Түркістан облысы, Бәйдібек
ауданы
«Шаян саз және өнер мектебі»
МКҚК
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
Оқудың бастапқы
кезеңінде
оқушыға музыканың
мәнерін түрлі тәсілдермен меңгерту
Директордың оқу-ісі жөніндегі
орынбасары: Л.Тажиева
Фортепиано бөлімінің
меңгерушісі: Ә.Досжан
Фортепиано пән мұғалімі:
М.Абдиразакова
Оқушы: З. Нұрлан
1-сынып
Сабақтың
тақырыбы:
Оқудың бастапқы кезеңінде
оқушыға музыканың мәнерін түрлі тәсілдермен
меңгерту
Сабақтың
мақсаты:
Оқушының музыка мәнерін
жете түсінуін қалыптастыру үшін түрлі сарындағы шағын шығармаларды
пайдалану.
Білімділігі:
Оқушының музыканың
динамикалық бояуларын меңгеруіне бастама жасау. Музыкалық
штрихтарды жалпылама түсіндіріп өту.
Дамытушылық:
- оқушының музыкаға деген махаббатын
нығайту,
- оқушының эстетическалық талғамын
қалыптастыру,
-оқушыны бірқалыптылыққа,жинақылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Фортепиано, кітап, ноталар,
ноутбук
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушымен сәлемдесіп, хал –
жағдайын сұрау. Оқу құралдарының түгелдеу.
Оқушының аспапта дұрыс
отыруына жіті мән беру.
Қол жүргізу мақсатында
жаттығулар ойнату.
1-жаттығы: «Кемпірқосақ»
Клавиша үстінде доға жасай отырып ойналатын жаттығу түрі. Бұл
жаттығу аспап клавишасына дұрыс бағдар алуға көмек береді. Сонымен
қатар, қол буындарының дұрыс қимылына әсер етеді. Оқушының қолдары
доға жасай отырып еркін және жәй қимылдау қажет. Балаға әсерлі болу
үшін «тамшы кемпірқосақ үстімен сыңғырлы үнмен сырғып,көлге «күпм»
етті» деп көз алдына елестете жұмыс
жасалынады.
-Ал,клавиатура үстінде
кемпірқосақ суретін сала отырып әндетейік:
Кемпірқосақ көріп
балалар,
Шапалақтап
шаттанар.
-Әне,әне
алақай!
Қараңдаршы
балалар.
Түрлі – түсті
бояулар!
Жаттығуды оң қолмен және сол
қолмен, содан соң екі қолмен бірге жасау керек. Үйде осы жаттығуды
жасау.
2-жаттығу. Әр саусақты сергіту
мақсатында «Саусақтар сәлемдесуі» ойыны ойналады. Екі қол
саусақтарын бір-біріне түйістіріп, ашып –
жабамыз.
Музыкалық материалмен
жұмыс
Педагог: Сен қазір қандай шығарма
ойнайсың?
Оқушы: Е.Гнесина
«Птичка»
Шығарма ойналады,қате болса
түзету жұмыстары жүргізіледі.
Педагог: Қанекей,айтшы, музыкалық
шығарманың мінезі қандай?
Оқушы: Салмақты. Тынымсыз жұмыс жасап
жүрген құс бейнесі елестейді .
Педагог: Шығарманы ойнағанда қандай
сезімде боласың?
Оқушы: Ұя жасауға ауыр-ауыр шөп,мақта
тасып жүрген еңбекқор құс елестейді.
Педагог: Жарайсың, шығарма идеясын
жақсы түсіндің.
Сурет салатын маман-суретші,
өлең жазатын адам-ақын,ия?! Ал,айта ғойшы, музыка жазатын адамд кім
дейміз?
Оқушы: Композитор.
Педагог: Жарайсың! Біздің өміріміз
музыкамен тікелей байланысты. Бірде қуанамыз,бірде жабырқап
қаламыз. Енді бірде таңданамыз, жақсы дүние көрсек тамсанамыз,
ия?!Осы сезімдер саған таныс. Композитор музыка арқылы біздің осы
сезімдерімізді бейнелейді. Қорбаңдаған аюдың, қу түлкінің немесе
сен ойнаған шығармадағы торғайдың бейнелері, бәрін-бәрін музыкаға
түсіру үшін композиор түрлі штрихтар, динамикалық бояулар
қолданады. Енді, үй тапсырмасына Ю.Литовко «Лошадка» шығармасын
аламыз.
Шығармамыз 2/4 өлшемде
жазылған. Сен танысып өткен төрттік және сегіздік ұзақтығындағы
ноталар кездеседі. Нота атсындағы нүктелер,жоғарыда айтып өткен
штрихтарға жататын стаккато штрихы. Құлыншақ ойнақтап, жеңіл,
әрлі-берлі шауып ия?! Міне, стаккат сол құлыншақ шабысын бейнелей
оналады. Яғни, жылдам, әр нота арасын паузамен ойнаймыз. (Шығарма
ойналады).
Үйге
тапсырма: Жаңа шығарманы соңына дейін
нота ұзақтықтарын шапалақтап,санау. Оң қолмен ойнайтын бөлігін
ойнап келу.
Қорытынды: Оқушыны жұмысына қарай
бағалау. Ынтасын көтеру мақсатында мақтап, жетістіктеріне тоқталып
айтып өту.