Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Математика Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерег
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: Математика

Күні:

Сынып: 2 ғ

76 - мектеп   Астана қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Мұқанбетқали Әйгерім Елікбайқызы

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырыбы

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.  15+28, 43-15


Оқу мақсаттары

 Сандармен операциялар

15+28, 43-15 тәрізді жағдайларда екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Сабақ мақсаты

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдер қолдануды біледі;

екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін  қолдана алады ;

15+28, 43-15 тәрізді  жағдайларда екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін түсіндіре алады және өз бетінше өрнектер  құрастыра  алады;

         Бағалау критерийлері

Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай, аттап қосуды және азайтуды орындау үшін ауызша және жазбаша есептеу алгоритмін қолданады.

          Тілдік мақсаттар



Жазбаша қосу және азайту алгоритмді айтады, математикалық терминдерді сөйлеу барысында қолдана алады. Қосу, азайту, бірліктер, ондықтар, қосынды, айырма, т.б. сөздерді қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

Өлшем бірліктерін түрлендіру және аталған сандармен амалдар

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Сабақтың басы





3 минут





«Жылы алақан»

Жұптар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, басбармақтан бастап саусақтарын тигізіп, келесі сөздерді айтады:

-Барлық істе саған сәттілік тілеймін! Рахмет!

Қол. Бас. Жүрек.

- Балалар, бүгінгі сабақта бізге 3 көмекші қажет болады. Олар: бас, қол, жүрек.

- Миымызбен жақсы ойланып, ойлағанымызды қолымызбен іске асырып, мейірімді жүрегімізбен    сезіну керекпіз.

Интерактивті  тақта



Қима  карточкалар

Сабақтың ортасы



9 минут































5 минут



































4 минут



























3минут













6 минут

















7 минут





























(МК, Т) «Ойлан! Тап!»

-Балалар, сабақтың тақырыбын  анықтау  үшін  суретте бейнеленген спорт ойындарының түрлерін атауы және әр суреттің астыңдағы қосу мен азайту амалдарын ауызша орындауы керек.

100-76=24 (коньки)

79+11=90 (скейтборд)

68-36=32(хоккей)

46+54=100 (футбол)

52+28=80(велосипед тебу)

90кг-69кг=21кг(баскетбол)

50см-19см=31см(шаңғы)

25см+13см=38см(теннис)

87см-37см=50см(турникке тартылу, қазақша белтемірге тартылу)

(Амалдар жеке-жеке, үлкейтіліп қағаздарға шығарылады)



 Бағандап есепте

    15                     43                       43

+                        -                         -

    28                    15                       28

     43                    28                      15

 Сабақтың мақсаты бойынша оңдық пен бірлік бойынша есептеу түсіндіріледі.

-Енді  есептеу  алгоритмін  айта қойыңдар.

Қиындық бар ма?

-Міне,балалар,  осы  бойынша  бүгінгі  сабақта  жұмысты  жалғастырамыз.

-Сабағымыздың  мақсатын  анықтап, айтайық: Екі таңбалы  сандарды  жазбаша  қосу  және  азайту  алгоритмін қолдауды үйренемін .



Хормен  және жеке  алгоритмді  1-2  рет  қайталатып  айтқызу  /слайд б-ша/

Екі таңбалы  сандарды

 жазбаша  қосу  және  азайту  алгоритмі:

Жазамын:

•       бірлікті бірліктің астына, ондықты ондықтың астына жазамын;

Қосамын/ азайтамын:

•      Бірлікке   бірлікті қосамын, жауабын бірліктің астына  жазамын;

•      Ондыққа  ондықты  қосамын, жауабын   ондықтың астына жазамын.

Оқимын:

•      Қосындының   мәні ......    /Айырманың   мәні  ......

(Үлкейтіліп қағазға шығарылады, тақтаға ілінеді, барлығы хормен қайталайды)



Сергіту  сәті «Көңілді  көжек»

Әуен ырғағымен билеу

Дәптермен жұмыс

Баған түрінде жазып, есепте.

78 + 17          18 + 64         72 – 26         78– 49

Оқушылар бір-бірімен дәптерлерін айырбастау арқылы тексереді, тақтаға дұрыс жауаптары ілінеді.

·        Кестемен жұмыс



а

 12

  9

  11

  40

31

А+15






52-а






Оқушыларға  парақтар  таратылады. Оқушылар  жеке отырып, тапсырмаларды орындап, санды  анықтайды.Соңында тақтаға дұрыс жауаптары көрсетіледі,

(МК,Т) «Проблемалық  жағдаят»

     -Балалар, бізге бүгін қонаққа  Көжеке келіп отыр. Оның сендерге бір өтініші бар екен.

      Тыңдаймыз ба?

     /аудиожазбаны тыңдау/

Көжек: «-Сәлем, балалар! Қалдарың қалай? Маған сендердің көмектерің қажет. Мен екі таңбалы сандарды жазбаша қалай қосып азайту керек екенін білмеймін. Сендер маған оны үйретіңдерші. Өтінемін! Ол үшін бірінші  менің орындаған тапсырмамды  тексеріңдер. Қате болса, түзетіп,  маған түсіндіріңдер. Сендерден жауап күтемін, балалар!»

............................................................................................

/Оқушылар  Көжекенің  тапсырмаларын  топта  отырып  тексереді. Қателерін  анықтайды. Түсіндіреді./

-Қай  өрнектер қате шығарылған?

34               57

+                -

23               33

  57               34



44               57

+                -

23               23

  77               34



- Көжек  неліктен  бұл  өрнектердің  мәнін қате  тапты?

Мүмкін  болатын жауап:-Өйткені, Көжек  екі таңбалы сандардың жазбаша  қосу  және  азайту  алгоритмін  білмейді.

-Иә,  дұрыс, балалар! Оған  түсіндіріп, үйретеміз бе?

-Иә!

/Оқушылар  Көжектің  қате  шығарылған өрнектерінің  жазбаша  орындау  тәсілін  түсіндіреді. /

Оқушылар  бір-бірінің жұмыстарын  шапалақпен бағалайды.

-Балалар,  ауызша  есептеу мен жазбаша есептеудің қандай  айырмашылығы бар?

Мүмкін болатын  жауаптар:-Ауызша есептеулерді үлкен разрядтардан бастайды, амалды солдан оңға қарай жылжи отырып орындайды.

-Ал жазбаша есептеулерді бірліктер разрядынан бастап, оңнан солға қарай жылжиды.

/Көжек оқушыларға ризашылығын айтып, қоштасып кетеді/

Үлестірмелі  парақтар















































Ламинатталған  тақталар































Сергіту сәті аудиоматериал

























































Көжектің  тапсырмалары,

 қима  өрнектер







Аудиожазба

үлестірмелі  парақтар



Сабақтың соңы



3 минут













·        Рефлексия:

- Балалар «Үш көмекшісінің» пайдасы тиді ме?

- Бүгін не үйрендіңдер?

- Көңіл-күйлерің қандай екен?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу  жән  азайтудың алгоритмдерін

    білемін және қолдана аламын -  жасыл стикер

    білемін, бірақ қолдануда  қиналамын – сары  стикер

Дорбаға салады екі түрлі. Келесі сабақта дорбадағы оқушылар   қиналатын тапсырмаларды орындалады.

·        Көжектің бағалауы.

Сабаққа өте белсенді қатысқан оқушыларға  көжек дорбасындағы сәбіздерін таратады.

Үйге тапсырма: Жұмыс дәптерінің 23-бетіндегі

5-ші тапсырманы  орындау.

Стик



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
499
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12