Материалдар / Ашық сабақ "Менделеев-клапейрон теңдеуі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Менделеев-клапейрон теңдеуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал физика пәні мұғалімдеріне ашық сабақ ретінде пайдалануға болатын үлкен материал кең көлемде жазылған сабақ жоспары . Жаңа сабақты меңгеруде ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдысын қалыптастыру мақсатында жазылған.осы сабақта психологиялық жағымды ахуал туғызу, тілдік мақсаттарды пайдаланып, тәжірибелік жұмыстар жасалынды,сабақ барысында көңіл-күйге байланысты рефлексия, сабақтан алған әсері жайлы рефлексия орындалып, оқушылар бағаланды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
811
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақтарал ауданы

8 Н.Оңдасынов атындағы ЖОМ

Физика пәні мұғалімі: Г.Тәуекелова

Сабақтың тақырыбы:

Деформация

Мектеп:Г.Тәуекелова

Күні:5.11.20117

Мұғалімнің есімі:Бөлекбаев С

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

1.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

2.Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Деформация –Деформация-deformation

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу»

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»


Ортасы

20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

«Броундық қозғалыс»

Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

Мақалдардың физикалық мағынасын түсіндір:

1. Жоғары лақтырылған тас өз басыңа құлайды. (Қырғыз)

2. Сарқырама қанша жоғары құлап аққысы келсе де, бәрібір ол төмен ағады. (Қытай)

Нені үйренуіміз қажет?

Серпімділік күші дегеніміз не?

Гук заңы нені анықтайды?

Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

Осы сұрақтарға бүгін өтілетін сабақ жауап береді.

Өткен сабақта үй жұмысына мен Роберт Гук жайлы мәлімет жинауды тапсырған едім. Кім Гук туралы қысқаша айтады?

Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi.

Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi.

1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.

1661 жылы каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн жариялады.

Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кеткен.

Кейін ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi.

1703 жылы қайтыс болды.

Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.

Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.

Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.

Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал: |F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl =l - l0 — дене ұзындығының өзгеруі


Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады 

Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады 
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады. 
1. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды. 
2. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды. 
Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды! 

Серпімді деформация үшін Гук заңы :   Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ.

F = kx

k- дененің қатаңдығы, Н/м

x- дененің созылу немесе ұзару шамасы, м

Күшті өлшейтін арнайы құрал – динамометр қолданылады. Динамометрдің әртүрі бар:қол динамометрі, тарту динамометрі, мектеп динамометрі

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді ағылшын тілінде үйренейік.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Күш-Сила-Ғorce

Серпімділік-Упругость-Elasticity

Гук заңы-Закон Гука-Hooke's law

Деформация-Деформация-Deformation

СозылуРастяжение-Stretching

Сығылу-Сжатие-Compression

Бұралу-Кручение-Torsion

Майысу-Изгиб-Bending

Ығысу-Сдвиг-Shift

Серпімді-Упругий-Elastic

Пластикалық (серпімсіз)-Пластичный-Plastic

Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші (Deformation force) деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады

Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады

Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.

Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.

Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.

Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды!

Серпімді деформация түрлері:

Созылу

Сығылу

Бұралу

Майысу

Ығысу

Енді оқушылар сендер тақтадағы нұсқауларға сүйене отырып тәжірибелер жасап қорытынды жасайсыңдар.

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі


Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.



«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы түсіндіріледі.


«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы 20 минут

Синтез

Тақырыпты қайталап есептер шығару:

А-деңгей

  1. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

  2. Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

  3. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см ұзарды, сонда серпімділік күші 0,004кН тең, серпімділік күші 10Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?

  4. 320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылады. 1,6кН күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады?

В-деңгей

  1. Жай тұрған серіппенің ұзындығы 88 мм, оны 120 мм-ге дейін ұзартқанда 120 Н серпімділік күші пайда болады. Осы серіппеге 90Н күш түскендегі ұзындығын анықтаңдар.

  2. Серіппенің қатаңдығы 6*103н/м. Оның оның серпімділік қасиетінің сақталу шегі 18мм. Егер серіппеге 50Н, 100Н және 150Н күш түсіретін болсақ серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?

  3. Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні қандай болған?

С-деңгей

  1. Қатаңдығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2үдеумен қозғалады. Сымның созылуы неге тең. ( )

  2. Қатаңдығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдеуімелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі неге тең. ( )

  3. Көтергіш кран тросының массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілгенде 10 см – ге созылады. Тростың қатаңдығы? ( )

  4. Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы қандай болады?

  5. Қатаңдығы 100 Н /м –ге тең сымды 1см –ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?  ( 1 Н)

  6. Массасы 0,2 кг балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 500 Н / м –ге тең қармақ бауы қаншаға созылады?  (0,04 м)


Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?






























Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің физика пәні мұғалімі: Гүлмира Тәуекелованың 10 сыныпқа «Менделеев-Клапейрон теңдеуі» тақырыбындағы ашық сабағы.




