Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: "Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері" 11-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар ДОІЖО........................Сапаров О.
.
Пәні: дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: ІІ тарау. Еуразия ХХ ғ. екінші жартысы мен ХХІ ғ. басында |
Мектеп: Ұзын-Ата жалпы орта мектеп |
|||||||||||||||||||
Күні: 07.12.2017 ж. |
Мұғалімнің аты жөні: Рысбекова Жаухар Сағындыққызы |
|||||||||||||||||||
Сынып: 11 «б» |
Қатысушылар: саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
§25. 60-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың бірінші жартысындағы КСРО |
|||||||||||||||||||
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме) |
КСРО-ның 60-жылдардың орта кезіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуына және 60-70-жылдардағы ішкі-сыртқы саясаттарын сипаттау. |
|||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар істей алады: Тақырып толық меңгереді, мәтінді түсініп, жалғастырып оқуды пайдалана отырып өз ойын еркін айтуға дағдыланады Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік біледі. Көптеген оқушылар істей алады: КСРО-дағы 60-ж-ң орта кезіндегі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін, 60-70-ж-ғы ішкі-сыртқы саясаттарын түсіне отырып, оған анықтама береді. Кейбір оқушылар істей алады: Кеңес қоғамындағы экономикалық қиыншылықтар мен теріс үдерістердің ұлғаюының негізгі сипатын ашады, мысалдар келтіреді. |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Арнайы пәндік лексика мен терминология Сөздік
Оқылым: Мәтінді оқи отырып, Кеңес Одағындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды зерделейді. Айтылым, жазылым дағдыларына сүйене отырып, оқушылар іс-тәжірибе барысындағы тапсырмаларды орындайды. |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Арнайы пәндік лексика мен терминология Сөздік
Оқылым: Мәтінді оқи отырып, Шығыс Еуропадағы демократиялық өзгерістерді зерделейді. Айтылым, жазылым дағдыларына сүйене отырып, оқушылар іс-тәжірибе барысындағы тапсырмаларды орындайды. |
|||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс |
Жалпы тарих, география. |
|||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары |
Интернет, слайд. |
|||||||||||||||||||
Қосымша білім
|
Электронды оқулық, геогафия |
|||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы 12 минут |
Кеңес Одағының Бірінші хатшыларының суреттері арқылы
«Кім білімді, кім жылдам?» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
Сөзжұмбақ «Тұлғалар» |
Кеңес Одағының бірінші хатшыларының суреттері бейнеленген қағаз қиындылары, Топтарға бағалау кесте
|
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин |
Жаңа тақырып: тақырыпты ашып алу «Білу және істей алу- екі мәселе» әдісі. Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі, бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады. (15 мин)
Қызығушылықтарын
ояту Ю.В.Андропов-тобына: «Ю.В.Андропов және оның кеңес қоғамын реформалауға ұмтылған әректтері. КСРО-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары»
Оқулықпен жұмыс
|
|
||||||||||||||||||
Сабақтың аяғы 13 мин |
«Басбармақ» әдісі:
|
|
«ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері» тақырыбында дүниежүзі тарихы пәнінен 11»в» сыныпқа тарих-география апталығында өткен Рысбекова Жаухадың ашық сабақтың рефлексивтік есебі.
Дүниежүзі тарихы пәнінен 7
модульді кіріктіре отырып, 6-шы желтоқсан күні 11 «в» сыныбында
сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына
сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ
ғасырдың басындағы Орталық және Оңтүстік-Шығыс
Еуропа елдері» тақырыбында сабақ өттім. 11 «в» сынып оқушылары 7 модульдің ішіндегі көшбасшылық
модуліне басымдық беріп , сабаққа өздері жоспар құрып , өздері
жүргізіп отырды. Бұл жерде мұғалімнің міндеті балаларға
бағыт-бағдар беру болды.
