Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Оғыз мемлекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Оғыз мемлекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

Төлеуғалиева Жадыра Бақытжанқызы

Сабақ тақырыбы:Оғыз мемлекеті
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Оғыз мемлекетінің пайда болу тарихымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы – Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы, қоғамдық құрылысы, мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;
2. Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшеліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
3. Оқушылардан қазақ жеріндегі өркениетті мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас

Типі:Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: түсіндіру,баяндау,жаңа сабақ
Көрнекілігі: Оғыз қағанатының картасы, интерактивті тақта,слайд

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Қарлұқ қағанаты.

Ш.Бекіту сұрақтары

1. Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?

2.Қағанаттың тарихи шеңбері?
3. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?
4. Қағанаттың құрамы тоғыз тайпадан тұратынын айтқан кім?
5.Қағанат билігі неліктен Қарахан мемлекетінің қолын көшті?
6. Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің?
7. Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды.
8. Қарлұқтар арасында ислам

дінін қабылдау қай кезден басталды?
9.Қағанаттың астанасы

10.Қарлұқтардың Қашғарияны жаулап алған жылдары?

11.Қарлұқтардың Батысынан Шығысына жету үшін 30 күн жол жүру керек дегенді кім айтты?

12. Үйғырлармен болған күрес неше жылға созылды?

ІУ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы.
2. Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы.
3. Саяси жағдайы.
4. Шаруашылығы
5. Кәсібі мен қолөнері

6.Оғыздардан қалған ескерткіштер

Ұстаз сөзі.

Жаңа сабақты түсіндіру



Оғыз мемлекетінің астанасы

Өмір сүрген мерзімі

Мемлекеттің құрылуы

Этникалық құрамы

Қазіргі орналасқан өңірі

Оғыздар жайлы дерек қалдырғандар









Ү. Сабақтың қорыту сұрақтары.:
1.Оғыз мемлекеті қай ғасырда құрылды? (9 ғасырдың соңы 11 ғас орт)
2.
Оғыз мемлекетінің орталығы (Янгикент)
3.
Янгикент қаласының екінші атауы (Жаңа Гузия)
4.
Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар қанша тайпалардан тұрды?  (24)
5.
Тайпалық одақтар қалай аталды? (ел)
6.
Ел қандай ұғымды білдіреді? (халық, мемлекет)
7.
Оғыздардың жоғарғы билік иесін қалай атады? (жабғу)
8.
Жабғудың орнын кімдер басты? (инал)
9. Ә
скербасын қалай атаған? (сюбашы)
10.
Оғыздарда халық жиналысы жылына неше рет болды? (1 рет)
11.
Оғыздардың шаруашылығы қандай болды?( жартылай көшпелі, отырықшы)
12.
Оғыздардың баспанасы (арба үстінне тігілген үйлер)
13.
Малдың терісінен қандай бұйымдар жасады? (аяқ-киім, ыдыс, ат-әбзелдері,торсық)
14.
Киім-кешек қосымша нелерден тігілді? (аң терісінен)
15.
Жабғудың кеңесшілерін қалай атады? (күл-еркіндер)
16.
Шахмәлік көтерілісте кімдердің қолдарынан қаза тапты? (салжұқтардан)
17.
Оғыз мемлекеті қай ғасырда әлсіреп, бір жола күйреді?  (ХІ ғасырда)
18.
Оғыздарда халық жиналысы жылына неше рет болды? (1 рет)
19.
Оғыздардың шаруашылығы қандай болды?( жартылай көшпелі, отырықшы)
20. «
Күл-еркіндер» бұлар кімдер? (жабғудың кеңесшісі)


ҮІ. Бағалау:


ҮІІ. Үйге тапсырма: оқу,






Тест сұрақтары:
1. Оғыз мемлекетінінің өмір сүрген уақыты:

а. VІІІ-Х ғ. в. ХІІ-ХІІІ ғ. с. ХІ-ХІІ ғ. д. ІХ ғ. аяғы-ХІ ғ. басы е. ХІІ-ХV ғ.

Оғыздар Сыр бойына ығысты:

а. Қыпшақ хандығы құрылғаннан кейін в. Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін

с. Батыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін д. Қимақ қағанаты құрылғаннан кейін

е. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін

Оғыздардың тапалық құрамын сипаттап жазған ғалымдар:

а. Гардези мен әл-Макдиси в. Ж.Баласағұн мен М.Қашқари

с. М.Қашқари мен әл-Марвази д. М.Х.Дулати мен ибн Хаукал

е. П.Карпини мен В.Рубрук

2. М.Қашқаридің мәліметі бойынша Оғыздардағы тайпалар саны:

а. 34 в. 20 с. 40 д. 24 е. 30

3. Оғыз мемлекетінде жабғудың «инал» атты мұрагерін тәрбиелеуші:

а. Селифтер в. Сюбашы с. Атабектер д. Жабғу е. Шад

4. Оғыздарда жабғу әйелдеріне берген атақ:

а. «патшайым» в. «бәйбіше» с. «қатын» д. «әйел» е. «ханым»

5. Оғыз қоғамында маңызды роль атқарған әскер басының лауазымы:

а. Жабғу в. Елтебер с. Қаған д. Патша е. Сюбашы

6. Оғыз мемлекетінде жабғудың кеңесшілерін атады:

а. Он оқ бұдын в. Басқақтар с. Беклербектер д. Күл-еркіндер е. Тархан

7. Оғыздардағы тайпалық және рулық бөлімшелер атауы:

а. «боз оқ», «үш оқ», «уыз» в. «көк», «уыз», «боз оқ» с. «бой», «оба», «көк»

д. «ұрық», «оба», «көк» е. «бой», «уыз», «ұрық»

8. Оғыз жабғуының Киев кінәзімен Хазарларға қарсы одақ құрған жылы:

а. 955 ж. в. 995 ж. с. 965 ж. д. 985 ж. е. 975 ж.

9. 965 жылы оғыздар Хазарларға қарсы әскери одақ құрды:

а. Иранмен в. Парсылармен с. Қытаймен д. Арабтармен е. Киев Русімен

10. Оғыздар хазарларға қарсы соғыста одақ құрған Киев князі:

а. Святослав в. Олег с. Игорь д. Ярослав е. Дмитрий

11. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан ығыстырды:

а. Қарахандар в. Түргештер с. Қарлұқтар д. Қимақтар е. Қыпшақтар

12. Оғыз мемлекетін құлатқан тайпалар одағы:

а. Қыпшақтар в. Түргештер с. Қарлұқтар д. Қимақтар е. Қарахандар

13. Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды өсіретінін жазған:

а. Әл-Бируни в. Әл-Марвази с. Ибн-Хәукәл д. М.Қашғари е. В.В.Бартольд

14. Оғыз мемлекеті мал өнімдерімен айырбас сауда жүргізген елдер:

а. Парфия, Араб елдері в. Киев Русі с. Византия, Болгария

д. Орта Азия, Қытай елдері е. Үндістан, Парсы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
1823
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12