Материалдар / Ашық сабақ. Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Алтын күз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2020
1142
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Алтын күз

 Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту,   Алтын күздің ерекшеліктері туралы   әңгімелеу.  Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл  байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық  жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, жаңғақ, сәбіздер.

Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келді.Олай болса, барлығымыз шеңберге тұрып амандасып алайық.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей,бәріміз,

Салем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі.

-Күз  мезгілінде, ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Жиі жаңбыр жауады. Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

Күз мезгілінде күн салқындайды, жемістер мен көкөністер піседі, астық піседі.

 -Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдау

Алинұр: Жер берді жемісті .

Күз келді келісті.

Күз — байлық береке.

Алтын күз — мереке.


Еңбек қызыл қырларда.

Бидай толды қырманда .

Алтын таулар секілді.

Сап — сары болып тұрғанда


Осень,осень не спеши,

И с дождями подожди.

Дай еще нам лета,

Солнышка и света.

Осень-күз,жапырақтар –листья.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыру(  сұрақ-жауап арқылы)


Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

Есікті қағып аю кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе, балалар бізге көңілді аю  келіп қалыпты.

Аю : - Балалар, манадан бері сендердің күз туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын.

Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

  Сергіту сәті:              

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.

- Күзде құстардың бәрі  бірдей ұшып кетеді ме?

-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.

( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

Аю: Жарайсыңдар балалар.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: жаңғақты жеке бір себетке, сәбізді екінші себетке жинау керек.

Аю жолдан Машаны тауып алып ,балалармен қоштасады.

 Балалар  тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!

Сау болыңыз!

Балалар, сендерге аюдың ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.




























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!