Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Мәтін және оның түрлері 5-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар Күні: Сынып: 4 |
Мектеп: «Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Ұлықбекова Амангүл Ертуғанқызы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Мәтін және оның түрлері |
||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.2.1.1 - мәтін түрлерін (әңгімелеу/ сипаттау/ пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау. 4.2.3.1мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. 4.2.4.1. Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды анықтау. |
||||
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: Мәтіннің түрлерін, құрылымдық бөліктерін ажыратады алады, ойын байланыстырып айтады. |
||||
Оқушылардың көпшілігі: Мәтіннің құрылымын сақтай отырып әңгімелеу мәтінін жазады. Мәтіннің түрін анықтап дәлелдер келтіреді. |
|||||
Оқушылардың кейбірі: Мәтін бөліктерінің мазмұндық байланысын сақтай отырып жазады. Көрген, оқыған ақпараттарды тұжырымдап, ойын дәлделдей отырып мәтінді жалғастырып жазады. |
|||||
Бағалау критерийлері |
- Мәтін түрлерін анықтай алады; - Мәтінді құрылымдық бөліктерге бөлуде дәлделдер келтіре алады. Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын өзара сәйкестендіре алады. Мәтіннің құрылымын сақтай отырып әңгімелеу мәтінін жаза алады. |
||||
Дағдыларды дамыту |
Түсіну, қолдану, жинақтау. |
||||
Сөздік қор |
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Шежіре, жусан, зерттеу, сұлтан. Алған ақпаратты саралап, жинақтайды және жазады. Тарихи оқиғаның мазмұнын түсіне отырып, мәтін түрін анықтап, дәлелдер келтіріп өз пайымымен негіздейді. |
||||
Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар: - Жусанда туған жердің иісі бар дегенді қалай түсіндірер едің? - Мәтіндегі негізгі ой қандай? - Мәтіннің құрылымы неше бөліктен тұрады? |
|||||
Құндылықтар |
Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану пәнімен – қазақ халқының тарихы мен географиялық орналасу жері туралы ақпаратпен танысып, зерделейді. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Ғаламтор желісінен қосымша ақпарат іздейді, іріктейді, қолданады. |
||||
Бастапқы білім |
Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтай алады. Көмекші сөздердің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтайды. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 3 мин
2 мин
3 мин
1 мин
2 мин
1 мин |
Ой қозғау. «Қоңыр» тобының «Туған жер» әнін тыңдау. - Туған жер дегенде ойларыңа қандай сөздер оралады? - Неге туған жерді балалық шақпен байланыстырып айтқан? Топқа біріктіру: «Қарқын» әдісі бойынша жүзеге асады. Мұнда топтардың жұмыстары қарқынды, нәтижелі болуын жүзеге асыру үшін, топта белсенді оқушылар мен қолдауды қажет ететін оқушылардың бірдей түсуі көзделеді. Топқа бірігу. Оқушылар үстел үстіндегі сөздерді ала отырып 4 топқа бірігеді. 1 топ - «Туған жер», 2 топ «Шежіре», 3 топ «Жусан», 4 топ – «Атамекен». Осы топ атаулары болған сөздермен сөздікпен жұмысы жүргізіледі. - «Туған жерде жусанның иісі бар» дегенді қалай түсінесіңдер? Алдымен оқушылардан осы сөздер туралы білетіндері, естігендері, оқығандары болса өз білімдерін ортаға салу ұсынылады. Сосын, ойларын жинақтап қажет болған жағдайда толықтырулар енгізіп білімдері толықтырылады. Топ мүшелерін сайлау. Хатшы, шабарман, топ басшысы, тайм спикер.
Алдыңғы білімдерін қайталап, жаңа сабаққа көпір жасау. - Мәтін дегеніміз не? - Мәтіннің негізгі белгілері қандай? Бүгінгі сабағымыздың оқу мақсаты: Мәтін түрлерін анықтап, құрылымдық бөліктерге бөлеміз. |
https://youtu.be/s2fnDArg5Ks
«Қоңыр» тобы «Туған жер» әні
Топ атаулары жазылған қима қағаз.
Жеке сөздер
|
|||
Сабақтың ортасы 3 мин
5 мин
10 мин
5 мин
2 мин |
Тыңдалым, айтылым. - «Сұлтан Бейбарыс» кинофильмінен үзінді көру барысында қандай сезімде болдыңдар? - Үзіндіні мәтіннің қай түріне жатқызар едіңдер? Неліктен? - Қандай сұрақтарға жауап береді? - Тақырыбы мен мәтіннің негізгі ойы сәйкес келе ма? - Неге Сұлтан Бейбарыс Отанынан жырақта өсті? - Отаны есіне түскенде қандай сезім билейтін? Оқылым. ӨЖ. «Жусанда туған жердің иісі бар» мәтінінің орны ауыстырылып берілген бөліктерін ретке келтіреді. «Кім жүйрік» әдісі бойынша тақтадан дұрыс нұсқасымен салыстырып «Жұптық бағалау» арқылы бірін-бірі бағалайды.
Жазба жұмысы. Әр топтың оқушылары топ атаулары бойынша. 1 топ - «Туған жер», 2 топ «Шежіре», 3 топ «Жусан», 4 топ – «Атамекен» әңгімелеу мәтінін жазады. «Шынжыр» әдісі бойынша мәтін жазу ұсынылады. Бағалау критерийі: - Сабақта оқыған, көрген ақпараттарды тұжырымдай отырып әңгімелеу мәтінін жазады. - Мәтіннің құрылымын сақтай отырып жазады. - Мәтінге тірек болатын сөздерді анықтап, астын сызады. - Сауатты, көркем жазады. Тапсырма жеке орындалады. Топта бір-біріне оқып, ең үздік деген мәтін сынып ішінде оқылады. Дескриптор: - сабақ барысында оқыған, көрген материалдардағы ақпараттар қамтылған; - мәтіннің құрылымы сақталған; - тірек сөздердің асты сызылған; - мәтін бөліктерінің мазмұны жағынан байланысқан; - мәтіннің түрін ажыратып, дәлелдеп айтып бере алды; Дескриптор арқылы оқушылар өзін-өзі «Блоб ағашы» арқылы бағалайды.
- Осы мәтінді жазу барысында әңгімелеу мәтіні туралы қандай ереже шығарар едіңдер? Оқушылардың ойларын тыңдап, оқулықтағы ережемен салыстырып тұжырым жасату.
Ереже. Қандай да бір нәрсе туралы әңгімеленеді, хабарланады. Не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап береді. |
«Сұлтан Бейбарыс» кинофильмінен үзінді.
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |