұл жолдағы қандай қиындыққа да төзе білген, өз тәжірибесін ізін қуғандарға да кеңінен қолданған Махатма Ганди адамгершіліктің шырқау шыңына көтеріле білген бірден бір әлемдік, ғарыштық ірі тұлға.

Гандидің негізгі принциптері: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха деген не?

Махатма Гандидің өмір жолы туралы сөз еткенде: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха және тағы басқа осыларға үндес, сабақтас қасиетті атауларды ауызға алмай және олардың мән-мағынасына зерделей түсінбей, ұлы тұлға туралы бірдеңе деп айтудың өзі әбестік болар еді. Біз тілге тиек етіп отырған бұл үш атау Махатма Гандидің онсыз да сом тұлғасын биіктете түсетін биік тұғырлар екені даусыз. Алда әңгімемізге арқау болатын оқиғалар шоғырының қазақ оқырмандарына түсінікті болуы үшін ең алдымен осы сөздердің біздің тілімізде қандай мағыналарға ие болатыны туралы түсіндірме сөздік түрінде қысқаша болса да түсінік бере кеткенді жөн көрдік.

  1. Ахимса - "күш көрсетпеу, ешкімге ешқашан да жаманшылық жасамау, біреуді жазықсыздан жазықсыз азапқа түсірмеу" деген сияқты терең философиялық мағынаға ие сөз. Ахимса ілімі ертедегі Үндістанда да болған, содан кейін буддизмде және әсіресе джайнизмде дамытылған. Үнділердің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда Ахимсаның үлкен мәні болды. Ахимсаны бір жағынан ұлы Махатма Ганди күнделікті өмірде адам тәрбиесіне қолданатын ілім ретінде пайдаланды. Дара тұлғаның барша өмір жолы осынау қасиетті атаумен біте-қайнасып өткенінің өзі сол сөзімізге куә. Бұл туралы алда толығырақ баяндайтындықтан әзірге осы топшылаумен ғана тынамыз.

  • Брахмачария - " сөзбе-сөз аудармасы: Тәңіріге жақын келу". Бұл да - ілім. Оның жолын қуғандар адам баласына тән небір тәтті, жүрегің мен тәніңді еліктіргіш құмарлық сезім ләззатынан бас тартып, пәктік сақтап жүру. Бұл батылдық құлқынның құлы болған кез келген пенденің қолынан келе бермейді. Бұны жүзеге асыру үшін Махатма Гандидей нағыз Құдайдың сүйген құлы болу шарт.

  • Сатьяграха - "Ақиқатқа арқа сүйеу". Өзі қолданған саяси күрес әдісін атау үшін М.Гандидің өзі енгізген төл термині. Осы қозғалысқа қатысқан адамдарды - "сатьяграхтар" дейтін. Сондай-ақ, осы атаудың негізінде дүниеге келген "Сатьяграха ашрам" да М.Ганди мен оның жолын қуушылардың Ахмадабаттың маңындағы Кочраб деген жерге шаңырақ көтерген қауымының атына айналған. Қауым мүшелерінің ішіндегілердің біршамасы кезінде Оңтүстік Африкадағы қызметінде М.Гандидің ажырамас ниеттес, мақсаттас және қандай қиындық болса да ажырамас серіктеріне дейін көтеріле білген адамдар еді. Сатьяграха қозғалысының нәтижесінде ғана Үндістан мемлекеті ағылшын отарлаушыларынан ешқандай қантөгіссіз жолмен азат етілгені белгілі. Бұл жолда осы қозғалыстың көсемі М.Гандидің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз...


https://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/fee97c19-93c8-493a-951c-814ded03f936








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