Ашық сабақ: "Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі." 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі." 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: «Горное негізгі мектебі» КММ

Күні: 12.01.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамедина Г.Е

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1. Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2. Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу)қолдану

1.3.8.1.Жазу жолын ,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап ,әріп элементтерін каллиграфикалық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: К дыбысы мен әрпін ажыратады, «К» әрпі бар сөздерді буындап, тұтас оқи алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Каллиграфиялық талаптарға сай, сауатты жаза алады. «Табиғат» тақырыбына қатысты К әрпі бар сөздерді біледі, мысалдар келтіре алады

Кейбір оқушылар орындай алады: «Пирамида» әдісі арқылы бір, екі, үш буынды сөздер құрастырып, дыбыстық талдау жасай алады.

Бағалау критерийлері

К дыбысы мен әрпін таниды, ажыратады;

Сөздерді буындап, тұтастай оқи алады;

Каллиграфиялық талаптарға сай жазады;

Табиғатқа қатысты сөздерді атайды, К әрпі бар сөздерге мысал келтіреді;

Өздігінен бір, екі, үш буынды сөздер құрастырып айта алады, дыбыстық талдау жасайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек,дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтада аудиожазба арқылы ертегі тыңдайды

Тілдік мақсат

Табиғат -........, күшік -...........

К дыбысы қандай дыбыс?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


5минут

І. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мұғалім:

Қара достым, жан-жаққа

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма қараңдар,

Кітап, дәптер, қаламдар.

Оқушылар:

Қарадық біз жан-жаққа.

Дайынбыз біз сабаққа.

Орнында тұр барлығы,

Кітап, дәптер, қаламда.

-Балалар көңіл күйлерің қандай? Оқушылар алдарыңда жатқан смайликті көрсетеді.



Өткен сабақты пысықтау

«Дұрыс-бұрыс» әдісі арқылы ойыны.

Ойын шарты: Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Олар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ортаға бос екі орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: -«Е дауысты дыбыс», -«Е дыбысы сөздің басында келеді.», -«Е дыбысы сөздің соңында келеді» -«Е дыбысы жуан дыбыс» -«Әріпті естиміз, көреміз» -«Дыбыстар үшке бөлінеді» --«Етікші сөзінде 2 буын бар»

Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.

Ширату жаттығуы:

Аудио үнтаспадан ертегіні тыңдату.

Тыңдалым: «Күшік пен мысық» ертегісі


Айтылым:

Мұғалім сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын сұрайды, сабақ тақырыбын ашады.

-Ертегі не туралы ?

-Күшік неге кездеседі? -Күшік не дейді? -Екеуі келе жатып неге жолығады? -Қасқыр нені жейді? -Тойған қасқыр күшікке не дейді? -Іші пысқан күшік неге жолығады? -Мысыққа не дейді? - Мысық не дейді? -Күшік жолда нелерді көреді? -Түйеге күшіктің шамасы келе ме? -Міне, балалар, «әлін білмеген әлек» деген осыдан қалған екен.

«Миға шабуыл» әдісі (Іздендіру жұмысын ұйымдастыру.)

-Балалар «Күшік» деген сөз қай дыбыстан басталды?

К» дыбысы және әрпімен таныстыру.


-балалар дыбысты дауысты немесе дауыссыз екенін қайдан білуге болады?

(Дауысты дыбысты созып, әндетіп айтуға болады. Ал дауыссыз дыбыс – созылмайды, қысқа айтылдады)

  • Ендеше К дыбысын созып айтып көрейік?

  • Не байқадыңдар?

  • К дыбысы созылып айтылмайды. Оқушылар «К»-нің дауыссыз екенін анықтайды.

Тақтаға назар аударыңыздар.

«Текемет», «кесіртке», «елік» сөздерінің суреттерін көрсету.

«К»-нің дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келуін анықтайды.

Таңбасын үйрету.

Қорытынды шығарайық!

«К»- дауыссыз дыбыс. «К» дыбысы сөз басында, ортасында, соңында келеді.


Дескриптор: білім алушылар

-Суреттерді атайды, «К»-нің дауыссыз дыбыс екенін ажырата алады;

- «К» дыбысы сөз басында, ортасында, соңында келетінін ажырата алады.



Топқа бөлу. Оқушылар пазл арқылы үш топқа бөлінеді. (оқушыларға қиылған суреттер таратып беріледі, олар қиықтардан тұтас сурет шығарады)















«Дұрыс-бұрыс» ойыны.






















https://www.youtube.com/watch?v=NnenyTbUC8A





Сабақтың ортасы

8 минут



Саралау тапсырмасы.

Топтық жұмыс:

І-топ.Адасқан буындар әдісі. Кеспе буындардан сөздер құрау.

ІІ-топ. Суретті диктант. Суреттегі заттардың аттарын жазу.

ІІІ-топ. Әріптер мен сандар әдісі.Бір сан айтылады оқушылар санға байланысты сөздер жазады.

Дескриптор: Оқушылар буындардан сөз құрай алады; Суреттегі заттардың атауларын қатесіз, сауатты жаза алады. Оқушылар дыбыстық талдау жасай алады.


Практикалық тапсырмалар

2-тапсырма.

«Сөз ойла, көп ойла» ойыны. (әдіс)

Ойын мақсаты: «Табиғат» тақырыбына қатысты (берілген сурет бойынша) «К» дыбысы сөз басында, ортасында, соңында келетінін сөздерді атай алады



3- тапсырма. Тақтада бір оқушыға орындату.

Жеке жұмыс

Күшік сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Дискрипор: Білім алушы

- Күшік сөзіне дыбыстық талдау жасай алады.

Бағалау: «+» ; «-» әдісі арқылы бағалау.

Оқушылар бірінің жұмысын бірі тексереді және бағалайды. Дұрыс болса «+» қате болса «-» таңбасын қояды.




1 минут

Сергіту сәті:

«Ұшты,ұшты» ойыны (ойын әдісі)

Шарты: оқушылар шеңберге тұрып, К дыбысы басында кездескен сөзде ғана оқушылар қолдарын көтереді.




4-тапсырма.Жазылым.

Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс. «К» әрпінің баспа және жазба нұсқасын көрсету. Әріп элементтерін аудио мәтіннен көрсету,

К дыбысының элементтерін бірінші ауада, содан соң дәптерде жазғызу.

Дескриптор:

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазады.


Оқылым-жазылым комбинациясы арқылы:

5-тапсырма: Оқулықпен жұмыс. № 1

1.Мұғалім дауыстап оқиды, оқушылар қосылып оқиды.

2 «Әріптер пирамидасы»

Пирамида әдісі бойынша К дыбысы бар сөздерді бір буынды, екі буынды,көп буынды сөздер ойлап тап.



Shape1

Дескриптор: білім алушылар

-буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды, түсініп оқиды.

Бір, екі, көп буынды сөздер құрастыра алады


Бағалау: Мұғалім тарапынан «Минуттық шешім стратегиясы». Мақсаты: тапсырмаға сәйкес ойлау қабілеті жоғары, қарқын оқушыларды қолдау.





Сабақтың соңы

2 минут



«Ия, жоқ» ойыны арқылы білімдерін бекіту.

-К дыбысы сөздің басында кездесе ме?

-К дыбысы дауыссыз ба?


Кері байланыс «Кеме» әдісі























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
589
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі