400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, "Мен өзімді танимын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, "Мен өзімді танимын" 5 сынып оқушыларына арналған ашық сабақ жоспары. тақырыбы: "Мен өзімді танимын" Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірдегі орнын дұрыс әрекетте болғанда ғана табатынын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мен өзімді танимын Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әдепті болу. Мұғалім: Амирова Т.М Сынып: 5«а,ә,б»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірдегі орнын дұрыс әрекетте болғанда ғана табатынын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Өмірде басқалар туралы жаман ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - өсек айтпауға, әдепті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхақа » барамыз.


  1. Үйге тапсырмасын сұрау. Әнуарбек Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған өлең жолдарын жатқа айтып беру.

«Біз өмірдің гүліміз»

Зеңгір көктен Бал достыққа,

Нұрын төккен, Жолдастыққа,

Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз.

Жайдары өскен, Тыныштықта,

Жайнап өскен, Нұр құштықта,

Біз өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз!


. 3. Дәйексөз

«Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады»


  1. Әңгімелесу.

Сенің өзің Василий Сухомлинский

Өзіңе өзің ие бол. Өзіңе өзің қызмет етуді кішкентайыңнан үйрен. Мойның жар бермейтін, бірақ істеуге керекті нәрсені атқаруға өзіңді өзің үйрете біл.

Адамдарға жамандық ойлама, адамдарды ренжітпе, адамдар- дың жанын ауыртпа, мазасын алма, тыныштығын кетірме. Кішкентайыңнан қанағатшыл болуға үйрен. Бар жаныңды сала оқу – сенің тал бойыңа жарасқан. Ой жалқаулығын жек көр.

Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн – бұл босқа өткен күн.

Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани байлығыңның қайнар көзі кітап болып табылады. Өз кітапханаңды жасақтап ал. Кітапты оқып қана қойма, сонымен бірге оны қайталап оқы.


  • Өзіңе өзің қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қанағатшыл болуға үйренудің маңызы қандай?

  • Жақсы қасиеттерді шыңдаудың қандай пайдасы бар?

  • Өзің күнделікті немен шұғылданасың?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

1-топ:«Жақсы адам болу үшін не істей аламын?» - деген сұраққа жауапты жосиар түрінде жазамыз.

2-топ: «Жақсы болу – парызым» тақырыбына эссе жазу.

3-топ: Жоба түзеді – «Мен қандай адам болғым келеді» (төмендегі сұрақтарға жауап жаза отырып түзу;)

  • Менің қалауым не?

  • Мен нені жақсы көремін?

  • Мені не қызықтырады?

Қорытынды: Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық. Абай.


6. Топпен ән айту.

«Сен маған сүюді үйреттің» Ә:ЕрболБайырбеков,

С:АқмаралЛеубаева

1.Сен маған сүюді үйреттің, 2. Кім дос,кім дұшпанды үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Уайымшыл бір мұң едім. Басымды июді үйреттің, Иіскеп қысқанды үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ... Құшақсыз бір гүл едім. Шынайы күлуді үйреттің, Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім. Нөсерлі көктем едім

Өмірді сүруді үйреттің, Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім. Ұстазсыз мектеп едім.

Қайырмасы: Қ-сы: 2-рет.

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім. 


7. Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: «Айгөйлек» әнін жаттап келу


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. . Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.12.2021
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі