Пәні: Қазақ
тілі
Сыныбы:
5-сынып
Сабақ
тақырыбы: Менің
мектебім
Сабақ мақсаты :
Білімділік: «БжС» технологиясының
«Ауызша сабақ -1» картасы бойынша «Менің мектебім» туралы мәлімет
беру, өз түсінгендерін практикада қолдана
білу.
Дамытушылық: Зейінді, ойлау жылдамдығын,
есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын
арттыру сөздік қорларын
молайту.
Тәрбиелік
мәні: Тиянақты болуға, достыққа,
ұйымшыл бола білуге жетелеу.
Сабақ
типі: «БжС» технологиясы бойынша
жаңа тақырыпты түсіндіру.
Технология:
«БжС» технологиясы,
«Ауызша сабақ -1» картасы
.
Сабақтың
көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын
тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы
сұрақтар;
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.:Оқушылармен
амандасу,
- Сабақтың тақырыбы мен
таныстыру
- Кезекшінің мәліметі.
Сабағымызды бастамас бұрын біз сыныбымыздың
көшбасышына сөз береміз.
Сынып көшбасшысы Афанасьева
Виталина.
-
Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз
ба?
-
Біз мектептің мақтанышы боламыз
ба?
-
Қазақ тілінен бес алып нәтижеге жетеміз
бе?
Балаларға іске сәт тілей отырып сабағымызды
бастаймыз.
І
кезең. Үй тапсырмасы. Өткен
тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар арқылы сөздік қорды
тексеру
-
«Мектеп-ана» өлеңін кім
жазды?
-
«Сауатты», «мәдениетті»
сөздерінің орысша аудармасы
қандай?
-
Есептік сан есімнің сұрақтары
қандай?
-
«Мектеп» сөзінде неше буын
бар?
-
Күшейтпелі шырай дегеніміз
не?
-
«Белсенді», «міндет»
сөздерінің орысша аудармасы
қандай?
-
«Оқушылар» сөзінде неше
буын бар?
-
Сан есім дегеніміз не?
-
Сын есім мағынасына қарай неше түрге
бөлінеді?
-
Қазақ тіліне тән дыбыстарды
ата?
ІІ
кезең. Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Мұғалім жаңа тақырыпқа
қысқаша кіріспе мәлімет береді.
а) Қабылдауды
ұйымдастыру.
Тірек сөздермен
жұмыс.
Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді
балалар
30 секунд ішінде оқып, есте
сақтайды.
Белгіленген уақыт біткен
соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптер леріне
жазады.
1. Мектеп
2. Атауы
3.Көше
4. Ғимарат
5. Қабат
6. Сынып
7. Ереже
ІІІ
кезең. Ойлауды
ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс- 3 минут
беріледі.
"Менің мектебім"
Мектеп деген сөз араб
тілінен шыққан. Ол "Оқу орны" деген ұғымды білдіреді.Мектеп бізге
білім береді. Менің мектебім мен Тоқсан би орта мектебінде бесінші
сыныпта оқимын. Біздің мектеп Интернациональ көшесінде
орналасқан.Біздің мектептің ғимаратын 1977 жылы қалады. Қазір
мектеп директоры Воронцова Александра Сергеевна.Біздің мектеп екі
қабатты ғимарат.Оның іші кең, жарық, әдемі, жылы және таза.Мектепке
кіргенде бірінші қабатта оң жақта спортзал, сол жақта асхана,
кітапхана, шағын орталық жәнебастауыш сыныптары бар. Біздің
кітапханаүлкенемес.Онда оқулықтар, сөздіктер, қызықты кітаптар,
әртүрлі әдебиеттер бар.Біздің спортзал үп-үлкен.Оныңіші
жап-жарық.Екінші қабатта бірмұғалім бөлмесі мен он сынып бөлмесі
орналасқан.Мектепте оқушыларға арналған ереже бар: жақсы оқу,
тәртіпті және үлгілі болу.Мектептің жанында әдемі гүлдер, ағаштар
өсіп тұр. Маған мектебім ұнайды.Мен осындай мектепте оқығаныма
қуаныштымын.Мен өз мектебімді мақтан
етемін.
Қарама-қарсы
сұрақтар.
1. Мектептің ғимараты қашан
қаланды?
2. Мектептің екінші қабатында неше сынып
бөлмесі бар?
3. Кітапхана нешінші қабатта
орналасқан?
4. Мектептің қазіргі директоры
кім?
5. Сен қай мектепте
оқисың?
6. Мектебің қай көшеде
орналасқан?
7. Сенің мектебің неше қабаттан
тұрады?
8. Сенің мектебің
қандай?
9. Шағын – орталық сөзі
орыстілінде қалай аталады?
ІҮ
кезең. Бекітуді алғашқы
ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан сұрақтар
қою.
Мұғалім оқушыларға сұрақ
қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс
болса- «иә», қате
болса- «жоқ» деп қоймай сұрақтарға толық
жауап жауап беруі керек.
Дұрыс емес сұрақтар. Сыни тұрғыдан
сұрау.
1.Мектеп директоры Махметова Мәрзия
Жигоровна.
2.Кітапхана сөзінің аудармасы
"класс".
3.Біздің мектеп үш қабаттан
тұрады.
5.Мектеп "Мира" көшесінде
орналасқан.
6. Магазин сөзінің аудармасы
"мектеп".
7.Тарих пәнінің мұғалімі Афанасьева Людмила
Владимировна.
8.Сенің сынып жетекшің Соболь Ольга
Сергеевна
Ү
кезең. Сөздік қор: (40-50
сөз)
Ал, енді ,балалар,
кітаптарыңды жауып, бүгінгі сабағымызда қандай сөздер естеріңде
қалды соның барлығын дәптерлеріңе жазыңдар.5 минут өткен соң
оқушылар дәптерлерін ауыстырып, неше сөз жазғанын
айтады.
ҮІІ.
Бағалау. Сабақтың соңында неше (+)
және неше (-) алғандарын оқушылармен санап, бағасын
айтамын.
«5» -4,5
«4»- 3
«3»- 2
«2»- 1
ҮІІІ.Үйге
тапсырмасы: 148-бет. 1-тапсырма.
Кестені толтыру.
«Тоқсан би » орта
мектебі
Ғалым – практик, психолог
Ф.Я.Вассерманның жетекшілігімен «Биоақпараттандыру және
синергетика» технологиясын эксперимент ретінде енгізіп, өткізген
сабақ жоспарым
Дайындаған
мұғалім: Тоқсан би орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Абуова Эльмира
Наурзбаевна
2016-2017 оқу
жылы