Сынып оқушыларын топқа бөлмес бұрын, оқушылар шаттық шеңберін құрып
өздерінің сабаққа деген көңіл –күйлерін ақ, көгілдір, сары түстер
бойынша айтып өтті. Бұл апта «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінде
тарих-география апталығы әрі алда келе жатқан «Тәуелсіздік
мерекесіне» арнап Мадияр Жанғазы өзінің арнау өлеңін оқып, сабаққа
қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонан соң тақтадағы стикерлерде жасырылған мемлекеттердің тулары бойынша Польша, Венгрия, Болгария, Румыния болып 4топқа бөлініп отырды.
Топқа бөлініп болған соң, оқушылар өз топ басшыларын сайлады. Бағалау қағазы таратылды. Топ басшысына топқа оқушыларды қалай, қайтіп бағалайтыны жөнінде критерий де таратылып берілді. Үй тапсырмасын «Шығыс Еуропа елдеріне саяхат» ойыны бойынша әр мемлекеттің тұсына үй тапсырмасы сұрақтарын қыстырып , әр оқушы қалаған сұрақтарды алып , өткен тақырыпты пысықтап шықты .
Сыныпта жаңа сабақты бастамас
бұрын, оқушылармен «Картадан тауып бер» ойынын ұйымдастырдым. Бұл
оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыруға көмектесіп, ойын балаларға да, сабаққа еніп
отырған әріптестеріме де ұнады.
Жаңа сабақты «Терминдермен жұмыс» арқылы мәтінде кездесетін термин
сөздердің қазақша,орысша, ағылшынша айтылуын үштілділік қағидатын
енгізіп,сыни тұрғыдан ойландырып, сабақты ашып
алдық.
Содан кейін, интерактивті тақтаның көмегімен мағынаны тану «Білу және істей алу- екі мәселе» әдісін пайдаланып 4 топтың оқушылары өздеріне берілген тапсырманы оқу үдерісінде белсене қатыса отырып, материалды толық меңгеріп, тақтада постермен қорғап шықты .
Мен оқушылардың не білетінін және нені және қалай жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын түсінуге тырыстым , сонда да мен оларға постерден бөлек топ басшысына деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар бердім. Мен үшін бұл ерекше қызықты болды. Себебі, деңгейлік тапсырмалар тек постер жнасаумен шектелген жоқ, керісінше қосымша тағы да сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Оқушылар осындай тапсырмалармен үлгере алар ма екен деген сұрақ болды. Әрине, берілген тапсырмалар мен сұрақтар жас ерекшелігі мен оқулық шеңберінен алыстап кеткен жоқ. Өзім үшін де эксперимент жасап көргім келді. Оның үстіне бұл жаңа сабақты біз оқулықтан алмаймыз, яғни мұғалімдер басқа ақпарат көздерінен тауып алып келетінбіз. Менің ойымша, мен күткен нәтижелер орындалды. Топ басшылары да, топ мүшелері де берілген тапсырмалар мен сұрақтарға, постерлерін жасап, оны қорғауға дайын болды. Мен тек сырттай бақылап, бағыттап отырдым. Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде Баян, Наргиза, Қаныш, Ләззәт, Арысболат, Үміт, Жанғазы, Ұлбағила болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогқа ықпал етті. Мұғалімнің үш негізгі көмекшісіне сүйене отырып, сынып ішіндегі климаттың, тақырыптың барынша оқушыларға қолжетімді, сапалы өтуіне барынша тырыстым.Топтар өз жұмыстарын аяқтап, 2-топтың топ басшысы Гүлсара өздеріне берілген тапсырмалардың орындалғаны туралы хабардар етті.
Өзге топтар да жұмыстарын аяқтап, постерлерін қорғады. Топ басшыларына таратылып берілген бағалау қағазына топ лидері бағалап отырды. Постердің тақырыбы, мәтіні жалпы көңілімнен шықты және түсінікті болды. Оқушылардың кейбіреулері өзге сабаққа постерді әрлеуге тырысып жатса, бұл сабаққа постердің мәтінінде не жазылған, соған аса назар аудардым. Әсіресе «Польша» тобы тақырыпты барынша аша білген. Саяси картадан Шығыс Еуропа мемлекеттерінің географиялық орнын көрсетіп берді. Барлығын өздері ұйымдастырды, мен тек бағыттадым, деңгейлік сұрақтар бердім.