Сабақтың тақырыбы:


§ 4.6. Менделеев-Клапейрон теңдеуі

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Тәуекелова

Күн:05.12.2017ж

СЫНЫП: 10


Қатысқан оқушылар саны: 10


Қатыспаған оқушылар саны: 10

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

  • Менделеев-Клапейрон теңдеуі жайлы мағлұмат беру

  • Менделеев-Клапейрон теңдеуінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Бірін-бірі бағалай білуге баулу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре алады, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Физикалық ұғымдармен таныстыру олардың мағынасын ашу. Ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктеріне тоқталады.     

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

  • Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері жайлы мағлұмат алады

  • Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

Топта бағалай алатын болады

Тілдік құзіреттілік

Молекула-молекула-molekula

Кинетикалық-кинетическая-kineticos

Ресурстар

Cуреттер, технокодтар, пробиркалар

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

химия

Алдыңғы оқу

Менделеев-Клапейрон туралы ұғым алдын болды ма?

Қай жерлерде кездесті?

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :Ұйымдастыру куезеңі

Жаңа білімге бағыт

Жаңа сабақ

Тәжірибелік бөлім

Есеп шығару

Қорытындылау

Бағалау

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:





Жаңа білім

10 минут





Термодинамикалық параметрлерді бір –бірімен байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі деп аталады.

Shape2

-универсал газ тұрақтысы.

Универсал газ тұрақтысы дегеніміз –заттың 1 молінің температурасын 1 К-ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екенін көрсететін физикалық шама.

-идеал газ күйінің теңдеуі. Менделеев-Клапейрон теңдеуі.


-Клапейрон теңдеуі.






Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







  1. Идеал газ деген не?

  2. МКТ негізгі теңдеуі жайында не білеміз?

  3. Больцман тұрақтысы неше тең?


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

Формула айту


Сәйкестендіру

Оқушылар формула айтып сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез



Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы


Бағалау


5 минут

Кері байланыс

3 минут

«Ғажайып қоржын»


«Менің көңіл күйім баспалдағы»

Кері байланыс пирамидасы

Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


«Ғажайып қоржын»



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?
























«Тексерілді»:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Муталиева


Сабақтың тақырыбы:

§5.1-5.2 Механикадағы салыстырмалы принципі.Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырғылығы.

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Тәуекелова

Күні: 7 .12.2017ж

СЫНЫП: 11


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

  • Механикадағы салыстырмалы принципі.Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырғылығы жайлы мағлұмат беру

  • Механикадағы салыстырмалы принципі.Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырғылығын техникада және формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

Топта бағалауға баулу

Сабақ нәтижесі:


  • Механикадағы салыстырмалы принципі.Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырғылығы жайлы мағлұмат алады

  • Механикадағы салыстырмалы принципі.Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырғылығын техникада және формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

Топта бағалай алатын болады

Бағалау критерийі

1.Өз бетінше шығарылған есептерді бағалау

2.Формула айту бойынша бағалау

3.Топпен жұмысты бағалау

4.Тараудың маңызды мәселелерін талқылап айтуды бағалау

Тілдік құзіреттілік

Постулат,салыстырмалық принцип,инвариант

Ресурстар

Cуреттер, технокодтар, пробиркалар

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

химия

Алдыңғы оқу

  1. Галилей түрлендірулері қалай жазылады?

  2. Инвариантты шамалар деген не?

  3. Галилейдің салыстырмалы принципі қалай тұжырымдалады?


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:





Жаңа білім

10 минут






Галилей түрлендірулері:

Бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне көшкенде өзгермей қалатын шамалар инвариантты шамалар деп аталады. Үдеу-инвариантты.

Галилей принципі: барлық инерциялық санақ жүйелерінде механикалық құбылыстар бәрі бірдей өтеді.


Салыстырмалылық теориясының постулаттары:

  1. вакуумдегі жарық жылдамдығы жарық көзінің жылдамдығына да жарықты қабылдаушының жылдамдығына да жарықты қабылдаушының жылдамдығына да тәуелсіз. Ол барлық бағытта және барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей, табиғаттағы ең үлкен шекті жылдамдық.

  2. Кез келген инерциялық жүйеде барлық физикалық құбылыстар бірдей жағдайларда бірдей өтеді, яғни таңдап алынған инерциялық санақ жүйесіне қатысты физикалық заңдар инвариантты.








Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут




Берілген суретті түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.









Топтың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Сергіту сәті

2 минут

Формула айту

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез




Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы


Бағалау

5 минут


Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс







«Тексерілді»:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Муталиева

Сабақтың тақырыбы:

Серпімділік күші, Гук заңы

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Тәуекелова

Күні:07.12.2017ж

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.2.2.5 Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

1.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

2.Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік



Серпімділік күші, Гук заңы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Деформация

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б


1-топ:

Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер


«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.


«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)








Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

І деңгей


1. Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалатындығы баяндаңыз.

2. Физикада күш деген сөзді қалай түсінесің?

3. Күш немен сипатталатындығын түсіндір.

4. Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді?

5. Деформация деп нені айтады?

6. Дененің деформациясы қалай пайда болады?

ІІ деңгей

1. Күштің сызбасын түсіндіріңіз.

2. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?

