Материалдар / Ашық сабақ "Мерекелер" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Мерекелер" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға қажет деп ойлаймын,тәжірибе алмасуда
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2018
3230
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам

Ортақ тақырып: 6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.

Бөлімше: 1.6 Мерекелер

Күні:

Сыныбы: 2


Мектеп: « Д.Бабаев атындағы №115ЖББМ» КММ


Мұғалімнің аты-жөні: Нурахунова Р.Ч

Қатысқан оқушылар саны: 23

Қатыспаған оқушылар саны:1

Сабақтың тақырыбы:

Наурыз мейрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.6.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелерінің мәнін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:









Прямая соединительная линия 9

Ойлау деңгейлерінің дағдылары

Барлық оқушылар: Қазақстан Респуликасының мемлекеттік және ұлттық мерекелерінің мәнін түсінеді..

Көптеген оқушылар: Ұлттық және мемлекеттік мейрамдарды әңгімелейді,сұрақтарға жауап бере отырып, мағынасын сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Ұлттық мейрам Наурыз мерекесінің маңызын түсіндіреді және қосымша дерек көздеріне дәлелдер келтіреді.




Білу.Түсіну.Қолдану.

Бағалау критерийі

Мемлекеттік және ұлттық мерекенің мәнін түсінеді. . Наурыз мерекесінің мәнін , мағынасын сипаттап айта алады.Дерек көздерден дәлел келтіреді.Наурыз мейрамындағы салт-дәстүрін сипаттай біледі.

Тілдік мақсаттар:

Наурыз мерекесінің мағынасын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология: мемлекеттік мейрам, ұлттық мейрам, мереке, тәуелсіздік.

Ұлттық және мемлекеттік мейрамдар туралы алынған ақпаратты саралайды. Мейрам туралы алған әсерін суреттеп айтып береді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: . Наурыз мейрамы қай кезде тойланады?

- Неліктен көктемде тойланады?

- Наурыз мерекесі неліктен ұлттық мейрам болып аталады?

-Наурыз мейрамында қандай сал-дәстүрлер көрініс табады?

Құндылықтарды дарыту.

Ынтымақтастық:сабақ барысында оқушылардың бір-бірін тыңдау, көмектесу , жұптасып тапсырма орындау, топқа бөлу кезінде, топтық жұмыс ұйымдастырған уақытта ынтымақтастыққа, татулыққа, ауызбіршілік арқылы жүзеге асады.

Ашықтық: оқушыларда ашықтық пен адалдық қағидаларын қалыптастыру. Жаңа білімге деген ашықтық.

Құрмет: мелекеттік мейрамдар мен ұлттық мерекелерге деген құрмет дағдысын қалыптастыру.Өз елінің әдет –ғұрпына деген құрмет.

Пәнаралық байланыс

Музыка пәні: сабақ барысында оқушыларға интербелсенді тақтадан көрсету арқылы сергіту сәтін өткізіп, би қимылдарына үйрету. Әдебиеттік оқу мәтіндегі ойды айтады.

АКТ қолдану дағдысы

Оқушыларға Қазақстанда тойланатын мерекелер жайлы интербелсенді тақтада суреттер көре отырып айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.Бейнесюжет көру арқылы дәлелдер келтіреді.

Бастапқы білім

Отбасылық мерекелер туралы біледі.Қауіпсіздік ережесін сақтауМысалы: «Жаңа жыл» мейрамында от шашулар, «Наурыз» мерекесі кезінде ойналынатын ойындар туралы қауіпсіздік ережесін біледі.








Сабақ барысы



Сабақта жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – мин






























Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ширату (Амандасу)

Ишара әдісі

Оқушылар шеңбер болып тұрады.

  • Оқушылар көзбен амандасады

  • Қолдарымен амандасады

  • Иықтарын түйістіріп амандасады

Стоп кадр әдісі

-Не көрдіңіздер?

-Күнделікті өмірде амандасумен кадрдағы амандсудың қандай айырмашылығы бар?

