Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею."
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: Биология
Сынып: 9 «В»
Күн: 30.10.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері.
Жынысты көбею.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тірі ағзалардың көбею формалары жайында мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, кесте
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.Класты топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Қайталау сұрақтары:
-
Эукариотты ағзалар дегеніміз не?
-
Хромосомалар қайда кездеседі?
-
Хромосомалар неден тұрады?
-
Диплоидты жиынтық деген не?
-
ДНҚ –да не сақталады?
-
Редупликация дегеніміз не?
2.Үлестірме қағаз арқылы топпен жұмыс.
Әр топқа митоздық бөлінудің фазаларының суреті бейнеленген парақтар беріледі.Сол парақтарға сәйкес әр топ тапсырманы орындап аталған фазаларда жүретін құбылыстарды айтып беруі керек.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Көбею – тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты көбею.
Жыныссыз
көбею – көбеюдің қарапайым түрі болғандықтан, жыныстық көбеюден
бұрын пайда болған деп есептеледі. Көбеюдің бұл түрі өсімдіктерге
де, жануарларға да тән. Жыныссыз көбеюдің өзінің екі түрі болады:
нағыз жыныссыз көбею және вегетативті (өсімдіктерде) көбею.
Нағыз жыныссыз көбею кезінде организм денесінің сыртынан кейде
жасушалардың тобы бөлініп шығады.
Осы жасушалардың тобынан дамудың барысында дербес өзіндей түр пайда
болса, оны нағыз жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбеюге
жануарлардан гидраның, гидроидті маржан полиптерінің және тағы
басқа омыртқасыздардың көбеюін жатқызуға болады.
Осындай көбею өсімдіктерде спора арқылы жүзеге асырылады.
Құрлықтағы өсімдіктердің сырты қалың қабықпен қапталып, қолайсыз
ортаның әсеріне төзімді келеді. Орта жағдайы қалпына келгенде,
гаплоидті жасушалар спораның жәрдемімен жыныссыз көбейеді. Олар
сумен, желмен және жануарлар арқылы таралады.
Вегетативті көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативті көбею және
қолдан вегетативті көбейту.
Табиғи вегетативті көбею.Табиғатта өсімдіктердің көпшілігі
вегетативті жолмен көбейеді. Әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктердің
денесі екіге бөлініп, екі жас жасуша пайда болады да, әрқайсысы
дербес өсімдікке айналады. Көп жылдық шөптесін және сүректі
өсімдіктер де табиғи вегетативті жолмен көбейеді. Әсіресе
өсімдіктердің жер бетіндегі өркендері арқылы көбеюі көп
таралған.Бұларға мұртшаларынан, шыбықтарынан, сұлатпа бұтақтарынан
өсіп көбейетін өсімдіктер жатады.Сонымен қатар жер астындағы
өркендерінен, тамыр атпаларынан көбею де табиғи вегетативті көбеюге
жатады.
Қолдан вегетативті көбейту.Адам әр түрлі әдістерді қолданып,
өсімдіктерді өсіріп, көбейтеді. Қолдан вегетативті жолмен
көбейтудің бірнеше жолдары бар. Соның ішінде көп таралғаны –
телу.
Телу дегеніміз- бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып,екінші
өсімдік денесіне ұластыру. Қазіргі кезде телуді трансплантация деп
атайды.Яғни, өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті телітуші, ал
оған әкеліп ұластырылған бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды.
Телітуші мен телінушінің әрқайсысын компонент дейді.Телу ісі
нәтижелі шығу үшін, алдымен, әрбір компонентті сұрыптай білу
қажет.Телінуші ретінде алынатын компонент жас, ауруға шалдықпаған,
жемісі ірі және тәтті, тағы басқа қасиеттері болғаны дұрыс.Осындай
қасиеттерін сұрыптап алып, орыс селекционері И.В.Мичурин телу
жұмысын жүргізген.
2.Жыныстық көбею.
Жыныстық жолмен көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары
ядроларының қосылуын айтады. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды.
Ендеше анлық және аталық жыныс бездерінде гаметалар дамиды. Аналық
организмде жұмыртқа жасушалары, ал аталық дара организмде
сперматозоидтер түзіледі. Жұмыртқа жасушасы қозғалмайды, ал
құрылысына сәйкес сперматозоидтер қозғалғыш келеді.
Демек жыныссыз көбеюден жыныстық көбеюдің негізгі айырмашылығы –
оған екі организм қатысады.
3. Партеногенез.
Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерістерін
партеногенез деп атайды.Партеногенез грекше «partenos»- қыз,
«genesis» - туу, пайда болу, яғни «ұрықтанбаған жұмыртқа
жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы» деген мағынаны
білдіреді.
