Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Менің Тәуелсіз Қазақстаным. Ашық сабақта Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығы қарсы алдында ұйымдастырылды. Оқушыларға Тәуелсіздіктің қадір қасиетін, құндылығын түсіндіріп өттік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құндылық: Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

8-бөлім. Менің Тәуелсіз Қазақстаным.

Қ.Сарин. «Тәуелсіздік» өлеңі

1-бөлімше. Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Мектеп: КММ «№44 мектеп-г имназия»

Күні:11.09.2020 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Ардагер Несібелді

Сынып: 5 (Т2)

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын

оқу мақсаттары

5.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;

5.2.1.1 тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу;

Сабақ мақсаттары

(бағалау критерийі)

Барлық оқушылар орындай алады: жаңа сөздермен танысады, мағынасын түсіндіреді, антоним, омоним, синонимдерін таба алады, орфоэпиялық нормаға сәйкес дыбыстайды, тыңдалым мәтінінің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолданып, өлең мазмұнын талдайды, өз ойын жеткізе алады

Кейбір оқушылар орындай алады: тақырыпты жан-жақты қамтып, негізгі көтерілген мәселені анықтап, өзіндік идеяларын қосады, сыни көзқарастарын білдіреді, өз пікірлерін өзгелердің пікірімен салыстырып, бір-бірімен ой бөліседі


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, талдау


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: «тәуелсіздік» сөзінің мағынасын түсінеді, тақырып бойынша сұрақтарға нақты дәлелдерімен жауап береді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: еркіндік, азаттықтың әр таңы, шер мұң, өгей, боданында, боздақтарым, алты алаш

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

азаттық, бабалар арманы, тәуелсіздік жолы, шуақты күндер.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Тәуелсіздік» сөзін қалай түсінесің?

...............................................................

«Тәуелсіз Қазақстан» туралы не білесің?

.....................................................................

Не себепті ... деп ойлайсың?

Неліктен «Тәуелсіздік» ең басты құндылығымыз болып саналады?

Сурет бойынша талқылау оңай ма, әлде қиын ба?

Ишара: қол қимылдары

Алдыңғы оқу

Мен не үйрендім? (5.1.6.1; 5.2.4.1;)

Жоспар

Жоспар-ланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар











Басы

12 мин

Ұ

Психологиялық жағымды орта қалыптастыру

«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы білім алушылар ортаға шығып, шаттық шеңберін құру арқылы бір-біріне жағымды көңіл-күй білдіріп, жақсы тілектерін айтады.



«Шаттық шеңберін» сақтай отырып, «Топ таңдау» әдісі бойынша сандықшадан сөздерді таңдайды:1 топ - «Тәуелсіздік», 2 топ - «Азаттық», 3 топ - «Еркіндік» берілген. Осы сөздер арқылы топты бөліп аламын.

Т Алдыңғы оқу.

Бағалау критерийі:

- Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы алдыңғы тақырыпты еске түсіреді

- Өз ойын еркін жеткізеді

- Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтайды

«Қар кесегі» әдісі арқылы әрбір топ оқушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады, сұрақтармен кезек-кезек алмасады. Алдыңғы оқуды еске түсіреді.

Дескриптор

- Сұрақ қою арқылы алдыңғы тақырыпты еске түсірді

- Өз ойларын еркін жеткізе алды

- Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтады

Қалыптастырушы бағалау: Жарайсың!. Өз ойыңды дәлелдей алдың! Жақсы! Ойыңды толықтырып жеткізуге тырыс! деген фишкалар таратылады

Oval 20 Oval 19




Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіледі.










https://www.google.com








































Ортасы

20 мин


Ұ

ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ ЖҰМЫС

Бағалау критерийі:

- жаңа тақырыпты суреттер арқылы болжайды

- сұрақтарға жауап береді

- өз ой-пікірін білдіреді

- ұжым ішінде талқылайды

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1. Суретте не бейнелеген?

2. «Тәуелсіздік» сөзің қалай түсінесің?

3. Тәуелсіз Қазақстан туралы не білесің?

4. Қазақстанның болашағың қалай елестетесің?

5. Қазақстанның жеткен жетістіктері?

Дескриптор

- суреттер арқылы жаңа тақырыпты анықтай алды

- сұрақтарға жауап берді

- өз ой-пікірін білдірді

- ұжыммен бірлесіп талқылады, өз пікірімен салыстырды

Қалыптастырушы бағалау: «Қолпаштау» әдісі арқылы (әдістің қалыптастыратын дағдылары: бірін-бірі бағалау, ынтасын арттыру, қажеттіліктерін қанағаттандыру) ұжым арасында бағалайды.

Кері байланыс: Сурет бойынша талқылау оңай ма, әлде қиын ба?

Нені түсіңбедің?

Жарайсыңдар, балалар! Сендер дұрыс таптыңдар! Бүгінгі сабақтың тақырыбы « Менің Тәуелсіз Қазақстаным».


ТЫҢДАЛЫММЕН ЖҰМЫС

ЖЖ

Бағалау критерийі:

- жаңа сөздермен танысады, мағынасын түсінеді

- жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолданып, ойын жеткізеді

- орфоэпиялық нормаға сәйкес дыбыстайды

1-тапсырма. «Графикалық органайзер» әдісі арқылы тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолданып кестені толтыр.

Жаңа сөздер: тәуелсіздік, азаттық, мұң, өгей, бодан, боздақ




Дескриптор

- жаңа сөздермен танысты, мағынасын түсіне алды

- жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолданып, ойын жеткізе алды

- орфоэпиялық нормаға сәйкес дыбыстай алды

Қалыптастырушы бағалау: «Пікір парағы» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды

Кері байланыс: «Бір плюс, бір минус» стратегиясы арқылы тапсырманың орындау барысында сәтті шыққан бір мезетті, сәтсіз, түсініксіз болған бір мезетті атайды.


Ж

2-тапсырма. Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін ақынның өзінің орындауында // www.zharar.com/kz сайтынан тыңда.


Тәуелсіздік

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!


Уа, Еркіндік,
Қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?


Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі (128 сөз)

(Қалқаман Сарин)

Т

Бағалау критерийі:

А деңгейлі оқушылар өлеңді тыңдайды, мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды

В деңгейлі оқушылар мәтінде көтерілген мәселенің аясында бір-бірімен ой бөліседі

С деңгейлі оқушылар сыни көзқарастарын білдіреді, өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады

Сараланған тапсырма - балаларға (жекелеп немесе топтарға) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әр түрлі тапсырмалар беріледі. Аса қабілетті балаларға айтарлықтай жоғары деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін, мәселелерді шешу қабілеттері мен зерттеу қабілетін пайдалануды талап ететін күрделі тапсырмалар беруге болады.

3-тапсырма. «Дара диаграмма» графикалық әдісі арқылы білім алушылар әр бөлікке негізгі идеяны, ақпаратты жазады.





Group 25













Дескриптор

А деңгейлі оқушылар өлеңді тыңдап, негізгі мазмұнын түсінді

В деңгейлі оқушылар тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолданып, ойын жеткізе алды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.12.2021
848
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12