Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Менің отбасым"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану (баяндама)
Ойын – әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Мұғалімнің басты міндеті – оқушылардың қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту.
Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай технологияның бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.
Ойынның мақсаты – бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Ойын элементтерін сабақта екі
түрлі мақсатта пайдаланамыз. Оның біріншісі – оқушының сабаққа
қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі–оқушыларды
тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау
қабілетін дамыту.
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу және қазақ тілі пәнін оқытудың
түпкі мақсаттарының бірі – халқымыздың әдет – ғұрпын, тарихын,
тілін, мәдени мұраларын танып – білуге талаптандыру, оларды
құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірімен
тығыз байланысты. Өйткені олар шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік
тұрмыстан туындаған. Қазақтың ұлттық ойындары: ханталапай, сақина
салу, қыз қуу т.б. осындай ойын элементтерін пайдалана отырып
сабақтар өткіземін.
Математика сабағында «Ханталапай» ойынын өткіздім.
Ойынның мақсаты: балалардың ауызша есептеу қабілетін арттыруға арналған.
Мазмұны: Ойын бір топ баламен жүргізіледі немесе топқа бөліп өткізуге болады. Талапай – ау, талапай, Табылды ойын алақай! Асықты алға шашамыз, Талапайға басамыз, – деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығында жазылған өрнектің жауабын айтады.
Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді оқу, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын жүргіздім. Мен бір оқушының алдына сақина қоямын да «май» - деп дауыстаймын. Сақинаны алған оқушы «мыл», «шам» - деп дауыстайды. Сонымен маймыл, майшам сөздері шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім.
«Буын» тақырыбына ойын былай
өткізіледі: «Ойлан,
тап!».
1. Бір буынды тұйық буынға мысал келтір (ат, ет, ант,
өрт).
2. «та» буынына аяқталған екі буында сөз ойла (баста,
аяқта).
3. «Т» әрпінен басталып, «т» әрпіне аяқталатын бір буынды бітеу
буынға мысал келтір (төрт, тарт).
4. «Б»
әрпінен басталатын екі буынды құс аты және аң аты (бұлбұл,
бұғы).
«Қай әріпті
жоғарттым» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылар дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады.
Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы: "Синонимін табайық" ойыны.
Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.
Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.
Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.
Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.
Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде «Орамал тастау» қазақтың ұлттық ойынын ойнаттым.
Бұл ойынның шарты: Сыныптағы қатар бойынша 3 топқа бөлдім. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-ші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қала» - деп дауыстайды, ол қағып алып «шық» - дейді немесе «ны», «ға», «ның» - дейді. Сонда «қалашық», «қаланы», «қалаға», «қаланың» тағы басқа сөздер шығады. Айтылған сөзге қосымша жалғау керек, мысалы: «ойын» - деп дауыстаса – «ойыншық», «ойынды», «ойындар» т.б. Орамалды қағып алған ойыншы түбір сөзге қосымша жалғап немесе уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді.
«Мұғалім қай жерде қателесті?» ойынын жүргіземін. Бұл ойынның шарты: Мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады, ал сендер жұрнақ болмай тұрған сөздерді табасыңдар.
Мысалы: Жұмысшы, жазғы, т.б.
Мұғалім енді тақтаға бірнеше жалғау жазады, ал сендер жалғау болмай тұрған сөзді табасыңдар.
Қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу». Ойынның шартын түсіндіремін. Қызға да, ұлға да бірдей тапсырма беріледі.
-
Аңның атын жаз.
-
Сөзде неше дауысты дыбыс бар?
-
Жуан және жіңішке дыбыстардың астын сыз.
Ойын
Ұлттық. Дидактикалық. Логикалық.
Ұлттық
ойын ойнау баланың салт – дәстүріне, әдет – ғұрпына деген
сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырады. Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың
ақыл – ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей
емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез
ұғады, кейбіреулері керісінше. Кейде үлгере алмайтын оқушылар да
кездеседі.
Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз
мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту,
өзіндік пікір айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа
жетелейтін осы пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі
–грамматикалық ойынның түрлері.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой – өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс–тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша
1. «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. а) Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
ә) А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.
Мысалы: Алматы, Астана, Ақмола...
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық. І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық, Азиза, аға, ана, апа, ата, іні, кезек, ала, аша, ара, қызық, шаша, надан.
2. «Дыбыс таңдау» ойыны. Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
3. «Жоғалған әріп» ойыны
...ор, ...алық, ...ота, та..а, ...оран.
Лексика саласы бойынша
1. «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
-
Ұяда....
Ұшқанда ...
2. «Кім білгір?» ойыны. Тақтаға заттардың, жан – жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?
3. «Кім
тапқыр?» ойыны. Ішінде антоним сөздері бар
мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.
а) Үйдің ... - ... қыс түскенде білерсің
(ыстық-суығын)
Кімнің ... - ... іс түскенде білерсің (дос-қас).
ә) Ашу - ..., ақыл - ... (дұшпан, дос).
б) Ақылдан жақын ... жоқ (дос),
Ашудан жаман ... жоқ (жау).
Ойын «Сөздерден сөз тер». Бауырсақ
(Жауабы: Бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау...)
Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге болады. Бұл ойын оқушылардың буынға дұрыс бөліп оқу дағдысын дамытады. Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар».
Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап» ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ұйқасын тап ойыны»
Бата алмас тіпті,
Үсті тікен... (кірпі).
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді ... (шымшық)
«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1–қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2–қатарға «баяндауыш» деп ат қойылады. «Бастауыштар» сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. Мысалы:
Бізде қызық ойын бар
Ал, ықылас қойыңдар.
Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық,
Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық.- балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта–ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян».
Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандандыруға болады. Мысалы:«Шөжелерім», «Әйгөлөк». «Қаражорға».
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгеру құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшілігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.
Ұлы Абай атамыздың «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма» деген пікірінен бала өміріне ойынның маңыздылығын көруге болады.
Кез – келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой – өрісін ойын арқылы дамытады.
Алдағы уақытта әріптестеріме Ұлы Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес заяға» - деген өсиетін айтқым келеді.