Материалдар / Ашық сабақ "Өнер ордасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Өнер ордасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ өнер ордасы туралы мәліметтер бере отырып,музыкалық танымдарын кеңейту Музыка тыңдау , ән айту , өнер ұйымына деген көзқарастарын дамыту . Мәдениеттілікке , өнерсүйгіштікке бағыттау .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
925
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1



Пәні :

Музыка

Сыныбы:

6 «Ә», «А»

Уақыты:

25.01.2017ж

Тоқсанның тақырыбы:

"Өнер тұлғалары"

Сабақтың тақырыбы:

Өнер ордасы

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Оқушыларға қазақ өнер ордасы туралы мәліметтер бере отырып,музыкалық

танымдарын кеңейту


Б)Коммуникативтік

Музыка тыңдау , ән айту , өнер ұйымына деген көзқарастарын дамыту .


В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Мәдениеттілікке , өнерсүйгіштікке бағыттау .

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы, әдебиет

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа, деректер


Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

1.Оқушылармен амандасу; Психологиялық тренинг

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Топқа бөлу

«Буйыннан сөз жаса» әдісі арқылы өнер адамдарының есімдері арқылы топқа бөлу

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? – ұстазымыз,

Өнер – білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Столдағы өнер адамдарының есімдерімен бөлінеді

І топ – «Н.Тілендиев» ІІ топ – «А.Мұсохаджаева»

ІІІ топ – «Т.Қажығалиев ІVтоп – «А.Жұбанов»

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

(5 мин)



Семантикалық карта


- Өнер туралы не білеміз? (Ой толғау)

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

(Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.)

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі Өнер ордасы

(15 мин)

«Аукцион» әдісі






Музыка тыңдау:

(4мин)



І топ – «Н.Тілендиев» Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шың дарын иесі, ойлы да сезімтал, білімді, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалысқан атақты, талантты композитор атақты домбырашы, әрі дирижер
Н. Тілендиев
1925 жылы сәуірдің 1 - і күні Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы.
Алматы ұлттық консерваториясымен Мәскеу консерваториясында білім алған. 1981 жылы белгілі «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін оның бас дирижері болды.
Оның
«Көш керуені», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқиса», «Махамбет» т. б күйлері халыққа кең тараған.
50 - ден астам драмалық спектакльдер мен 19 кинофильмдерге музыка жазды. Соның ішінде «Қыз - Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа» фильмдерге, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» сияқты 17 мультфильмге музыка жазды.
2000 жылы «Отырар сазы фольклорлық - этнографиялық оркестріне Н. Тілендиев есімі берілді.
Суреттен көріп отырғанымыздай әкесінен қалған оркестрді қайта жаңғыртып, Динара Нұрғисақызы дирижерлық етіп, болашақ ұрпаққа жеткізіп отыр. Әндері: «Саржайлау», «Әке туралы жыр», «Құстар қайтып барады» т. б

