Мотивациялық
қозғаушы
|
Балалармен
сәлемдесу.
Сәлеметсіздер ма, балалар!
Бүгін бізге қонақтар келіп қалыпты. Қәне ең алдымен қонақтармен
сәлемдесіп алайықшы.
Шаттық
шеңбер!
Қол ұстасып
тұрамыз,
Үлкен шеңбер
құрамыз.
Сәлем беріп
сіздерге
Күннің нұрын
сыйлаймыз.
Біз ақылды
баламыз,
Әсем әнге
саламыз.
-
Жарайсыңдар балалар! Күннің
шуағы төгіліп,табиғат оянып, айнала түрлі- түсте кейіпке енетін
уақыт қай мезгіл? (Макетті
көрсету)
-
Балалар, әр мезгілдің өзінің
ерекшелігі бар екенін білеміз. Ендеше жылдың төрт мезгілі туралы
қане кім айтып
береді?
Дұрыс, балалар! Қандай ақылды
баласыңдар!
Ал , енді балалар біз орманға
саяхатқа шығамыз ба?
Алдымызда арықтағы су бар
екен.
Бірақ бұл суда не жоқ
балалар?
Судың жағасында үлкен- кіші
тастар бар екен сол тастарды теріп, көпір құрып орманға өтіп
кетеміз.
Орманға барғанда жаңбыр жауып
кетеді. Жаңбырдан соң ағаштардың түбінде саңырауқұлақтар шығады
екен. Қәне балалар саңырауқұлақтарды теріп шығайықшы. Бұл
саңырауқұлақтарымыздағы сандарға қарайықшы. Кімнің қолында қандай
сан бар?
-Жарайсыңдар балалар!
Саңырауқұлақтарды жинау үшін бізге кірпі керек. Ендеше кірпі
жасайықшы.
Жарайсыңдар балалар! Сендер
қандай ақылды, ұқыпты баласыңдар! Ал, балалар қараңдаршы
орманымызда ертегі кейіпкерлері бар екен.Бұл қай ертегі
кейіпкерлері.
Дұрыс айтасыңдар, қәне ендеше
бұл ертегіні қонақтарымызға құрып
көрсетейікші.
Жарайсыңдар балалар! Қандай
ақылды балаларсыңдар!
Енді балалар орманымызда одан
әрі саяхаттап жүреміз. Алдымыздан тағыда ертегі кейіпкерлері
шығады. Бұл қай ертегі балалар? Дұрыс балалар! «Бауырсақ» ертегісін
театрланған саусақ моторикасымен құрып
көрсетейікші
Жарайсыңдар балалар! Сендер
көп ертегілерді біледі екенсіңдер. Мен сендерді мақтан етемін. Ал,
енді балалар кеш болып қалды ормандан үйімізге
қайтайық.
Қане балалар барлығымыз күннің
нұрын жүгерінен
жасайық
Жарайсыңдар, балалар!
Қонақтармен қоштасып, өлең шұмақтарды айтып, сыйлығымызды
береміз.
|
Амандасады.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып
тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап
айтады.
-Көктем айларына наурыз,
сәуір, мамыр айлары жатады. Күн жылытады, ағаштар гүлдеп, құстар ән
салады.
-Жаз айларына маусым, шілде,
тамыз айлары жатады. Суға шомыламыз, жемістер жеп, гүлдер
тереміз.
-Күз айларына
қыркүйек,қазан,
қараша айлары жатады.
Жапырақтар сарғаяды, жел соғады. Шалқан, қауын
піседі.
–Қыс айларына желтоқсан,
қаңтар, ақпан айлары жатады. Қар жауып, күн
суытады.
-Ия
Балалар қолдарын көтеріп,
шатырдың астына
кіреді
-Шалқан
ертегісі.
Балалар шалқан ертегісін құрып
шығады.
Балалар копірден өтіп,
орманнан қайтады.
Шеңбер болып
тұрады.
-Күн
көмектесті!
Күннің нұрын
сыйлаймыз,
Ашық болсын көк
аспан.
Қабыл алыңыз
қонақтар,
Сыйды біздер
жасаған!
|