Бұл құбылыс табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген
түрлерінде кездеседі. Мысалы, дафнияда ұрықтанбаған жұмыртқа
жасушасынан партеногенетикалық аналықтар дамиды. Ұрықтанған
жұмыртқалар қыстап шығып, көктемде партеногенез жолымен көбейе
алатын аналықтар қайтадан дамиды. Аталықтар күзде пайда болады. Бұл
құбылыс баларада, жабайы арада, өсімдіктерде – бақбақта, тағы
басқаларында кездеседі.
Баларада партеногенез басқаша жүреді. Ұрықтанбаған жұмыртқалардан
тек аталықтар (трутеньдер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар (аналық
ара) мен жетілмеген аналықтар (жұмысшы аралар) дамиды.Жоғары және
төменгі температурамен әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған
жасушадан жаңа организмдер дамитыны дәлелденді.Бірақ бұл құбылыс
өте сирек кездеседі.
Атақты орыс генетигі Б. Л. Астауров жасанды партеногенездік жолмен
көбею қабілеті бар жібек құртын алды.
Жыныссыз көбею – көбеюдің қарапайым түрі.
Жыныстық жолмен көбею - сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары
ядроларының қосылуын айтады.
Партеногенездің ерекшелігі – ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек
аналықтар, ал ұрықтанғандарынан аталықтар
дамиды.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Қай тұжырым дұрыс?
Көбею – тірі организмдерге тән қасиет.
Жыныссыз көбеюде гаметалар пайда болады, олар ұрықтанады.
Бүршіктену – жыныссыз көбеюдің бір түрі.
Жыныссыз көбею өте кең таралған.
Амебалар бүршіктену арқылы көбейеді.
Жынысты көбею тек жануарларға ғана тән.
Жынысты көбею кезінде гамета түзіледі.
Биологиялық диктант
1 |
Көбеюдің биологиялық мәні |
1 |
Бүршіктену |
2 |
Жануарлар екі түрлі жолмен көбейеді |
2 |
Гаметалар |
3 |
Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі |
3 |
Ұрпақтар жалғасуы және организм түрінің сақталуы |
4 |
Аналық жыныс клеткасы |
4 |
Сперматозоид |
5 |
Аталық жыныс клеткасы |
5 |
Гермофродит |
6 |
Ұрықтанған жаңа жасуша |
6 |
Зигота |
7 |
Гаметалардың 2 түрі де жануардың өз организмінде дамып жетіледі |
7 |
Жұмыртқа клеткасы |
V.Бағалау
VI.Үйге тапсырма.
§ 17. Оқу,мазмұндау.
VII.Қорытынды.
Көбею – тірі организмдерге тән қасиет.
Көбеюдің жыныссыз және жынысты түрлері бар.
Жыныссыз көбеюге бір ғана дара қатысады,бастапқы жасушадан аумайтын жаңа жасуша пайда болады.
Жыныссыз көбею түрлері: бөліну, бүршіктену, вегетативті көбею.
Жынысты көбеюге екі дара қатысады.
Жыныс жасушаларының қосылуын – ұрықтану деп атайды
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы зигота деп аталады.
Лездемелік сұрақтар:
-
Тірі ағзалардың ортақ қасиетінің бірі.
-
Көбеюдің қандай жолдарын білесіңдер?
-
Ең алғашқы тірі ағзалар – біржасушалы прокариоттар қалай көбейді?
-
Біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі қалай аталады?
-
Амебалар, жасыл эвгленалар қалай көбейеді?
-
Аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.
-
Ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы арқылы көбею жолы қалай аталады?
-
Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшеліктері неде?
-
Бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары қалай көбейеді?
-
Жыныстық үдерісі дегеніміз не?
Деңгейлік сұрақтар:
А-1. Жынысты және жыныссыз көбею үрдістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?
2. Жынысты және жыныссыз көбеюдің артықшылығы және кемшілігі неде?
В-1. Өздеріңе белгілі ағзалардың жыныссыз жолмен көбею жолдарын атаңдар.
2. Олардың қайсысы біржасушалыларға тән, қайсысы оған жатпайды?
С-1. Жынысты көбею түрлерін атап, оларды қысқаша сипаттаңдар.
2. Жынысты көбеюдің қай жолдарында әр түрлі дарақтар арасында генетикалық материалдардың алмасуы жүреді? Қай жолдарда тек өздігінен ұрықтанады?
Ү. Қорытынды: Жыныстық үдеріс – бұл ұрпақтарда ата-енелік ағзаларға ұқсамайтын екі қасиеттер сапасының үйлесімді жолы.