-Неліктен солай ойлайсыңдар?

Оқушылар айырмашылығын айтады.

-Ал енді балалар иық түйістіру қандай мерекеден көрініс табады

  • Оқушылар наурыз мерекесі туралы атайды.

  • Наурыз мерекесінде көрісу амалы,құшақ жайып амандасады.

  • Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?

  • Мерекелермен танысамыз.

  • Қандай мерекелерді білеміз?

  • -неге мерекелер деп айтамыз?

  • Оқушылар демалатыны,отбасымен тойлатын айтып өтеді.

  • Наурыз, Тәуелсіздік Жеңіс мерексі

  • Мерекелер бойынша топқа бөлу

1-топ. Тәуелсіздік күні

2-топ. Наурыз

3-топ. Жеңіс мерекесі

(ҚБ) Мұғалім: Жарайсыңдар! Тамаша!


Топқа біріктіру.





Интербелсенді тақтадан сюжет көрсетіледі.
















Мерекелердің аттары жазылған қағаздар.

5-мин


























7-мин























10-мин













































3-мин




7-мин


Бағалау критерийі:

Ата-аналарға арнап ашық хат құттықтау сөздер жазып, өлең құрастыру.

Миға шабуыл әдісі

Тақырыпқа кіріспе (Мерекелердің суреттерін интербелсенді тақтадан көрсету)

1-қадам суретті көреді

2 қадам-мерекелерге түсінік береді

3-қадам мерекенің ерекшеліктерін айтады.

М: Оқушылар, суретте не байқадыңдар?

Неліктен солай ойлайсыңдар?

Осы мерекенің қандай ерекшеліктері бар?

-несімен ерекшеленеді? Оқушылар айтып әңгімелейді.

Әр мерекенің ерекшеліктерін айтады.

-Ал енді табиғатымен сыртқы келбетімен,ұлттық дәстүрімен ерекшеленіп тұрған қандай мереке деп ойласыңдар?

- Наурыз мейрамы.

- Дұрыс айтасыңдар-

Өз білетіндері туралы айтып ,талқылайды.

-Бүгін біз Наурыз мерекесі туралы білеміз.

Мақсатымыз Наурыз мейрамының мағынасын түсіну.

Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.Мереке көктем мезгілінде тойланады.22 наурызда күн ментүн теңелетін айту,Түркі халықтары тойлайтынын түсіндірем.


(Т) «Үйлестіріп көр» тәсілі.

Наурыз айында ұлттық ойындар,наурыз көже,ұлттық киімдер киетінін түсіну мақсатта аламын.

1-қадам ұлттық тағамдар ұлттық ойындар,ұлттық киімдері мен қазіргі кездегі ойындар,тағамдар,киім түрлері беріледі.

2-қадам.Сол суреттерің ішінен ұлттық ойындар,тағамдар, киімдер түрлерін ажыратып алады.

3-қадам. Топта талқылайды.

1- топ ұлттық тағамдарың пайдасы туралы айтады.

2- топ ұлттық ойындар түрлерін атайды.Қалай ойналады және қандай мерекеде ойланатынын айтады.

3- топ ұлттық киімдердің маңызы туралы айтады.

Күтілетін нәтиже

-Топ көшбасшысы шығып сыныпқа жариялайды.

(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірлерін бағалайды.




Мәтінмен жұмыс:

Мәтін тексті таратылып беремін.

Мәтінді оқиды .

Мәтін 3 топқа беріледі.

Джигсо әдісі арқылы

Мәтін бөліктері таратылып беріледі.

1 топта талқылап алып,сосын басқа топтарда талқылайды.

Оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып ,мәтіннің толық нұсқасын айтады

-Наурыз айында қандай өзгерістер болады?

- Наурыз айында қандай іс-әрекеттер жүргізіледі?

-Наурыз мейрамында қандай салт-дәстүрлер көрініс табады?

Білім алушы:

1.Наурыз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын анықтайды.(Күн жылынады,жан-жануарлар ұйқыдан оянады,өсімдіктер тіріледі)сурет салады.

