Материалдар / Ашық сабақ. Нүкте.Сызық.Сәуле 1сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Нүкте.Сызық.Сәуле 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Нүкте.Сызық.Сәуле 1сынып математикадағы геометриялық фигураларды нүкте,сызық,сәуле ,тұйықталған, үшбұрыш, төртбұрыш туралы мағлұмат беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Математика Мектеп: Өскемен қаласы

әкімдігінің

«№46 орта мектеп» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні:

Геометрия элементтері Садыкова Меруерт Кенескановна

Ортақ тақырып:

Менің мектебім

Қатысқандар саны:

Күні: 09.10.2020 Қатыспағандар саны:

Сынып: 1 «Е»

Сабақ тақырыбы

Нүкте. Сызық. Сәуле

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сəуле, бұрыштарды атау, бір-бірінен ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сəуле, бұрыштарды атайды, бір-бірінен ажыратады.

Көптеген оқушылар: Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сəуле, бұрыштарды кескіндейді, қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Кейбір оқушылар: Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сəуле, бұрыштарды пайдаланып модельдейді.


Бағалау критерийлері




Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сəуле, бұрыштарды атайды, бір-бірінен ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Геометриялық фигураларды атайды, ажыратады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тұйықталған сызық, тұйықталмаған сызық, сәуле, бұрыш, нүкте, түзу, қисық сызық, әмбебап.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Әмбебап дегеніміз не?

  • Сәуле дегеніміз қандай фигура?

  • Бұрыш дегеніміз не?

  • Нүкте дегеніміз не?

  • Сызықтардың қандай түрлері болады?

  • Тұйықталған сызық пен тұйықталмаған сызықтың айырмашылығы неде?

Құндылықтарды дарыту

«Құрмет пен ынтымақтастық» құндылықтарын негізге ала отырып, оқушыларды өзін өзі реттеуге, бірін-бірі бағалауға, жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Видеоанимация https://youtu.be/bn5AzXrITyg


Бастапқы білім

Геометриялық фигуралар, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішін

Сабақ барысы


Сабақ жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

4 минут




















Сабақтың ортасы

5минут































7 минут


















































5 минут
































1 минут

9 минут












































Сабақтың соңы

4 минут


























Психологиялық ахуал «Сен күлсең, мен күлемін» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушылар жұптасып, бір-бірімен қол ұстасады, бір-біріне күлімсірейді, бір қошемет сөз айтады.

Топқа бөлу «Әмбебап сөмке» әдісі арқылы көрініс табады.

Жетелеуші сұрақтар қою арқылы ортақ тақырып анықталады. «Әмбебап сөмке» ұғымы таныстырылады. Тілдік мақсатты жүзеге асыру мақсатында оқушыларды "әмбебап" сөзінің лексикасымен таныстыру.

  • Әмбебап – әртүрлі қажетке жарамды дегенді білдіреді.

Әр оқушы оқу құралдарымен қарулану қажеттігін айта отырып, оқушыларға қажетті оқу құралдарын сөмкеден таратып беру. Берілген оқу құралдарын салыстыра отырып, олардың түсін, пішінін, өлшемін, материалын ажыратады. Оларды топтастырудың үлгілерін айтады.

Оқушылар оқу құралдарының түсі бойынша топтасады.

Ой қозғау «Суретті торкөз» әдісі арқылы жүзеге асады.

Нұсқаулық.

  • Түсі, пішіні бірдей заттарды қорша.

  • Пішіні бірдей заттарды әртүрлі түске боя.

  • Қарындаштың түсін, өлшемін өзгертіп сал.

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» түрін пайдалана отырып, төмендегі ой қозғау сұрақтары қойылады:

  • Бұл тапсырманы орындауда қандай білімімізге сүйендік?

  • Заттарды қандай белгілері бойынша топтастыруға болады?

  • Заттардың қандай белгілерін өзгертуге болады?

Бұрыннан белгілі білімдеріне сүйене отырып, оқу мақсатын жариялауға бағытталған сұрақтар ұйымдастырылады:

  • Заттардың қандай пішіндері болатынын білеміз?

  • Оларды бір сөзбен не деп айтамыз?

  • Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты не деп ойлайсыңдар?

(Д) 1-тапсырма «Қызықты шытырман» әдісі арқылы орындалады.

Нұсқаулық.

