Материалдар / Ашық сабақ "Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі" 1сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі" 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне, сабағын жоспарлау кезінде көмек береді, жас мамандарға көмегі тиеді сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
2554
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің орынбасары:



Күні:13.11.2017

Сынып: 1ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Менің отбасым және достарым»

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.8.1. берілген сюжетті бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Д дыбысы бар сөздерді айтады. Өзге оқушылардың ой-пікірін тыңдайды және диалогқа қатысады.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Оқушылар дос туралы сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрайды. Сипаттап айтады. Өз ойын білдіреді.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Сюжетті суреттерге сай сөйлемдерді құрастырады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым,

Тілдік құзыреттілік

Дос, достық, сыйластық, көмек беру, тату болу, ренжітпеу, кешірім сұра, кешіре біл.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут




























Жаңа сабақты түсіндіру

1 Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңберіне» шақыру

- Қайырлы таң, көздерім! Ояндыңдар ма?

- Қайырлы таң, құлақтарым! Ояндыңдар ма?

- Қайырлы таң, қолдарым! Ояндыңдар ма?

- Қайырлы таң, аяқтарым! Ояндыңдар ма?

- Қайырлы таң, Күн!

- Мен ояндым!

- Көңіл-күйіміз қандай? Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені, біздің сабағымызға апайлар қатысып отыр. Апайлармен амандасып алайық.

- Бүгін аптаның қай күні?

Оқушылар топқа бірігіп, өз топтарын таныстырады.

1-топ- шеңбер, 2-топ-үшбұрыш, 3-топ-шаршы.

-Енді, сабақтың ережелерін еске түсірейік!

1-ереже Сабақта бірі-бірімізді тыңдаймыз

2-ереже Біреудің айтқанын қайталамаймыз

3-ереже Уақытты босқа өткізбейміз

4-ереже Сабаққа белсене қатысамыз

1-тапсырма:

Әр топқа тапсырма беріледі. 1топ- суреттер беріледі, сол суреттердің атауларын жазу керек.

2-топ Сөздерді буынға бөлу

3-топ Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Дескриптор:

- заттардың атауын дұрыс жаза біледі

- сөздерді дұрыс буынға бөле алады

- дыбыстық талдау дұрыс жүргізеді

Тапсырманы бағалау. Қазір күз мезгілі болған соң, ағзамызға дәрумендер қажет, сондықтан оқушылар жеміспен бағаланады.


«Қошқар мен теке» мультфильмін үзіндісін көрсету.

Мультфильм бойынша сұрақтар қоя отыра жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

  • Видеороликке назар аударайық.

  • Осы көріністен қандай ой туындады.

  • Ойымызды ортаға саламыз.


  • Мультфильмнен нені ұнаттыңдар?

  • Қай кейіпкер сендерге ұнады?

  • Қошқар мен текенің достығы қандай болды?

  • Сендердің ойларыңша достар қандай болу керек?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

Біз бүгін достық туралы айтамыз, демек бүгін қандай әріппен танысамыз?

- Өте жақсы! Д дыбысы бар сөздерді айтамыз

Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды, адал дос екенсіңдер

Достық сөзін тақтаға іліп қою

Оқушылар шығып сөздерді оқып, іледі.



Шаттық шеңбері











Сабақтың ортасы

8 минут



1 Тыңдалым.

Достары көп Мараттың,

Ойнайды олар аулада.

Ағасымен Болаттың

Барады олар тауға да.

-Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

-Бұны балалардан сұрап көрелік.

2. Сюжетті сурет бойынша сөйлемдер құрастыру. (А3 форматта оқушылар орындайды)

- Балалар, сендердің алдарында бірнеше сөздер бар.

-Сендер топта осы сөздерден сөйлем құрастырасыңдар. Сөйлемдеріңе сәйкес суретті таңдап, сол суреттің жанына өз сөйлемдеріңді жапсырасыңдар.

1 Достар құстарға ұя, араларға үйшік жасады.

2 Достар далада аққала жасады.

3 Біз дос екеуміз үй құрастырдық.

4 Досым маған оқуға көмектесті.

5 Достар бірге жақсы ән айтты.

6 Достар ауланың қарын тазалады.

7 Достармен бірге көңілді.

Оқушылар топпен шығып , өз сөйлемдерін оқиды.

Әр тапсырма жемістер арқылы бағаланады.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

«Еуропа қалашығына саяхат» жасау.

1 шапалақ – қол алысып

2 шапалақ –иықтарымен

3 шапалақ – арқаларымен

4шапалақ –бір-бірін құшақтасып амандасады

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы


16 минут




2 Оқылым. «Ойлан, тап» ойыны. Буындардан сөз құрайық

Да ла ау ла Да на Ду лат

Да ла да ау ла да Д ана да Ду лат та

Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа.

-Сенің досың бар ма?

Shape3 Shape2 Shape1


3 Жазылым Ауада жазу.

Дәптермен жұмыс.






Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

  • Балалар, бүгінгі сабақта нені білдік?

  • Қандай әріппен таныстық?

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Олай болса, көңіл-күйімізді алдымыздағы смайликпен көрсетеміз


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Күз мезгілі болғандықтан оқушыларға жақсы жауап берген үшін жемістер сыйлаймын.


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!