Материалдар / Ашық сабақ Нұрғиса күйінің ойналу ерекшелігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Нұрғиса күйінің ойналу ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектеп мұғалімдеріне көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
555
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі













Ашық сабақНұрғиса күйінің ойналу ерекшелігі(мектепішілік апталықта өткізілген ашық сабақ)





Өткізген: Жұмағұлова Ж.Е















2018-2019 оқу жылыСабақтың тақырыбы:«Нұрғиса күйінің ойналу ерекшелігі»Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұрғиса Тілендиевтің өмірімен шығармашылығымен таныстыру. «Әлқисса» күйінің орындалу ерекшеліктерін оқушыға түсіндіре отырып үйрету.Дамытушылық: Күйде кездесетін түрлі қағыстарды аспапта орындау арқылы меңгерту,оқушының музыкалық сауатын дамыту,сабаққа белсенділігін арттыру,есте сақтау қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Күй өнерін оқушының бойына дарытып,халқымыздың асыл мұрасынқадірлей білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру,назарын сабаққа аудару.Үй тапсырмасын тексеру:
  • Қол жүргізу мақсатындаD-dur гаммасын штрихтарымен ойнау
  • Дина «Той бастар » аяғына дейін жатқа ойнау.
Мұғалім сөзі: Дина Нұрпейісова өзіндік орындаушылық дәстүрін қалыптастырған дәулескер күйшілердің бірі. Оның күйлері бір біріне ұқсамайтын саздарымен қатар, қағыс иірімдері де әр қилы. Ал бүгін біз сондай күйшілердің қатарынан көретін белгілі домбырашы, күй өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған Нұрғиса Тілендиев және оның күйлерінің ерекшеліктеріне тоқталатын боламыз.Жаңа сабақ:«Нұрғиса күйінің ойналу ерекшелігі»Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемір ауылында ақын,күйші өнерлі отбасында дуниеге келген.Дарынды композитор ,дирижер және домбырашы. Ол фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрып,көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған.Н. Тілендиев халыққа танымал «Алатау», «Құстар қайтып арады», «Әже туралы ән», «Өз елім», «Әке туралы жыр», «Саржайлау», Абайдың сөзіне жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» ән-романстарының, «Ата толғауы», «Көш керуен», «Аққу» және көптеген күйлердің авторы.Оның оркестрге арналған «Махамбет»«Арнау», «Жеңіс салтанаты» сияқты поэмалары бар.400-дей ән,20-дан астам кинофильмдерге музыка жазды.Нұрғисаның 5-6 жасында әкесі Тіленді дүние салады.Әкесінің орындаған «Аққу» , «Махамбет», «Жеңіс салтанаты»күйлері Нұрғисаның құлағында қалып,бүгінде орындалып жүрген»Аққу» күйі сол әке сарының жылдар өте жетілдірген нұсқасы. Енді мына бір суреттерге назар аударайықшы:1.Бұл қай кинофильм? 2. Бұл қандай күй? 3.Мұнда не суреттеледі?





«Аққу» күйі «Қыз Жібек» фильмінде орындалады. «Аққу» күйі «Қыз Жібек» фильмінде орындалдыНұрғисаның күйі «Қыз Жібек» фильмдеріндегі «аққуларды билеткен». Сценарий бойынша, Төлеген мен Жібек некесі қиылған соң, махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсетеді. Алайда, аққулар бір-біріне жақындамайды. Су астындағы сүңгуір мамандар аққуларды қосуға тырысып бақса да, екеуі екі жаққа жүзіп кетеді. Осы кезде фильм режиссері Сұлтан Қожықов пен Нұрғиса Тілендиев ақылдасып, алдын ала таспаға жазылып алынған «Аққу» күйін қосады.Күйді естіген бойда екі аққу бір-біріне жақындап келіп, бастарын түйістіріп, ырғалып билей жөнеледі. Енді осы күйді тыңдап көрелік. Нұрғисаның күйлерінің мазмұны бір біріне қайталанбайды. Сазды әуенмен сызылта орындалып, бірде дауылдай екпіндете жалғасын табатын күйлерінің бірі «Әлқисса». Бұл күйдің нақты шығу тарихы жоқ. Нұрғисаның әкесі Атабай домбырашы болған. Нұрғисаны бала кезінде домбыраға баулып, оған түрлі жаттығуларды үйретеді. Ал, өскесін сол әкесінің үйреткен жаттығуларын біріктіріп, “Әлқисса” күйін шығарады. Осы күйді бүгінгі сабақта үйренетін боламыз. Ендеше өзім орындап көрсетейін. «Топтастыру» стратегиясын пайдалана отырып күйге ноталық талдау жүргізіп көрейік.

Күй шертпе қағыстармен басталып, орта буында өте жылдам екпінде төкпе қағыстар қолданылады. Енді нүктелі нота туралы түсінік беріп кетейін: нотаның қай түрі болмасын жанына қойылған нүкте оның ұзақтығын жартысына ұзартады. Бұл ырғақ көбінесе марш пен өр, салтанатты характердегі ән-күйлерде кездеседі.Дамыту. Күйді нотаға қарап орындай отырып, оң қол және сол қолдың қойылымдарына мән беріп отыру. Бекіту:«Әуенді сағат» ойыныӘр түрлі сұрақтар қойылады. Сол сұрақтың жауабына сәйкес келетін жауапқа сағат тілін апару.
  • «Әлқисса» күйінің өлшемі?
  • Музыканы ажырат. (Нұрғиса Аққу)
  • Дыбысты ұзарту белгілерінің бірі
  • Музыканы ажырат («Той бастар» Дина)
  • Форте динамикалық белгісіне сәйкес келетін сурет.
  • «Аққу» күйі қай кинофильмде ойналды?
Қорытындылау:Бүгінгі сабақта Нұрғиса Тілендиевтің өмір жолымен және күйлерімен таныс болдық. Кейінгі ұрпағына осындай тамаша туындылар,өрлік пен өжеттілікке,адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейтін ән-күйлерін қалдырған Нұрғиса ағамызды біз ешқашан ұмытпаймыз.Үйге тапсырма.Нұрғиса Тілендиев «Әлқисса» күйін нота бойынша орындау. Бағалау.  
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!