3. Серпімді және пластикалық деформацияларға анықтама беріңіз

4. Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болатындығын түсіндіріңіз

5. Серпімділік күші қалай қарай бағытталатындығын баяндаңыз.

ІІІ деңгей

1. Пластикалық деформация мен серпімді деформацияға мысалдар келтіре отырып анықтама беріңіз, бір бірінен ажыратып, ерекшелігін баяндаңыз.

2. Қандай жағдайларда серпімді деформация пластикалық деформацияға айналатындығын мысалдар келтіре отырып түсіндіріңіз

3. Қандай күш 1 Н-ға тең болады?

4. 1кН мен 1МН–ды 1Н-ға айналдырыңыз, түсіндіріңіз.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.


Сергіту сәті

2 минут

«Қара жорға» биі

видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

















«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі








Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

«Жария

лау» әдісі

«Салыстыру кестесі»

«Ыстық орын

дық» орындық әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Балл






































«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?



Бағалау парақшасы













Рефлексиялық шеңбер


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?











Сабақтың тақырыбы:

5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»


Мұғалімнің аты-жөні: Г.Тәуекелова

Күні: 14.12.2017ж

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.2.2.6 тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;

7.2.2.7 үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Үйкеліс күші.

Үйкеліс әрекетін техникада ескеру


«Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Серпімділіккүші, Гук заңы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.



Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.



«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)








Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут








Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс.

Аудио материалдарды тыңдау.

Үйкеліс күші.

Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Бір дене екінші дене бетімен қозғалған кезде,

қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болады екен.

Үйкеліс табиғатына мысалдар: шананы мұзбен сүйреу құм бетімен сүйрегеннен жеңілдеу, жиһаздардарды еден бетімен жылжыту қиынға түседі, жол бойымен келе жатқан көлік қозғалқышын өшіргеннен кейін тоқтайды т.б.

Үйкелісті азайту үшін -беттерді жылтыр етіп өңдеу керек,

Үйкелісті азайту үшін -үйкелетін беттерді майлау керек,

Үйкелісті азайту үшін - сабын көпіршіктерін пайдалануға болады.

Судан аулай салысымен, балықтардықолда ұстау қиындау себебі, сыртқы қабатында үйкелісі аз болғандықтан.

Үйкелетін материалдарды таңдау арқылы да үйкелісті реттеуге болады:

Резеңкенің -топырақ ,ағаш, асфальт беттерімен ілінісуін болдырмау үшін үйкелісті азайту шараларын қарастырады.

Үйкелісті арттыру үшін- резеңке пайдаланамыз

(бөлшектерді резеңкеден жасау, етігіміздің табанына резеңке жапсыру)

Қыста мұз бетінде үйкелісті арттыру шараларын жасайды(жолдарға құм,тұз себу)

Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Ғүйк – үйкеліс күші.

Үйкеліс түрлері

Сырғанау үйкелісі

Домалау үйкелісі

Тыныштық үйкелісі

Үйкелістің пайда болу себептері:

Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы

Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.

Үйкеліс :

Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,

Олардың өңделу сапасына;

Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.

N –нормаль қысым күші.

N=mg

Fүйк=µN

µ - үйкеліс коэффициенті

Сонымен, үйкеліс-жанасатын беттердің материалына,беттердің өңделу сапасына, бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Үйкеліс көп те,аз да болуы мүмкін - сондықтан,оны сандық жағынан сипаттауғаболады.

Тәжірибемен түсінейік:

Бұл жағдайда үйкеліс күші мен тарту күші бір-біріне тең болады,бірқалыпты қозғалады.

Тәжірибеден мынадай қортынды шығады:

Динамометрдің көрсететін тарту күші-үйкеліс күшінің сан шамасын анықтайды.

Үйкеліс күшін өзгерту үшін-білеуге жүк қойып,тақтайға түсіретін күшті өзгерту арқылы үйкеліс күшінің де шамасын арттыруға болады.

5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

Сұрақтарға жауап:

1.Көктайғақта неге тротуарға құм себеді? (үйкелісті көбейту үшін)

2. Неге жаңбырдан соң грунт жолы тайғақ болады? (сұйықта бөлшектер тез қозғалады, қатты денелерден гөрі сұйық қабаттарының үйкелісі аз).

3. Шаңғының астын неге майлайды? (май қабаты үйкелісетін беттерді ажыратып, үйкелісті кемітеді).

4.Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?

1. Үйкеліс не себептен болады?

2. Қандай үйкеліс түрлері болады?

3. Үйкелісті қалай азайтуға болады?

4. Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болаы?

5. Нормаль қысым күші дегеніміз не?

6. Үйкелістің пайдалы жақтарын көрсететін мысалдарды келтіріңдер.

7. Үйкелістің зиянды жақтарын көрсететін мысалдарды көрсетіңдер.

6. Қорытындылау. Үйкеліс күші –жанасқан екі дене бетінің арасында қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған күш.

Үйкелістің үш түрі бар

Қажет жағдайларда үйкелісті азайтуға, немесе көбейтуге болады

Өндірісте үйкеліс күшін азайтуға подшипниктер қолданылады.

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту


БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді









Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!