Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Модель түрлері 6 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: |
Пәні Информатика |
Мұғалім аты- жөні Қазиев Еркебұлан |
№101 мектеп - лицей |
Бекітемін: ___________________ |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Модель түрлері |
||||||||||||||||
Сілтеме |
|
|||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Модельдердің түрлері туралы түсінік беру және олардың қызметін, жұмыс жасау әдістерін меңгерту. Программаның негізгі мүмкіндіктері.туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. |
|||||||||||||||
Күтілетін нәтижие |
|
|||||||||||||||
Түйінді идеялар |
Модель түрлері Модельдің қызметтері Модельмен жұмыс жасау әдістері |
|||||||||||||||
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақты ұсыну |
|||||||||||||||
Әдіс - тәсілдері |
Венн диаграммасы, сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар, рефлекция |
|||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Геометрия |
|||||||||||||||
Кезең |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі |
|
|
Түрлі геометриялық фигуралар |
|||||||||||||
Үй тапсырмасы |
Өтілген «Модель және модельдеу» тақырыбы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақ – жауап
|
Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек. |
Сұрақ – жауап |
|||||||||||||
Жаңа сабақ |
Жаңа сабақтың тақырыбы қандай? Материалдық модель тобы 1. Мысықтың баласы 2. Біздің мектептің бақшасында өсетін көкеніс түрі 3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал 4. Ең төзімді үй жануары 5. "Арыстан" сөзінің орысша аудармасы 6. Жіңішкелік белгісі Ақпараттық модель тобы 1. Қу жануар 2. Кішкентай сөзіне антоним сөз 3. Теннис ойнауға арналған құрал 4. Ешкінің төлі 5. Ең берік ағаш 6. "Кемпірқосақ" сөзінің орысша аудармасы 7. Киім ілуге арналған құрал Мысалы: өсіп тұрған гүл жөнінде биология маманы, дәрігер және оқушының алатын мәліметтерін салыстырайық. Биология маманы гүлді өзі білетін гүлдермен салыстырып, тамырына, клеткалық құрамына, топырақта өсу ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Дәрігер өсімдіктің химиялық құрамын анықтап, оның денсаулыққа пайдалы және зиянды жақтарын ашуға тырысады. Оқушы гүлдің сыртқы көрінісіне , иісіне, үзілгеннен қанша уақыт солмайтына көңіл бөледі. Модельді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға:
Модельді құрастырудың бірнеше себептері бар: Күн жүйесінің моделі
Түпнұсқа өте үлкен болуы мүмкін. Түпнұсқа өте кішкентай Әрбір адам күнделікті іс-әрекетінде белгілі бір мәселені шешу кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның сапасына алдын алаоның орындалу моделі жасалады.Мысалы жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу, т.б әрекеттерді орындауалдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару,қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс-әрекеттер тізбегінің моделі жасалады. Оқыту модельдері - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін. Зертханалық модельдер – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады. Ғылыми - техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Еліктеу модельдері – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады. Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді: бастауыш сыныптағылардың тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б. Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар. Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель- нысанды ақпарат кодтау тіліндегі баяндалуы. Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель. Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады. Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады: Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар. Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар. Математикалық модель–объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар. Компьютерлік модель деп программалық орта іске асатын модельдерді айтады.
|
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды:
|
Компьютер Интерактивті тақта Тақырыптық слайдтар |
|||||||||||||
Ой толғаныс |
Ой толғаныс Материалдық модель тобы – «Модель мен модельдеуді салыстыру» Ақпараттық модель тобы – «Ақпараттық модельмен материалдық мадельді салыстыру» |
1. Әр топ жеке жеке Венн диаграммасына берілген құрылғылардың ұқсастығы мен айырмашылығын ортаға салып, талқылайды |
Постер Түрлі түрлі карандаш Венн диаграммасы |
|||||||||||||
Пысықтау |
Компьютермен жұмыс Материалдық модель тобы – Paint графикалық редакторында жүк машинасын құрастыр. 1.Мысал бойынша жүк машина суретін сал. 2.Қандай элементтерді пайдаланыныздар. «Молоко» деген сөзді енгізіңіз. 4.Жүк машина деп сақтаңыз. Ақпараттық модель тобы – Mecrosoft office word ортасында өз тобыңыздағы
оқушылардың ақпараттық (сөздік) модельін құру. |
Орындаған практикалық жұмысын талдап береді: қай жерде не қолданды, қалай модель құрды, қалай сақтайды кейін қалай тауып алады осы орындаған әрекеттер қай жерде не үшін пайдаланамыз, деген сұрақтарға жауап береді |
Компьютер |
|||||||||||||
Қорыту Күтілетін нәтиже |
2. Модельде уақыт факторын ескеру 3. Білім саласына қарай топтау 4.Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау
Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді |
Сұрақ – жауап |
|||||||||||||
Бағалау |
Оқушылардың компьютерде орындаған жұмыстарын тексеріп, бағалау |
|
Смайлик арқылы бағалау |
|||||||||||||
Үйге тапсырма |
§11 тақырыпты мазмұндап, оқып келу 95- беттегі тапсырманы орындау, тестке жауап бер |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады |
|
|||||||||||||
Рефлексия |
«Білім ағашы» Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін сикерлер тарату |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып «Білім ағашына» ілу |
Стикерлер |