Материалдар / Ашық сабақ Misrosoft Excel туралы жалпы мәліметтер 5 сынып

Ашық сабақ Misrosoft Excel туралы жалпы мәліметтер 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған. Оқушыларға Microsoft Excel электрондық кестесінің терезе элементтерімен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2018
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«№72 жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Shape1

АШЫҚ САБАҚ







Тақырыбы: Misrosoft Excel туралы жалпы

мәліметтер









Орындаған: Аламанова Г.Ж







2017-2018 оқу жылы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пәні: Информатика

Мұғалімнің аты-жөні: Аламанова Гүлжауһар Жұлдызбекқызы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық-коммуникациялық технология

Мектеп: №72 жалпы орта мектеп

Күні:

Қатысқандар саны:

Сынып:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Misrosoft Excel туралы жалпы мәліметтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Microsoft Excel электрондық кестесінің терезе элементтерімен таныстыру. Microsoft Excel-де жолдар мен бағандардың өлшемін өзгертуді, жаңа тізім құруды, кітап беттерімен жұмыс жасауды, элементтерді қосу мен жоюды, кестені толтыруды, толтыру таңбасын қолдануды үйрену.


Жетістік критерийлері


  • MS Excel кестелік процессорының терезе интерфейсімен жұмыс жасай білуі арқылы терезе элементтерінің жұмыс жасаудағы ерекшеліктерін білу.

  • Электрондық кестеде бағанды, жолды, ұяшықты ажырата алады.

  • Жолдар мен бағанның өлшемін өзгертеді.

  • Жаңа тізім құрады, толтыру таңбасын Excel-де қолдана алады.

  • Кітап беттерімен жұмыс жасай алады.


Құндылықтарды дамыту

Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету, жеке жұмыс атқару барысында ұйымшылдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып білімді тұлғаны қалыптастыру


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Кесте, баған, жол, ұяшық, толтыру таңбасы

Сыныптағы диалог

Талқылауға арналған тармақтар:

Кесте дегеніміз не? Электрондық кестенің қандай мүмкіндіктері бар?

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, компьютерде жұмыс жасау

Бастапқы білім

Microsoft Word мәтіндік процессорында кесте құру

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут




Үй жұмысын тексеру

«Сұрақ-жауап» әдісі

5 минут


Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Кубикті лақтыру арқылы, бетіндегі таңдалған түс бойынша кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап береді. Егер келесі оқушыда сол түс қайталанса, кубик келесі оқушыға беріледі.

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдеу дегеніміз не?

  3. Модельдеудің негізгі кезеңдерін атаңдар?

  4. Мәтіндік редактор қандай программамен жұмыс жасайды?

  5. Мәтіндік процессорға қандай программалар жатады?

  6. Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктері?



Кубик, кеспе қағаздар, ойыншықтары






Ой қозғау

2 минут


Сұрақ- жауап арқылы сабақтың тақырыбын ашу

Кесте дегеніміз не?

Электрондық кестенің қандай мүмкіндіктері бар?

MS Excel электрондық кестесін қалай іске қосамыз?

Кубик

Сабақ ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру

«Шағын дәріс» әдісі

10 минут


BILIM Land сайты арқылы оқушыларға жаңа сабақты меңгерту.

Microsoft Excel-дің терезе элементтерін, кестенің құрылымын,жол мен бағанның өлшемін өзгерту, элементтерді қосу және жою, кестені толтыру, толтыру таңбасы тақырыпшаларын түсіндіріп өту.



https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/toltyru-markerining-mindeti

плакаттар, интерактивті тақта, компьютер

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

17 минут

3 түрлі түсті стикерлер компьютердің алдына қойылған, түрлі түсті кеспе қағаздағы тәжірибелік жұмысты таңдау арқылы, өз түстеріндегі компьютерлерге отыру. Берілген 2 тәжірибелік жұмысты Microsoft Excel электрондық кестесінде орындау. Әр тәжірибелік жұмысты аяқтаған оқушыға 1 кәмпиттен беру.

Стикерлер, түрлі түсті кеспе қағзадағы тәжірибелік жұмыс, конфеттер

Сабақ соңы

«Дұрыс, Бұрыс» әдісі

3 минут


BILIM Land сайты арқылы оқушыларға жаттығу орындату. Сұрақтардың дұрысын немесе бұрысын дәптерлеріне белгілеу. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыға 1 кәмпиттен беру.




https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/toltyru-markerining-mindeti

Конфеттер


Бағалау

Рефлексия

2 минут


Оқушылар өздерінің кәмпиттерінің санына байланысты тиісті бағасын қою.

3 кәмпит – 5 баға

2 кәмпит – 4 баға

1 кәмпит – 3 баға

Рефлексия

  1. Сабақ барысында көңіл күйіңіз қандай болды?

  2. Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  3. Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  4. Сабақ аяғында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Стикер, Конфеттер


Үй тапсырмасы

Сабақ кестесін құру



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасының сақталуы








Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!