Материалдар / Ашық сабақ "Негізгі және туынды сын есім" 3-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Негізгі және туынды сын есім" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға методикалық көмек ретінде пайдаға жарайды деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2020
1346
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:18.02.2020ж

Сынып: 3-сынып

Мектеп:Қаратөбе негізгі орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Түзелбаева.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Негізгі және туынды етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады: •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады: Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылар қазақ ақын–жазушылары жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

6-бөлім материалдары оқушылардың алдыңғы бөлімдерде игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Тірек сызбадағы сұраққа жауап береді.

Осы сұраққа жауап беру арқылы топқа бөлінеді.

Етістіктің сұрақтарын ата

Дара етістік дегеніміз не?

Күрделі етістік дегеніміз не?

Негізгі етістік дегеніміз не?

Туынды етістік дегеніміз не?

Оқу мақсатын таныстыру

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.

Тірек сызба

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. «Бұл кім?» ойыны

Мәтінді оқу. Негізгі ойды анықтау.

Көп нүктенің орнына атақты тұлғалардың бірінің атын қойып, мәтінді түсініп оқиды. Мәтін кім туралы болғанын дәлелдеп, негізгі ойды анықтайды.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөлісу.

Оқушылардың жұптық жұмысы ұйымдастырылады. А. Байтұрсынұлы қандай оқу құралдарын жазды? Олар қандай оқулықтар? сұрақтарын жұбымен талқылап, өз ойларымен бөліседі. Жасаған ой қорытындыларын топта жариялайды.

Етістіктерді тауып, ажырату. Туынды етістіктері бар сөйлемдерді теріп жазу. Қатені табу және түзету білігін бағалау.

Мәтіннен етістіктерді табады. Оларды негізгі, туынды етістікке ажыратады.

Туынды етістіктері бар сөйлемдерді теріп жазады. Олардың қай сөз табына қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалғанын табады.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Бір-бірін бағалайды.



Белсенді оқу тапсырмалары.





А-4парағына жазылған мәтін




Сабақтың соңы

І.Зерттеу жұмысы. 17-жаттығу. Берілген зат есімдер мен сын

есімдерге ұсынылған жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды етістік жасап оқиды.

Туынды етістіктердің ішінен өзі қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрап жазады, топта жариялап, оқиды.

орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалау

Сергіту сәті.Желсіз түнде жарық ай әнін орындау

ІІ.«Жаңылтпашты жаңылмай айт.» ойыны бойынша орындалады.Жаңылтпашты жатқа айту және жазу. Қарамен жазылған сөздердің

мағынасын түсіндіру. Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдау.

Жаңылтпашты жатқа айтады және жазады. Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдайды.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Қарамен жазылған қандай сөздер екенін түсіндіріп, дәлелдейді. Олардың мағынасын бір-біріне түсіндіреді.

Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

«Білім ленд» порталынан ойын ойнайды. «Сұрақ-жауап» ойынын ойнайды.

ІІІ.«Ойлан, тап» арқылы екі топқа сөзжұбақ беріледі.

«Етістік» сөзінен баспалдақ жасау. Суретті етістік сөзге айналдыру.

Туынды етістіктерді теріп жазу.

. Шыққан етістіктердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін ажыратып, дәлелдейді. Туынды етістіктерді теріп жазады.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Дескриптор:

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Мәтінге тақырып қояды

негізгі етістіктерді анықтайды;

туынды етістіктерді ажыратады;

туынды етістік жасауда жұрнақтарды орынды қолданады.


Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс

Кері байланыс парағына өз ойын жазады


Оқулық










Үлестірмелі қағаздар







Түрлі түсті

суреттері

флипчарт, желім



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Диалог әдісі бойынша «Жаңылтпашты жаңылмай айт» ойыны бойынша тапсырманы сұраймын.

«Бұл кім?» ойынында ашық сұрақ қою арқылы саралаймын.

Қабілетті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар Бағалау парағы арқылы-дескрипторлар негізінде Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалау ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау,


Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!