Үй дегеніміз не?
«Үй» сөзі латынның «домус»деген сөзінен шыққан,
бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар
өмір суретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам
баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық
мекені.
Дәстүрлі тұрғын
үйлер.
Үйді салған кезде елдімекеннің
табиғи жағдайы есепке алынады. Әр халыққа тән тұрғын үйдің көптеген
түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган,
Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда –
пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай,
Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата
(там).
Киіз
үй. Қазақ халқы ерте заманда
көшпелі тіршілікеткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы
малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын
материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін
ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі
тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап
ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам
тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта
жинаған.
.
Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды.
Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты
керегемен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік.
Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп
атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ»
ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені
білдіреді.
|
Психологиялық дайындық:
«Мен ақылды баламын»
Ойын «Кім тапқыр?» Өткен
тақырыпты еске түсіру арқылы үй құрастыру. Қандай фигуралардан
құралғанын анықтау.
Үй сөзін
қазақша,орысша,ағылшынша
айтқызу.
Суреттер таңдау бойынша
топтарға бөлу.
1-топ:Киіз үй. 2-топ:Ағаш
үй. 3-топ:Кірпіш үй. 4-топ:Көп қабатты
үй.
Осы топ аттарындағы үйлерге
көңіл бөлдірту.
Бұрынғы және қазіргі
баспана. Оқушылардыңназарын әртүрлі үй
суреттеріне аударыңыз. Олар әр үй туралы не айта алады? Оқушылар
қандай қорытынды жасайды? Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары
туралы ақпаратпен толықтырыңыз. Олардан қандай үй
түрлерін
білетінін анықтаңыз. Оларды
салыстыруын сұраңыз.
Мәтінді оқығаннан кейін киіз
үй туралы білімдерін тексеріңіз. Оқушылар киіз үйді қайдан көргенін
сұраңыз.
Жауабы: Суреттен, мерекелерде,
ауылдық елді мекенде және т.б.
Сен білесің бе? Оқушылардан
мәтінді оқып шығуын сұраңыз. Олармен бірге өткен сабақта танысқан
«дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіріңіз. Шаңырақты әкеден балаға
мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани
құндылықтың сақталуына ықпал етеінін білуі
қажет.
Интербелсенді тақтадан киіз үй
бөліктерін көрсету.
Қазіргі кезде қандай үй
түрлері бар?
Биік-аласа,үлкен-кіші,кең-тар
ұғымдарын бекіту.
Баспана тек адамдарға ғана
керек пе?
Ойын:»Өз баспанасын тап»
(интербелседі тақтадан көрсету.)
Жануарлардың өз баспаналарын
тауып беру.
Топтық
жұмыс:
1-топ:»Үйді жабдықта»(бөлмені
жабдықтау)
2-топ:»Қажетті заттарды тап»
(керекті заттарды топтау.)
3-топ:»Менің арманымдағы үй»
(сурет салу.)
4-топ:»Балаға көмектес» (пазыл
құрастыру.)
Суреттегі бала неліктен өз
портфелін таба алмай жатқанын сұраңыз. Оқушылар балаға мінездеме
береді. Бұл тапсырманы қорытындылай отырып, оқушылар өз үйлерінде
тазалық пен тәртіпті қалай сақтайтынын әңгімелейді. «Жайлылық» және
«өзіне-өзі қызмет көрсету» ұғымдарын
түсіндіріңіз.
Үйдегі жайлылық – бұл тек
тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жандар жылы ерекше
жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне
қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған
қызмет түрі.
Сергіту
сәті:»Көңілді
жануарлар»
Дәптермен жұмыс:»Менің
бөлмем» суретін салу.
Анықта. Бұл айдар оқушылардың
«мекенжай» ұғымы бойынша білімін анықтауға көмектеседі. Бұл
тапсырманы сыныпта немесе үйде өз бетімен орындайды. Тапсырма
оқушылардың өз мекенжайларын дұрыс айту және жазу дағдысын
бекітеді.
Бекіту:Біз
бүгін не туралы
білдік?
Қандай үйлер болады
екен?
Қазақтың дәстүрлі баспанасы не
деп аталады?
Үйдің негізгі бөлігі не?
(шаңырақ)
Сабақ соңында оқушылардың
назарын өздері бірге құрастырған үйге
аударыңыз.
Үй қандай болу керек?
(жылы,жайлы,таза,жарық,кең,әдемі) Сол сөздерді өздері құраған үй
айналасына орналастырады.
Рефлексия:
|