Материалдар / Ашық сабақ. Математика.Бөлшектер. Бөлшектерді салыстыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Математика.Бөлшектер. Бөлшектерді салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2020
5827
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді математика

Мектеп: Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі

Сабақ тақырыбы: 109-сабақ Бөлшектер. Бөлшектерді салыстыру/ Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері

Күні:17.02.2020

Мұғалімнің есімі:

Сынып:4 "

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.2.1.5 алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыру, сан сәулесінде салыстыру;

4.5.2.1 жай бөлшектердің құрылуын, салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі және сан сәулесін қолдану;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыра алады

Оқушылардың басым бөлігі:жай бөлшектердің құрылуын салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі және сан сәулесін қолдана алады;

Кейбір оқушылар: жай бөлшектердің құрылуын салыстыруға бірнеше мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийлері:


алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыра алады

жай бөлшектердің құрылуын салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі және сан сәулесін қолдана алады;

жай бөлшектердің құрылуын салыстыруға бірнеше мысалдар келтіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жай бөлшектерді қалай салыстыру керектігін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек, алымы, бөлімі, өзара байланысты шамалар.

Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы.

Талқылау:

Жай бөлшекке мысал келтіре аласың ба?

Алымы дегеніміз не?

Бөлімі дегеніміз не?

Жай бөлшектерді қалай салыстыруға болады?

Жазу:

Жай бөлшектерді қалай салыстыруын жазу.



Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.

Ойлау дағдыларының деңгейі

білу, түсіну, қолдану

АКТ қолдану дағдылары

Электронды тапсырмалар.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Бөлшек, алымы, бөлімі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ынталандыру

Оқушылар берілген күн бейнелеріндегі сандарды оқиды.

Бүгінгі сабақтың бөлшек сандармен қатысты екенін анықтайды. Бөлшек туралы не білесіңдер?



Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

1 тапсырма

Әлия мен Болат сыныптастарының арасында «Сен­дер қандай су ішесіңдер?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізді. Мәліметтер диаграммада пайызбен берілген. Диаграмма бойынша теңсіздік құрастыр және жаз.

Жауабы: 23 < 51, 51 > 11, 11 < 15, 23 > 15, 23 > 11, 51 > 15

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыруды үйренесің.

2-тапсырма a) Суреттерді қара. Фигуралар­дың қандай бөлігі боялғанын жаз.

ә) Сан сәулесіндегі бірлік кесінділерге қара. Ол неше бөлікке бөлінген? Қайсысы үл­кен?

¼ 2/4 3/4 1\4 немесе 2/4? 1\4 немесе 3\4? (шешуі)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Дескриптор:

жай бөлшектердің құрылуын салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі және сан сәулесін қолдана алады;



Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Ортасы

Жаңаны ашу.

Есіңе сақта!

Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы кем болса, сол бөлшек кіші болады.

Өзіндік жұмыс №3 тапсырма

Тіктөртбұрыштың боялған және боялмаған бөліктерін көрсететін бөлшектерді жаз. Теңсіздік құр.

Шешуі: Боялған бөліктері – 14/18, 11/18, 10/18, 8/18.

Боялмаған бөліктері – 4/18, 7/18, 8/18, 10/18.

4/18 < 11/18; 11/18 < 14/18; 8/18 < 14/18;

4/18 < 7/18; 10/18 > 8/18; 10/18 > 4/18.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Дескрипторы:

алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыра алады

Жұптық жұмыс№4 тапсырма

Дөңгелектердің боялған бөлігін білдіре­тін бөлшек­терді жаз. Оларды салыстыр.

Шешуі: 1/2, 1/3, 1/4, 1/8. Ержені пайдаланып, алымдары бірдей екі бөлшектерді салыстырады.

1/2 >1/3; 1/4>1/8;

1/4<1/3; 1/8<1/2.

Дескрипторы:

алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыра алады


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Белсенді оқу тапсырмалары.


Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Оқулық

Аяқталуы


Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Оқушылар оқулықтағы №5 тапсырманы түсіндіре отырып бөлшектерді салыстырады

6тапсырма

Дәптеріңе осындай бірлік кесінді­мен сәуле сыз. Сан сәулесіне , бөлшектерін белгіле. Бөлшектерді салыстыр.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Дескриптор:

жай бөлшектердің құрылуын салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі және сан сәулесін қолдана алады;


7 тапсырманы «Дәмді жемістер» әдісі арқылы орындайды. Әр жемісте тапсырма берілген. Алдарындағы себеттеріне дұрыс шығарған дәмді жемістерін жинайды. Оқушылар түсіндіре отырып көрсетілген өлшем бірліктермен өрнектейді. Кімде жеміс көп болса, сол оқушы жеңімпаз болады.

1м2 = 100см2.

Яғни, 123м2 = (123·100) см2 = 12 300 см2

13 000мм3 ірі өлшем бірлікке см3 -қа өрнектеу қажет.

1см3 = 1 000мм3, 13 000мм3 = (13 000:1 000) см3= 13см3

45 000км = (45 000 · 1 000) м = 45 000 000 м

230т = 230 000 кг

12г =12 000мг

1 апта =7тәул. 24 апта = (24·7) тәул.=168 тәул.

1 тәул.= 24сағ, яғни 288сағ = (288 : 24) тәул. = 12 тәул.

23 360 000см = (23 360 000 :100) м = 233 600 м

500км = (500·1000·100)см =50 000 000 см

5 000мг = 5г

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Математика күнделікті өмірде .Топта орындау№9 тапсырма

Табиғаттың тазалығын сақтау үшін қандай іс-әрекет атқаруға дайын екеніне қатысты сауалнама жүргізіп, оны диаграммаға салады.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

10тапсырма Жұпта орындау

 Есептерді шығар.

  1. Бір алманың массасы – бір килограмның 1/10 бөлігі. 6 алма­ның массасы қанша грамм болады?

Шешуі: 1000:10·1=100г (Бір алманың салмағы)

100·6 = 600г (6 алманың салмағы)

Жауабы: 6 алманың массасы 600 грамм.

  ә) Жер телімін суаратын арықтың ұзындығы бір километр­дің 1%-ына тең. Метрмен алғанда арықтың ұзындығы қандай? 

Шешуі: 1000:100·1 = 10м 10м километрдің 1%-ына тең. Жауабы: Арықтың ұзындығы 10 метр.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Сен зерттеушісің 10 тапсырма Таразының сол жақ табақшасында бүтін ірімшік тұр. Ал оң жақ табақшада осындай ірімшіктің 3/4-і және массасы бір килограмның 3/4бөлігіне тең кіртас тұр. Таразының сол жағындағы ірімшіктің килограммен массасы қандай?

Үйге тапсырма №12Әр дөңгелектің қандай бөлігі боялған.Бөлшек түрінде жаз Оларды өсу ретімен орналастыр

«Бас бармақ» кері байланыс.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!