ІІтоп – «А.Мұсохаджаева» Айман Қожабекқызы Мұсақожаева 1958 жылы 15 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді.  Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры – атақты скрипкашы, Қазақстан республикасының халық әртісі, профессор. Дарынды музыканттың шығармашылық өнері К. Байсейітова атындығы республикалық музыка мектебінде профессор Н. М. Патрушеваның сыныбында басталып, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында КСРО халық әртісі, профессор В. А. Климовтың сыныбында шыңдалды. А. Қ. Мұсақожаева – көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты, олардың ішінде Югославияда өткен халықаралық конкурс (Белград, 1976), Н. Паганини атындағы халықаралық конкурс (Генуя, 1981), Жапонияда өткен халықаралық конкурс (Токио, 1983), Я. Сибелиус атындағы халықаралық конкурс (Хельсинки, 1985), П. И. Чайковский атындағы VΙΙΙ халықаралық конкурстары (Мәскеу, 1989) бар.        
Орындаушылық өнерде әртүрлі стильдерді меңгеріп, аса шебер техниканы қолдануы ең қиын шығармаларды жете түсініп, әлемге әйгілі сахналарда абыроймен орындап шығуына мол мүмкіндік туғызды. Скрипкашының концерттік бағдарламаларында Бах, Гайдн, Моцарт, Бетховен, Паганини, Брамс, Чайковский, Сибелиус, қазіргі заман композиторлары мен Қазақстан композиторларының шығармаларынан тұратын скрипкаға арналған бай репертуар жинақталды. 1992 жылы ол «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрін құрып, оның көркемдік жетекшісі болды. Оркестрдің репертуарына классика мен қазіргі заман композиторларының шығармалары кірген. Оркестр Ресей, Америка, Жапония, Германия, Австрия елдерінде концерттер қойып, өз жетістіктерін халықаралық деңгейде көрсете алды.  А. Мұсақожаева 1993 жылдан П. И. Чайковский атындағы халықаралық скрипкашылар конкурсының, Микеланжело Аббадо атындағы халықаралық скрипкашылар конкурсының (Милан, Италия), Абрам Ямпольский атындағы халықаралық скрипкашылар конкурсының (Дубна, Ресей) қазылар алқасының мүшесі болды.
Мәскеу, Алматы, Бішкек консерваторияларының профессоры ретінде Айман Қожабекқызы жан-жақты табысты педагогикалық жұмыс жүргізеді. Шәкірттерінің арасында көптеген халықаралық және республикалық лауреаттар бар. Профессор А. Қ. Мұсақожаева Еуропада, Америкада, Оңтүстік Кореяда халықаралық шеберлік сыныптарын жүргізеді.Музыка өнерінің биігінен көріне алған музыкант ҚР Халық әртісі (1986), Халықаралық шығармашылық академиясының академигі (1998), ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» құрметті атағын (1998) алды. 2000 жылы әдебиет, өнер және сәулет номинациясы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 2002 жылы ҚР меценаттар клубының шешімімен «Ақ алтын Тарлан» («Платиновый Тарлан») жүлдесін алды. 2002 жылы Айман Мұсақожаеваның есімі Кембридж университетінің жыл сайын жариялайтын «ХХ ғасырдың 2000 атақты музыканты» IBS Бүкіләлемдік Құрметті тізіміне еніп, өнердегі жетістіктері мен әлемдік музыка мәдениетіне жасаған қызметі үшін аталған орталықтың медалімен марапатталды.
ІІІ топ – «Т.Қажығалиев ілес Шамғонұлы Қажығалиев (25.4.1949. Алматы - 26.7.1996, сонда) - композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1987). Мәскеу консерваториясын (1974), Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аспиратурасын бітірген (1981). 1974 - 79 жылдары Қазақстан Композиторлар одагында шығарм. секцияның меңгерушісі, 1982 жылдан өмірінің соңына дейін тәрағаның орынбасары міндетін атқарды. Қажығалиев альт пен оркестрге арналған концерт (1970), "Отан туралы" оротория (1973), фортепьяно, ұрмалы және ішекті аспаптарға арналған концерт-симфония (1974), фортепьяно мен оркестрге арналған екі концерт (1976, 1982), әндер, ро-манстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыка шығармалар жазды.[1] үй шығарушысы ән сүйер қауымға «Дала аңызы», «Ойын тобық», «Ауыл», «Қыз қуу» туындыларын сыйлады. Тілес Қажығалиев Қазақ музыкасына өзіндік үн, қолтаңба қалдырған үлкен суреткер.