Оқушылар өз жұмыстарын қорғап, өзге топтарға таныстыру үстінде.
Осыдан өзім бір қорытындыға келдім. Егер де дұрыс
мақсаттар мен дұрыс таңдалынып алынған деңгейлік тапсырмаларды
берсек, оқушылар онымен де жұмыс істей алады. Бұл өз кезегінде,
оқушының өздігінен ізденуіне, анализдеп синтездеуге, өз пікірін
қорғауға көп септігін тигізеді. Өзге топтар да жұмыстарын ойдағыдай
өз дәрежесінде қорғады. Мен сабақ барысында оқушыларды
әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «дұрыс» деген
ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Ең бастысы, оқушыларға
бүгінгі сабақ түсінікті, қолжетімді,әрі қызықты өтті. Шығыс Еуропа мемлекеттерінің ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ
ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және экономикалық хал-ахуалдарын
толық сипаттатыпп, оны картадан және
деңгейлік тапсырмалардың көмегімен өздігінен ізденуіне
дағдыландырдым. Сабақ соңында «Басбармақ»
әдісімен кері байланыс алдым. Менің ойымша,бүгінгі сабақ
балаларға ұнады.
Сабақта мұғалім тек қана лидер емес, ол керісінше стратег бола білуі керек. Сабақтың әрбір бөлімі, қалай, қашан, қандай дәрежеде өтетіндігі мұғалім жоспарлаған стратегияларға, әдіс-тәсілдерге байланысты.
Мен бұл сыныпта дарынды және көшбасшы балалардың көп екендігіне, оқушылардың өздігінен ақпаратты іздеп, сыни тұрғыдан ойлай алатындығына көзім жетті. Әрбір сабағымда диалогтік оқытудың атқаратын маңызы зор деп ойлаймын, себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп ортаға салу, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалатындығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады.
Сабақтың сәтсіз тұстары: уақыттың жетпей қалуы
(рефлексия, кері байланыста)
Сабақтың сәтті тұстары: оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы,
сергіту сәтінің оқушыларға өте қызықты болуы, топта талқылау,
диалог, өзін-өзі бағалау, өздігінен матреиалдар іздеуі, сабақтың ең
бастысы қолжетімді, сапалы өтуі.
Алдағы уақытта нені өзгертуім керек: кретериалды бағалауды әрбір
сабаққа енгізу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, уақытты тиімді әрі
ұтымды пайдалану.
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп,
таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып,
зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту
үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай
қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу
үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Осыған орай, әр сабақта
оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу
керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды,
бір-біріне кеңес береді, өзінің алдына мақсат қояды, алынған
нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және
қателер-оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге
барады. Осы айтылған мақсаттар мен әдістер қолданылғанда сабақтың
сапасы мен қолжетімділігі арта түседі. Қорыта келе айтарым, мен бұл
сыныпқа және барлық сыныптарды әлі де саралап, анализдеп жүрмін.
Мұндағы менің мақсатым біреу ғана, ол-сабаққа 7 модульді енгізу
арқылы сабағымның қызықты әрі қолжетімді болуы. Сол үшін өз
дәрежемде ізденіп, әрбір сабағыма үлкен дайындықпен келіп жүрмін.
Мен үшін мектептегі ең басты нәрсе, ол-сабақтың, білімнің сапасы.
Білім сапасы мен үшін әрқашанда бірінші орында тұрады. Ол үшін
бағдарламаның 7 модулін ықпалдастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу
маңызды . Ұстаздың мықты болуы, пәндік-теориялық білімінің
жетілуінің мықты болуы үшін ұстаздың өзі бір орында тоқтап қалмауы
керек. Барлығын анализдеп, синтездеп барып қана өзіңіз күтетін
нәтижелерге қол жеткізуге болады. Алдағы уақытта өзімнің
тәжірибелерім мен зерттеулерімді 7 модулді ықпалдастыра отырып,
сыныптағы білім сапасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын
одан ары көтеруге бар күшім мен жігерімді салатын
боламын.