Материалдар / Ашық сабақ. Математика пәні бойынша: "Бір таңбалы сандарды қосу мен азайту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Математика пәні бойынша: "Бір таңбалы сандарды қосу мен азайту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен әдіс алмасу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
394
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Сынып: 1 «Б»

Мектеп: Ататүрік атындағы №4 мектеп лицейі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Серікбаева Б.А

Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарды қосу мен азайту


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны



Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.1.2.2 қосу және азайту өзара кері амалдар екенін түсіну, қосумен азайту компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау

1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:қосу және азайту өзара кері амалдар екенін түсінеді, қосумен азайту компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтайды.

Көпшілік оқушылар: қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқиды, жазады.

Кейбір оқушылар: қосумен азайту компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтап, талдайды.Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданып, өздігінен есеп құрастыра алады.


Бағалау критерийлері

Қосу және азайту өзара кері амалдар екенін түсінеді, қосумен азайту компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтайды.

Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.




Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминалогия:

Бір таңбалы сандар, қосу, азайту, қосылғыш, қосындының мәні, азайтқыш, айырма.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Тақырып бойынша сөздік қорын дамытады.

Қосу мен азайту компоненттері жайлы түсініктерін дамыту

-Қосудың компоненттерін ата.

-Азайтудың компоненттерін қалай айтамыз?

-Есептің шыққан жауабын математика тілінде қалай атайды?

Құндылықтарды дарыту


Патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, бір-біріне деген құрмет, сыйластық.


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сауат ашу

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Белсенді түрде қатысу, сондай-ақ адал және ұқыпты болу

-оқушылардың ақпаратты табуға, құруға, мәліметтер мен ой түйіндерін бөлісуге жетелеу;

-топтармен бірігу және топтасу, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын қалыптастыру;

-оқушылардың ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту.

Алдыңғы меңгерілген білім


Бір таңбалы сандарды біледі,1-10 ға дейінгі сандарды біледі, сандарды тура және кері санай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі «Жылулық шеңбері» әдісі

Кел, жаныма тұр, сыныптас.

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

/оқушылар бір-бірін қолдарынан ұстап, жылулық сыйлайды/

Мақсаты: Тыңдау дағдыларын дамыту, бір-бірімен теңестіру, достық қарым қатынасты қалыптастыру


(Ұ) Санамақ айту

«Бармақтар» отбасы санамағын аудиоматериалды қолдану арқылы хормен әндетіп айту.


Топқа біріктіру «Суретті сөйлет» әдісі

Мақсаты:тыңдау дағдыларын дамыту, Топқа шапшаң бірігу, жылдам топтасуға дағдылану. Оқушыларды бірлікке, достыққа шақыру

Шарты: Қосу және азайту амалының таңбалары жасырынған суреттерді таңдап алып, екі топқа бірігеді.

1 топ – қосу амалы

2 топ –азайту амалы


Жемістердің суреттері, қосу, азайту амалдарының суреттері, есеп таяқшалары, есепшот






аудиоматериал, ноутбук, колонка

Сабақ ортасы



«Ашық микрофон» Саймон Браунхилл бойынша әдісі өткен сабақты пысықтау

Мақсаты: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтуға үйрету.

Шарты: Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

Тиімділігі: Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі.

Қ.Б «Мадақтау»


1-тапсырма «Қосып көр» әдісі

Жұппен жұмыс

(айтылым, жазылым)

Мақсатым: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, жылдам есептеу қабілетін дамыту

Шарты: Суретке қарап сары балапандар мен қара балапандарды қосып, есеп құрастырады

Дескрипторлар:

-суретке қарап өрнек құрастырады;

-өрнекті оқиды

Қ.Б «Бас бармақ»

Сергіту сәті:

«Бұзық телефон» ойыны

Мақсаты: Дұрыс тыңдалым, айтылымға бағыттау.
Шарты: Шаттық шеңберге тұрып, бастаушы келесі адам құлағына кез-келген 3 санды сыбырлайды, соңында бастаушыға қайта келгенде сол сандар жету керек, кейін санды ауыстырып жіберген адам анықталады.


