Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министірлігі
«Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің
№13 негізгі жалпы білім беретін
мектебі» ММ
Қазақ тілі пәнінен ашық
сабағының әзірлемесі
Тақырыбы:
«Наурыз
мерекесі», «Қазақ халқының
салт-дәстүрі».
Дайындаған: мұғалім Сәбитова
Ә.Ә.
ӘБ отырысында
қарастырылған
2016-2017 оқу
жылы
Сабақ
тақырыбы: «Наурыз
мерекесі», «Қазақ халқының
салт-дәстүрі».
Сабақ
мақсаты:
1) Наурыз мерекесі туралы
жалпы мағлұмат беру.
2) Қазақтың салт-дәстүрімен
және ұлттық тағамдарымен таныстыру.
3) Сабақ барысында ойын
қолдану арқылы, білім алушылардың ойлау қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың
түрі: аралас.
Оқыту
әдістері: сұрақ-жауап арқылы, ауызша
сөйлеу, ізденушілік.
Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта,
презентация.
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих,
математика.
Сабақтың
барысы:
Кіріспе
әңгіме:
Наурыз
мейрамы —
ежелгі заманнан қалыптасқан
жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен
түннің теңесуі кезіне келеді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш
күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап).
Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем
мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Қыс қылышынан
аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек
жақсы тiлектер тiлейдi. Көңiлдiң жаңаруы деген
осы. 22 наурызда күн мен түн
теңеледi.
Табиғат та, Жер-Ана да,
жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады.
Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке,
бақ-дәулет сыйлайды. Қар ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ
бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп,
бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем
төселедi.
2. Роза Қуанышқызы
Рымбаеваның орындауында «Наурыз
әні»
(ұзақтығы 1.10 мин
).
Тамашалаймыз!
3. Өлеңді хормен
оқу.
Наурыз тойы
тамаша,
Наурыз тойы
жаңаша.
Табиғат та
тамаша,
Тамылжып тұр
жараса.
Наурыз тойы
салтанат,
Наурыз тойы
мархабат.
Әр жүректен ән
тарап,
Шаттанады
шартарап.
4.
«Ойлан-тап» ойынын
ойнаймыз
Ойын тәртібімен
таныстыру
а) тақтада 12 ұяшық
көрсетілген
ә) 12 ұяшықтан бір ұяшықты
таңдап алуыңыз керек
б) әр ұяшықтың астында бір
сұрақтан
в) сұраққа жауап берулеріңіз
керек
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
Викторина
сұрақтары
1.Наурыз мерекесі қай күні
тойланады?
2.Наурыз мерекесінің
ерекшеліктері?
3.Наурыз көже неше тағамнан
жасалады?
4.Наурыз айында табиғатта
қандай өзгерістер болады?
5.Наурыз мейрамы туралы өлең
оқып беріңіз
6.Наурыз мерекесі қай жыл
мезгілінде тойланады?
7.Наурыз мерекесінде айтылатын
ұлы сөздер?
8. Наурыз көне иран сөзі,
қазақша мағынасы нені білдіреді?
9. Наурыз тойы қандай күн деп
аталған?
10. «Ұлыс» деген қандай
мағынаны білдіреді?
11.
Наурыз мейрамы қалай
тойланады?
12. Қазақ халқының қандай
дәстүрлі ұлттық ойындарын білесіз?
4. Қазақтың
салт-дәстүрлеріне тоқталып кету.
Балалар қандай қазақтың
салт-дәстүрлерін білесіздер?
-баланы бесікке
салу
-баланы қырқынан
шығару
-тұсаукесер
-қыз
ұзату
-бет
ашар
Өте жақсы, енді балалар біз
ұлттық тағамдарды еске түсірейік
-қандай ұлттық тағамдарды
білесіздер?
-бесбармақ
-бауырсақ
-құрт
-айран
-көже
Біз жоғарыда айтып өткендей,
Наурыз мерекесінде міндетті түрде, Наурыз көжесі
жасалады
- Наурыз көже неше тағамнан
дайындалады?
- Наурыз көжесі жеті тағамнан
дайындалады
- құрамына кіретін жеті тағам
түрін атаймыз
-
ет; су; тұз; күріш; тары;
кеспе; айран.
Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы
жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр,
әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Ұлыс
күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл
мерекесi.
5. Ал балалар, біз
қазір «Наурыз көже
пісіру» ойынын
ойнаймыз
Ойын тәртібімен
таныстыру
а) Қазан суретін іліп
қою
ә) жеті тағамның суреті
салынған қағаздарды таратып беру
б) бір -бірлеп тақтаға шығып,
тағамдарды ретімен қазанға салу
Мысалы:
-
ет
-
су
-
тұз
-
күріш
-
тары
-
кеспе
7)
айран.
6. Нақыл сөдермен
таныстыру
Нақыл сөдер туралы жалпы
түсінік беру
Нақыл сөздер-көп қырлы,
көркемдік дәрежесі жоғары, сапалы, қанатты шешен сөздер. Нақыл
сөздер ел ауызында белгілі кісілердің атымен бірге
жүреді.
Тақтамен
жұмыс
Көп нүктенің орнына
тиісті сөздерді қою
“Өнер-білім-бәрі
де,
Оқуменен
................................”
(Ы. Алтынсарин)
“Жер жайын жортқан
біледі,
Мал
жайын......................біледі”
(Ғ.
Мұстафин)
“Жоғары қарап оқ
атпа,
Өзіңнің
түсер..........................!”
(Ы.
Алтынсарин)
“Көп жасаған
білмейді,
Көп
тоқыған...........................!”
(М.Әуезов)
Толық
жауаптары
“Өнер-білім-бәрі
де,
Оқуменен
табылған”.
(Ы.
Алтынсарин)
“Жер жайын жортқан
біледі,
Мал жайын баққан
біледі”.
(Ғ.
Мұстафин)
“Жоғары қарап оқ
атпа,
Өзіңнің түсер
қасыңа!”.
(Ы.
Алтынсарин)
“Көп жасаған
білмейді,
Көп тоқыған
біледі!”.
М.
Әуезов)
7. Көрсеткішті қолдану
арқылы сөйлемді аяқтау
Наурыз
Күн мен
түн
Табиғат
Жер
Құстар
|
|
көгереді
оянады
теңеседі
Ұлыс күні жыл
басы
ұшып
келеді
|
8. Жұмбақ шешу арқылы білім
алушылардың ойлау қабілетін арттыру
1. Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
2. Өзi ащы, бiрақ, дәмдi етер асты.
3. Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.
4. Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
5. Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып.
Жауаптары
1.
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
(пияз)
2.
Өзi ащы, бiрақ,
Дәмдi етер асты.
(тұз)
3.
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.
(айран)
4.
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
(құрт)
5.
Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып.
(су)
Бекіту:
- сонымен балалар, көктемде
қандай мейрамды мерекелейміз?
- Наурыз мейрамының
ерекшеліктерін атаңыздар
- қандай салт-дәстүрмен
таныстық?
- ұлттық тағамдардың қандай
түрлерін атап өттік?
Наурыз мерекесі құтты
болсын!
Баршамызға бахыт, береке
әкелсін!
Ақ мол
болсын!
Сау
болыңыздар.