Материалдар / Ашық сабақ: Өмірің өз қолында
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Өмірің өз қолында

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың негізгі мақсаты: - Адам өмірінде қиянат жасамау құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру; - Білімалушылардың бойында рухани –адамгершілік қасиеттерді дамыту; - Өмір жағдаяттарын дұрыс қабылдай білуге мейірімділік, адамгершілік, кешіре білу,өз ісіне есеп бере,еліне абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу; Материал көбінесе жасөспірімдер жұмыста керек, жалпы осындай жұмыс арқылы мұғалімдер оқушыларының ішкі жан дүниесіне көмектесе алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
585
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Өмірің өз қолыңдаСабақтың мақсаты:
  • Адам өмірінде қиянат жасамау құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру;
  • Білімалушылардың бойында рухани –адамгершілік қасиеттерді дамыту;
  • Өмір жағдаяттарын дұрыс қабылдай білуге мейірімділік, адамгершілік, кешіре білу,өз ісіне есеп бере,еліне абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі.
Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулықТыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Мәтінмен жұмыс. Қ.Қайсеновтың «Елдің иесі сендерсіңдер қарақтарым! » мәтінін оқып мазмұндап талдау. Мәтін бойынша сұрақтар: -Қ.Қасым атаның өсиетінен қандай ой түйдіңдер?- Өз бойларыңда қандай қасиеттерді шыңдар едіңдер?-Қ.Қайсеновтың бойынан қандай құнды қасиеттерді байқадыңдар?-Қ.Қайсенов балаларға ризашылық білдірудің себебі неде?-Қ.Қайсеновтың қай қасиеттерін үлгі етесіңдер? Әңгімелеу. Екі қасқыр(аңыз) Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:
  • Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі –сенім,шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді.
Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып,өмір бойы күресумен болады.Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты: - Ата, ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:
  • Сен қайсысын көбірек коректендірсең, сонысы жеңеді.
Талдау сұрақтары:
  • Ертегідегі қарттардың немерелеріне айтқан өсиеттері жайлы не түсіндіңдер?
  • Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады?
  • Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар?
  • Жағымсыз қасиеттерге нені жатқызамыз?
  • Қарияның немересінің пайымдылығын неден аңғаруға болады?
Кемеңгер қарияның жауабын өзің қалай түсіндірер едің?Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.( үш топқа бөлінеді).«Сіздердің өмірлеріңізді өзгертеді» Өмір жайлы бейнефильмді көріп, түйінді ой негізінде «Өмір» тақырыпқа өлең шумағын құрастыру. Соңғы тыныштық сәтi. Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін есітеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!