Парақшада берілген геометриялық фигураларды үлгіге қарап бөліктерге ажырату. Бөліктерінің санын жазу. Атын болжау.

Дескриптор.

  • Фигуралардың бөліктерін ажыратады.

  • Бөліктерінің санын жазады.

  • Фигуралардың атын болжайды.


ҚБ: «Жұлдыз, шаршы, үшбұрыш» әдісі арқылы жүзеге асады.

Жұлдыз - фигуралардың атын атаса, бөліктерін ажыратса, бөліктерінің санын жазса.

Шаршы - фигуралардың атын атаса, бөліктерін ажыратуда қате жіберсе.

Үшбұрыш - фигуралардың атын атауда, бөліктерін ажыратуда, бөліктерінің санын жазуда көмек қажет етсе.

Саралаудың: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.

  • Сызықтарды қандай топтарға бөлер едіңдер?

  • Тұйықталған сызық пен тұйықталмаған сызықтың арасында қандай айырмашылық бар?

  • Күнделікті өмірде бұл фигуралар бізге кездесе ме? Қайдан көре аламыз?

Көмек қажет ететін оқушыларға жабық сұрақтар қойылады.

  • Сәуле деп қандай фигураны айтады?

  • Екі нүктемен бекітілген түзу сызықты не деп айтамыз?

(Т) 2-тапсырма. «Скриншот» әдісі арқылы көрініс табады.

Нұсқаулық.

Үлестірме материалында берілген бейнені ағаш таяқшаларды, фишкаларды пайдалана отырып кескіндеу. Құрамындағы фигураларды ажырату, санау.

Дескриптор.

  • Бейнені кескіндейді

  • Фигураларды ажыратады

  • Фигуралар санын анықтайды.

ҚБ «Лайк» әдісі арқылы жүргізіледі.

  • 3 лайк - Бейнені кескіндейді, фигураларды ажыратады, санын анықтайды.

  • 2 лайк - Бейнені кескіндейді, фигураларды ажыратады, санын анықтауда қателеседі.

  • 1 лайк - Бейнені кескіндейді, фигураларды ажыратуда, санын анықтауда қиналады, көмек қажет етеді.

Саралаудың «Қарқын» әдісі жүзеге асады. Геометриялық фигураларды кескіндеуде, оларды ажыратуда, санын анықтауда көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Кейбір оқушыларға қосымша тапсырмалар ұйымдастырылады.

Сергіту сәті. Видеоанимация.

(Ж) 3-тапсырма. «Паттерн» әдісі арқылы көрініс табады.

Нұсқаулық.

Суретте берілген заттарды түтікшелер мен ермексазды пайдалана отырып модельдерін жасау, модельден геометриялық фигураларды саралау.

Дескриптор.

  • - Үлгіге сәйкес заттардың модельдерін жасайды

  • - Құрамындағы геометриялық фигураларды саралайды


ҚБ «Мастер» әдісі арқылы жүзеге асады.

«Мастер» төсбелгісі - Үлгіге сәйкес заттардың модельдерін жасаса, құрамындағы геометриялық фигураларды сараласа.

«Ісмер» төсбелгісі - Үлгіге сәйкес заттардың модельдерін жасаса, құрамындағы геометриялық фигураларды саралауда қателер жіберсе.

«Шәкірт» төсбелгісі - Үлгіге сәйкес заттардың модельдерін жасауда, құрамындағы геометриялық фигураларды саралауда көмек қажет етсе.

Саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы көрініс табады.

Тапсырманы орындауда оқушылардың нәтижелері әртүрлі болғандықтан, барлық оқушыларға бағытталған нұсқаулық бере отырып, өздерінен не күтетіндігіне көз жеткізу. Ортақ тақырыпты еске түсіре отырып, мектеп шеберханасымен байланыстыру.

«Жеңімпаздар» әдісі арқылы жүзеге асады.

« Кубок» - Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сəуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атаса, бір-бірінен ажыратса, кескіндесе, модель жасай алса.

«Медаль» - Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сəуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атаса, бір-бірінен ажыратса, кескіндеуде, модель жасауда қателер жіберсе.

«Сиқырға толы кітап» - Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық, тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сəуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атауда, бір-бірінен ажыратуда, кескіндеуде, модель жасауда қиналса, көмек қажет етсе.


































DrawObject1 DrawObject2

DrawObject3


DrawObject4 DrawObject5



DrawObject7 DrawObject6

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!