2-тапсырма Дәптермен жұмыс «Орындап көр» әдісі

Мақсаты: жазылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс жасауға бейімдеу.Оқушының шығармашылығын дамыту.

Шарты: Түсіп қалған сандарды жазып, азайту амалына мысалдар құрастырады.

Дескриптор:

- түсіп қалған сандарды жазады;

-азайту амалына мысалдар құрастырады.

Қ.Б «Мадақтау»


3-тапсырма Топпен жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі

Мақсаты: оқушылардың шапшаң қимылдауға үйрету. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, бір-бірін тыңдау дағдыларын қалыптастыру

Шарты:

1 топ: қосу амалына берілген есепті шығарып, дұрыс жауабын табу

2 топ: азайту амалына берілген есепті шығарып, дұрыс жауабын табу


Дескрипторлар:

- қосу және азайту амалына берілген есепті шығарады;

-өрнектің мәнін дұрыс жауаппен сәйкестендіреді.

Қ.Б «Стикерлер»


4-тапсырма

Денгейлік тапсырмалар

Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар орындауды үйрету

А деңгейлік тапсырма

Шарты: оқушылар қосу және азайту амалына есептер шығару, өрнекті оқу

В деңгейлік тапсырма

Шарты: түсіп қалған санды тауып, есепті шығару және салыстыру

С деңгейлік тапсырма

Шарты: суретке қарап 3 есеп құрастыру Дескрипторлар:

-есептер шығарып, өрнекті оқиды;

-түсіп қалған санды тауып, есепті шығарады және салыстырады;

- суретке қарап 3 есеп құрастырады.

Қ.Б «Екі жұлдыз, бір тілек»


5-тапсырма: «Кім бірінші»әдісі

Жеке жұмыс

Шарты: Қосу амалына берілген азайтумен орындалатын мысал құрастыр

6+3=9 7+3=? 9-?= ?-7= ?-3=

Дескриптор:

-қосу амалына кері азайтумен мысал құрастырады.

Қ.Б «Стикерлер»





Микрофон, есеп таяқшалары, есепшот




































37-жұмыс парағы 39- бет

Сабақтың соңы

«Сұрақ ілмегі» әдісі

Мақсатым:

Оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру.

Бұл әдісті ауызша жүргіземін. Сұрақ қою арқылы оқушының сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермегенін білуге болады.

Тиімділігі:

Оқушы сабақтың қай бөлігін түсінбесе, өздерінің сұрақтарын қойып, ойларын ашық айтады.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар:қосу және азайту өзара кері амалдар екенін түсінеді, қосумен азайту компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтайды.

Көпшілік оқушылар: қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқиды, жазады.

Кейбір оқушылар: қосумен азайту компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтап, талдайды.Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданып, өздігінен есеп құрастыра алады.
















Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Қ.Б «Бас бармақ»

Қ.Б «Мадақтау»

Қ.Б «Стикерлер»

Қ.Б «Екі жұлдыз, бір тілек»






Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы

Сабақ барысында үшкір заттардан, есеп таяқшаларынан, сызғыш құралдарынан сақтану ережесін құрамыз.


Сабақ бойынша рефлексия



Қашықтықтан білім жетілдіру курсы процесінде мен жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес педагогикалық әдіс-тәсілдерді, бағалаудың түрлерін, баламалы тапсырмалар қарастыруды үйрендім. Курс тренері мен әріптестерімнің кері байланысының көмегімен өз тәжірибеме көптеген жаңа әдіс тәсілдер қостым. Сабақтың оқу мақсаттарын сабақ мақсатымен байланыстыруды, бағалау критерилеріне нақты қоюды үйрендім. Сабағымда оқу мақсатына қол жеткізу үшін тиімді оқыту және оқудың түрлерін молынан пайдаландым.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!