Материалдар / Ашық сабақ "Музыка әлеміне саяхат" мектепалды даярлық тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Музыка әлеміне саяхат" мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық,адамгершілік қаситтерді дамыту.Өмірге деген сүйіспеншіліктерін жаңа деңгейге көтеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















«Музыка әлеміне саяхат»























Музыка жетекшісі: Таукенова К.Ш.









Музыка әлеміне саяхат

Білім беру саласы: шығармашылық саласы;
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: музыка
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат!
Мақсаты: Музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық,адамгершілік қаситтерді дамыту.Өмірге деген сүйіспеншіліктерін жаңа деңгейге көтеру.

Міндеттері:  

-   Музыкалық дыбыстар туралы білімін қайталау және бекіту;

-   Бала бойында таныс әуедерді жаңа бағытта сипаттай білу және айыру ;

-   Музыкаға деген қызығушылығын арттыру;

- Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту.

Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын ноталардың суреттері салынған пойыз, ж. т. б.

Билингвизм: ән - песня, әнші - певец, ақын - поэт, сазгер – композитор,аспаптар-инструменты

Әдіс - тәсілдер: салыстыру, сәйкестендіру, «ой қозғау», миға шабуыл, топтық жұмыс, дидактикалық ойын,алгоритм, саусақ жаттығуы.
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. ( балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ) «Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Балалар: - Музыка сабағына.
Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі:балалар қараңдаршы біз қайда келдік?

М.Ж.: Біздер музыка еліне келген сияқтымыз

Қараңыздаршы бұл не? ( Музыкалық нота станына көрсетеді)

Ноталар тұратын сиқырлы үй кімнің есінде?

Нота санында неше сызық бар екен? (5)

Барлық ноталардың патшасының аты кім? (Скрипичный ключ)

Музыка әлемінде неше нота бар. 7.

Ендеше барлық ноталарды әндетейік.

(балалар До-Ре-МИ әннің әндетеді)

Тағы саяхатқа аттанамызба

Музыка жетекшісі: Жақсы балалар, ендеше ноталарымызды жабыстарған пойызға мініп саяхатқа шығайық. (әуенмен жүріп, залды бір айланады) бірінші аялдамаға келіп тоқтайды. (Аялдамада хат жатады)

ІІІ. Негізгі бөлім. Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына әуенді тыңдаң да оның сөзімен қосып айтып беріңіздерші;- депті. ( Алгоритмен Нота үйренейік)
Музыка жетекшісі: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) екінші аялдамаға келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:
Музыка тыңдау: Балалар сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер; - депті. Тыңдап қараймыз ба балалар?

Видео –Экран «Көктем әні»

Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады.Шар дыбысы естіледі.

М.Ж: Қандай ғажап балалар біз қайда келдік?

М.Р. Балалар тыңдайықшы бұл әуенді музыка ма ? (Жоқ)

Не естіп отырсыңдар балалар? (Шар) Ол музыка емеспе.

Біз ритмикалық дыбыстар қаласына келдік.

Ал қандай дыбыстар болады? (шулы дыбыстар және музыкалық дыбыстар)

Барлық бала біледі

түрлі шулы дыбыстар

Ұшақ ұшып кетеді

машина жүріп барады

жәй жапырақ сыбдыры

шулы дыбысқа жатады


Қандай музыкалық дыбыстар болады? (F-P Форте-Пиано Қатты-жәй, Жоғары-төмен)

Қане жоғары және төмен дыбыстардың орналасуларын қарайық?

Ән : «Біз бақытты баламыз»

Ал енді балалар барлығымыз сиқыршыларға айналып жай ғана сөздерді әуенге айналдырайық

«Ритмикалық сиқыр», «Көнілді ырғақтар»

Сендерден керемет сиқыршы шығады екен ал енді сендер қандай музыкант екенсіңдер тексерейікші? Балалар, оркестрды кім басқарады?-Дирижер

Бүгін бізде дирижер болады Інжу

«Вальс-оркестр» Д.Шостакович

тамаша!
Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!
Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,
Ханшайымның тапсырмасын шешейік.
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан табыламын; - деген. Балалар бәріміз қорапшаны іздеп көрейік (іздейді)
Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді, ішін ашып сұрақтарды оқиды:
- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)
- Сазсырнай қалай шертіледі? (Үрлеп)
Музыка жетекшісі сазсырнайды үрлеп шертіп көрсетіп береді.
- Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі)
- Мынау қандай аспап? (Домбыра)
Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді
- Қай топқа жатады? (Ішекті)
- Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз)
Музыка жетекшісі шаңқобызды шертіп көрсетіп береді. Балалар да қызығып ұстап, шертіп көреді.
Аспаптардың аттарын балалар тәрбиешімен бірге дұрыс табады. Тәрбиеші оларға аспаптарды таныстырып, айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен. Аспаптарды дыбысынан тану

Видео дидактикалық ойын «Аспаптар»

(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді балаларға қарап)
Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
- Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)
Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаңызға барғаннан соң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар!

Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)
ІV. Қорытынды.
Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын бөлістіреді)
Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып, биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. музыка жетекшісімен сау болыңыз!- деп, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі;,Қазақ ұлтық аспаптарды таниды.
Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі, аспаптармен танысты;
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптастырады.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!