2.Наурыз айында жүргізілетін жұмыс түрлерін біледі.(ағаш отырғызады,көрісу амалын жасайды)топтастырады.

3.Наурыз мейрамында өткізілетін түрлі шаралар туралы біледі.(ұлттық ойындар,наурыз көже,бата-тілек)ойын түрлерін топта ойнатады,наурыз көжеге қосылатын тағамдарды атайды.



Дескриптор:

Білім алушы

  • Наурыз айындағы табиғат құбылыстарын анықтайды.

  • Көрісу амалын,ағаш отырғызу,қонаққа баратынын біледі.

  • Наурыз мерекесі қарсаңында жүргізілетін жұмыс түрлерін біледі.

.

(ҚБ) «Отшашу» әдісі.


«Қара жорға» биі арқылы сергіту сәтін қимылмен орындайды.



«Әдеби үйірме» әдісі

Шығармашылық тапсырма.

Ж:

-Ата-аналарыңа Наурыз мерекесіне арнап, ашық хат жасап, құттықтау сөздер жаз.

Дескриптор:

Білім алушы:

-Наурыз мерекесіне арналған ашық хат жасап, құттықтау сөздер жазады.Өлең құрастыра алады.

-


ҚБ «Ынталандыру»

(жақсы,өте жақсы,керемет)

Интербелсенді тақта



Суреттер арқылы





Жасыл, сары, қызыл түсті бағдаршам















«Дүниетану»

оқулық

56 -57 бет










































Интербелсенді тақта музыка ойнайды.





Сабақтың

Соңы


Рефлексия


3 минут





Әрбір оқушы берілген сұрақтың төңірегінде ойланып бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, қоржынға салады

- Бүгінгі сабақта не туралы түсіндік?

- Бүгінгі сабақата не ұнады және не қызықты болды?

- Бүгінгі сабақтан нені білдім?

- Бүгінгі сабақтағы көңіл күйім .....

ҮТ: Түрлі ақпарат көздерінен Наурыз мерекесін өзге халықтар қалай тойланатыны жайлы мәліметтер жинақтау.




Смайлик










Білім қоржыны

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.



Сабақ барысында саралау жүмысы «Джигсо» тәсілі арқылы жүзеге асады.Наурыз мерекесінің мәнін анықтауда оқушыларға тапсырмалар араланып берілді. Сабақта алынған білімдерін тексеру мақсатында ресурстра сараланып алынды.Бұл тапсырмада оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты.Жұптық ,топтық жұмыстарында оқушыларға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетілді.Оқушылардың біріне көмектесуге мүмкіндіктері болды.Үлгерімі төмен оқушының ой өрісінің дамуына әсер етеді.Осы орайда білім алуда тез алға ұмтылуына деген қызығушылығы,ынтасы арттады.Наурыз мерекесіне байланысты оқушыларға суреттер көрсетіліп сұрақтар қойылады.Қабілеті жоғары оқушыларға қабілетіне қарай тапсырмалар күрделендіріп берілді.



Бағалау сабақ барысының ажырамас бөлігі,бағалауларды ықпалдастыру барысында «Мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып,тренердің түсіндіруі бойынша қалыптастырушы бағалауға тапсырмаларды жүйеледім. Оқушының ішкі уәжін қолдау мақсатында мадақтау сөздерін жүзеге асырамын.

«Ишара»

«Ынталандыру»

«От шашу»

«Бағдаршам» әдіс-тәсілдері арқылы бағалау жүргіздім.



Әрбір сабақ барысында және сергіту кезінде оқушылардың қауіпсіздігіне көңіл бөлемін.Мерекедегі ұлттық ойындарды ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.




Рефлексия.Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

Сабақта дифференция дұрыс жүргізілді ме?Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен?





Қорытынды бағамдау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы не білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ескертулер:

ҚБ – қалыптастырушы бағалау

С – саралау

Т – топтық

Ж – жеке, жұптық

М – мұғалім сөзі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!