Материалдар / Ашық сабақ: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды түсіндіру, үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
377
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың ақпараттық картасы.

Пән: Математика.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың оқу мақсаты: 7.1.2.17 ондық бөлшектерді қосу мен алуды орындау

7.3.1.5 2 әрекеттің орындалуын талап ететін, құрамдас мәтіндік, арифметикалық есептерді шешу

Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларға ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды түсіндіру, үйрету.

2.Түзету – дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту.

3.Тәрбиелік: Математикалық сауаттылыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Таратылым материалдары, карточкалар, презентация.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Материалды игеру кезеңдері

2 топ

3 топ

4 топ және УУО

Ұйымдастыру

кезеңі:

Амандасу. Психологиялық дайындық:

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық,

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық!



-1-ден 100-ге дейын тура және кері санау

- 4 топ: 60 көлеміндегі сандарды қосу, азайту

Негізгі бөлім:

Өткен тақырыпты қайталау

  • «Сәйкестендіру» тесті. Бір бағанда ондық бөлшектер цифрмен, екінші бағанға сол бөлшектердің сөзбен жазылған, соларды сәйкестендіру керек.

  • Ондық бөлшектерді салыстыр:

  1. 6,2 мен 7,1

  2. 5,73 пен 5,69

  3. 32,46 мен 32,48

  4. 0,638 бен 0,648

  5. 0, 971 мен 0.97

  6. 10,215 пен 10, 309

  • Ондық бөлшектердің разрядтарын қайталау

43.7569 санында 43 бүтін, 7 ондық үлес, 5 жүздік үлес, 6 мыңдық үлес, 9 он мыңдық үлес бар.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Балалар, біз қандай бөлшектерді оқып жатырмыз? /ондық бөлшектерді/

15,8 + 0,98; 45,9 – 13,7; 7 – 2,67; 36,812 – 15,145 (тақтада көрсетіледі)

•    Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? (Ондық бөлшектерді қосу және азайту)
Өте ерте заманда адамдардың заттарды санауы қажет болғандықтан натурал сандар пайда болды. Одан кейін нәрселерді тең етіп бөлу қажеттігінен жай бөлшектер пайда болды. Техника, өндіріс, сауданың өсуіне байланысты тез және дәл қосу, азайту, бөлу керек болды. Ал жай бөлшектер үшін бұл мүмкін болмады. Сондықтан үтірлер арқылы тез есептелінетін ондық бөлшектер пайда болды.

Ондық бөлшектерді дәлме дәл және оңай салыстыруға, қосып, көбейтуге, бөлуге болады.

Бұл туралы Рим жазушысы Цицерон былай деген екен: «Бөлшекті білмейінше, математиканы білемін деп ешкім айта алмайды!»

Ондық бөлшектерді қосу /азайту/ үшін:

1.    бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру керек
2.    ондағы аттас разрядтарды бірінің астына бірі тұратындай, /үтірдің астына үтір тура келетіндей/ етіп, баған түрінде жазу керек
3.    разрядтар бойынша қосу /азайту/ керек
4.    шыққан нәтижедегі үтірді берілген бөлшектердегі үтірлердің астына келтіріп қою керек.

Енді осы айтылған ереже бойынша мысалдар келтірейік:


Сергіту сәті

Сергіту сәтін орындау.





Оқулықпен жұмыс.

62 102 бет;

63 Мәселе есеп 102 бет;

Тігін шеберханасында 15,3 м сәтен және одан 12,7 м кем сиса әкелінді. Тігін шеберханасы барлығы қанша мата алды?

4 топ: 60 көлеміндегі сандарды қосу, азайту


Теңдік дұрыс болатындай үтірлерді қойып шық:

58 + 18 = 598 58 + 1.8 = 59.8

425 – 12 = 305 4.25 – 1.2 = 305

6 – 27 = 33 6 – 2.7 = 3.3

107 + 25 = 357 1.07 + 2.5 = 3.57

4 топ: Карточкамен жұмыс: Балалар, санап отырып цифрларды ретімен қойып шығады. Пайда болған суретті атайды.


Қорытынды бөлім:


125,5 196,2

+ 49,5 - 21,2

175,0 175,0

Неліктен бұл есептер 175 санымен аяқталып тұр? Осы санмен не байланысты деп ойлайсыңдар?

(Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы туралы айту)

Сабақты аяқтау

Үйге: № 66, 103 бет













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!