Материалдар / Ашық сабақ "Мен жеті жастамын" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Мен жеті жастамын" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған сабақ жоспарын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үлгі есебінде қолдана алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1753
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі сабағы                                                                                                    1-сынып

Сабақтың тақырыбы:    Мен жеті жастамын

  Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жастарына сәйкес сөйлете білуге үйретутүстерді, киімдерді, сандарды қайталау. 

1.2.1.1. Сөйлеу барысындатанысу, өз туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. 2. Сөздік қорын байыту. 3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, ойын

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралы, суреттер, карточкалар, аудиотаспа

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

Түстер, киімдер, сандар, оқу құралдар туралы сұрау 

ІІІ.Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс.

Жаңа сөз:  жас-возраст (лет)

Мұғалім сөздің лексикалық мағынасын түсіндіреді.

1.Суретке қара. Тыңда, қайтала.

Суретке қарап: Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын – сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен қайталайды. Аудиотаспадан қайталайды

2.Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша сөйле.

-   Сен неше жастасың?

-   Мен алты жастамын.

-   Данил, сен неше жастасың?

-   Мен жеті жастамын.

3. Қайталау.

Мұғаліммен бірге саусақтарын санайды.

 Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз.

Беске бесті қосамыз.

Оң аяғымда бес башпай.

Сол аяғымда бес башпай.

Бәрін бірге қосамыз.

Болып шықты он башпай.

Оқушылар суреттегі сандарға қарап тағы да санап шығады..

 4.Толықтырып айт.

Мен бес жастамын.  Сен алты жастасың.

Мен сегіз жастамын. Сен жеті жастасың.

Мен жеті жастамын. Сен төрт жастасың

 Оқушылар «мен» және «сен» жіктеу есімдіктерін және жіктік жалғауларын дұрыс қолдануға үйренеді.

 Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс:

Жаңа  сабақты қорытындылау.

Сен неше жастасың?

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.

 Балалар сау болыңыз!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!