ІVтоп – «А.Жұбанов» Ахмет Жұбанов (1906-1968 жж.)
Жұбанов Ахмет Куанұлы - композитор, музыка зерттеуші, педагог, дирижер, қоғам кайраткері. Ақтөбе облысында дүниеге келген. Болашақ академик - сазгерді өнер аталатын киелі жолға бағыттаған күйші Талым мен ауыл мұғалімі Қ. Ашығалиев деген кісілер екен. Өмірге көз қарасы қалыптасуына жазушы Жиенғали Тілепбергенов, ағасы ғалым Кұдайберген Жұбанов үлкен әсер етсе керек.
1919-1928 жылдары Жұбанов ауылдық кеңес хатшысы болып істейді әрі скрипач П.Черняктан сольфеджио һәм музыка теориясы дәрісін алып жүреді.
1929-1932 жылдары Ахмет Куанұлы М. И. Глинка атындағы Ленинград музыка техникумында (А.А.Этигонның скрипка сыныбы бойьшша) және Н. А. Римский-Корсаков атындағы консерваторияда (профессор Ф. А. Найманның гобой сыныбы бойынша, ал кейінірек — музыка теориясы мен тарихы жөніндегі факультетте — Б. В. Асафевте) оқыды.
1932-1933 жылдары Ленинград өнертану академиясының (қазір театр, музыка және кино институты) аспиранты бодды.
1933-1935 жылдары Жұбанов Алматы музыкалық-драма театрында дәріс оқыды әрі оку ісінің меңгерушісі міндетін атқарды. Ол казақ тілінде тұңғыш "Музыкалық сөздік" қурастырды, музыкалық кабинет һәм казақ халық аспаптарын жетілдіру жөніндегі тәжірибелік шеберхана ұйымдастырды. 1934 жылы Жұбанов домбырашылар ансамблін кұрды, қазіргі Құрманғазы атындағы Халықтар Достығы орденді Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі соның негізінде пайда болды. Кейінрек ол осы оркестрдің көркемдік жағьн басқарды.
Жұбанов Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі, дирижері (1935-1945), Алматы консерваториясының ректоры (1945-1951), КСРО ҚазҒАФ өнертану секторының меңгерушісі (1945-1950), Алматы консерваториясы Халық аспаптары кафедрасының меңгерушісі және осы қызметпен бір мезгілде казақ халық әуендері тарихының, дирижерлік ету, аспаптау оқытушысы болды (1945-1947,1954-1961). 1961-1968 жылдары ҚазКСР ҒА жанындағы Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімін басқарды.
Ахмет Жұбанов — казақ халық әуендері мен жаңа заманғы музыка, театр және орындаушылық өнерінің зерделі зерттеушісі. Оның қаламынан қазақ халық музыкасының тарихы, халық әншілерінің, күйшілерінің, композиторларының өмірі мен шығармашылығы жайлы: "Құрманғазы" (1936), "Қазақ халық композиторларының өмірі мен творчествосы" (1942), "Ғасырлар пернесі" (1958), "Замана бұлбұлдары" (1963) аталатын ғылыми еңбектер мен зерттеунамалар дүниеге келді.
Жұбанов — қазақ кәсіби музыка өнері мен Қазақстанда музыкатану ғылымы негізін қалаушылардың бірі. Ол домбыра, қобыз бен сыбызғы үшін музыкалық туындылар жазып, жариялады, көптеген халық күйлерін халық аспаптары оркестріне түсірді. Ол — "Абай" (1944), "Төлеген Тоқтаров" (1947) операларының, "Отан", "Ақ Шолпан", "Біздің қала", "Күнім менің — Москва", "Лирикалық ән", "Қарлығаш", "Майданнан хат", "Ант" әндері мен хорлардың, "Тәжік биі", "Қазақ биі", "Ария" аспаптық шығармаларының, "Төлеген Тоқтаров", "Абай" симфонияларының, "Құрманғазы" радиооперасының авторы. Композитор Ғ. Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" (1938), М. Ақынжановтың "Исатай -Махамбет" (1938) пьесаларына, "Амангелді" фильміне (1938) музыка шығарды.
Жұбанов ұлтгық музыка ізашарларын даярлауға көп күш - жігер жұмсады. КСРО халық әртістері Ш. Қажығалиев, Н. Тілендиев, Қазақ КСР халық әртістері Г. Баязитова, Ф. Балғаева, Ф. Мансұров, Р. Омаров, Қазақ КСР еңбегі сіңген қайраткер Х. Тастанов (өнертану ғылымының кандидаты), Ғ. Бисенова, Б. Ғизатов, А. Кетегенова, З. Қоспақов, Ж. Рсалдин... бәрі-бәрі академик Ахмет Куанұльшың шәкіртері. 
Жұбанов - Қазақ ұлттық оркестрінің ұйымдастырушысы, тұңғыш дирижері әрі көркемдік жетекшісі. Ол сондай-ақ Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ашылуына ықпал етті. Ахмет Куанұлы ұзақ жылдар бойы КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі болды, Қазақстан Композиторлар одағын өз қолымен кұрғандардың бірі еді. А.Жұбанов - Қазақ КСР халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1945), профессор (1947), Қазақ КСР ҒА академигі (1946). Алматыда Ахмет Жұбанов атында көше бар. Республикалық музыка орта мектеп - интернаты оның есімімен аталады. Академик - композитор тұрған үйге (Байсейітова көшесі, 33 және Абылай хан даңғылы, 113) мемориал тақта орнатылған.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Критерялдық бағалау


қызығушылығын арттыру.

Сергіту сәті

(2 мин)

«Саржайлау» әніне билеу

Би билейді

Бейнетаспа

«Әуенді тап» ойыны (5мин)

Әр аспаптың музыкасы мен суретін көрсету арқылы қай аспап екенің табу

(қобыз, жетіген,фортепиано,сырнай,домбыра)

Бейнетеаспамен тыңдату

Сурет көрсету


Дауыс жаттығуы

Ән жаттау:

(5 мин)

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді

«До,до,до» Дауыс жаттығуы Ән «Нота үйренеміз» Б.Жүсіпалиев

«Домбырасыз сән қайда » И.Нүсіпбаев

Мұғалім бірінші тыңдатады, И.Нүсіпбаев туралы айтып кетеді.


Бейнетаспамен ән қосылып айту



Жаңа ән үйрену.

Жаңа сабақты бекіту

(5мин)

«Мен үшін бүгінгі сабақ…»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

1. қызық

1. жұмыс істедім

1. материалды түсіндім.

2. қызықсыз

2.демалдым

2. білетінімнен де көп білдім.

3.енжарлық басым

3.басқаларға көмектестім.

3.түсінбедім



Түсіндірілген тақырып бойынша кестеге жазып жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

(2мин)

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.


Үй тапсырмасы

Ән жаттау , Реферат жазу .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады


Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!