Материалдар / Ашық сабақ Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
lesson study
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
6054
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3А-сынып

Күні:

Тақырыбы:

Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы.


Мектеп: N 14 орта мектеп


Мұғалімː Тәжібаева Мөлдір Қуатбекқызы

Қатысқандар саны: 18

Қатыспаған оқушылар: 0

Оқу мақсаты:

3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар ːӨсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі.


Кейбір оқушылар ː өсімдіктер сияқты қоректенетінін түсінеді;



Көптеген оқушыларː қажет болған жағдайда энциклопедиядан қо­сымша мәліметтерді оқып бере алады


Бағалау критерийі



  • Жануарлардың қо­ректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі;

  • Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ұқсастықтарын ажыратады;

  • Өсімдік­тер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады.




Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өзара байланыс

Жануарлардың өсімдіктер сияқты қо­ректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын айта алады.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1 минут








1 минут


3 минут



Ширату жаттығуы


Қайырлы күн менің көлдерім орман тоғайым

Қайырлы күн

Қайырлы күн

Қайырлы күн

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып, төмендегі өлең жолдарын айту



Топқа бөлу. Шар ішінен жарып суреттерді алғызу Оқушыларды жануарлардың суреттері арқылы 5 топқа бөлу топтарға біріктіру.

Топ ережесін сұрау.

Топ басшысын сайлау.Біздің ұйғаруымыз бойынша топтан топ басшы етіп----------------------тағайындадық



Ширату жаттығуы

Слайд №1,2,3























Сабақтың ортасы

3 минут












3 минут








5 минут




















4 минут















7 минут

















2 минут

2 минут






7 минут








Үй тапсырмасын сұрау Тарауды бекіту.Тарау өсімдіктер

(ЖЖ) Сандарды алғызып 1,2,3 нөмерлі балалар мазмұның айтады

4нөмерлі балаға сұрақ

5 нөмерлі балаға сұрақ


6 нөмерлі балаға сұрақ


7 нөмерлі балаға сұрақ

Қалған оқушыларға жұмбақ жасыру

  • Сабақ соныңда қандай жетістікке жетеміз Мақсат құрып алайық

  • Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ұқсастықтарын ажыратамыз;

  • Өсімдік­тер мен жануарлардың байланысын сипаттаймыз.

  • Жануарлардың өсімдіктер сияқты қоректенетінін түсінеміз;

Орнымыздан түрып тобына байланысты сүтқоректілер аңдар бунақденелер бауырмен жорғалаушылар аттарын атап шығу

(ТЖ) Постер құрау сүтқоректілер аңдар бунақденелер бауырмен жорғалаушылар







Оқулықпен жұмыс.Белсенді оқу әдісі

(ЖЖ )Мәтінді оқу

Топ басшылары басқа топта түсіндіру жұмысы жұргізеді


(МК) Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Оқулықта берілген суреттің ұқсастығы мен байланысын табу.

Сұрақтарды талқылау.

- Өсімдіктер мен жануарлар не істейді?(Қоректе­неді.)

- Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі.)

- Өсімдік нені сіңіреді?(Күн энергиясын.)

- Одан әрі не болады? (Өсімдік бойын­да оттек пен қоректік заттар түзіледі.)

- Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Күш-қуат алады.) Осы­лайша оқушылар жануарлар да өсімдіктер сияқты қо­ректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі.

Өмір үшін маңызды. Суреттерден қандай өмірлік маңызы бар үдеріс жайлы білуге болатынын анықтау.

Талқыланатын сұрақтар:

  • Суреттегі өсімдіктен не байқадың?

  • Тасбақадан ше?

  • Мұны қандай белгілер арқылы анықтадың?

  • Осы үдерісті құрлықта да оңай бақылауға бола ма?

  • Егер тірі ағзалар тыныс алуды тоқтатса, не болады?

(ТЖ) Фотасуреттер таратып беру Фотосурет көмегімен жауап бер. Суреттегі жануарлардың өсімдіктерге қандай көмегі тиетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беру.

  • Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).

  • Ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда үнемі тұмсығымен ұстап тұра ала ма?

  • Тиін күз бойы қысқа арнап жинаған жаңғақтарының орнын таба ала ма?

  • Келесі суреттегі иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары түгіне жабысып қалған.)

  • Олар жерге түсіп қалуы мүм­кін бе? (Иә.)

  • Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін.)

  • Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі.) Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.

Мұғалімнің түсіндіруі.

Өсімдіктер фотосинтез үдерісі кезінде Күн сәу­лесінің энергиясын қоректік зат энергиясына айнал­дырады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенген кез­де сол қоректік заттарды бойына сіңіреді. Өсімдіктер фотосинтез үдерісінде көмірқышқыл газды оттекке айналдырады.

Өсімдік тұқымын таратуда жануарлардың маңызы зор. Жорғаторғай мен тиін қысқа құрғақ жеміс жинай­ды. Бір жерден екінші жерге жасырып жүріп, оларды жоғалтады, орнын ұмытып қалады. Бұл жемістерден жаңа өсімдік өсіп шығады.

Төртінші артық ойындары



Түйежапырақ, итошаған сияқты өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың жүніне жабысып, басқа жерге түсіп қалады. Жолжелкен сияқты шөптесін өсімдік тұқымдары сүтқоректі жануарлардың тұяқта­рына жабысу арқылы таралады.


(МК)Зертте. Бұл тапсырманы орындау үшін жануарларға кейбір мүшелері пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер жазылып дайындалған үлестірме парақшаларды тарату керек. А3 пішіміндегі қағаздың бір бөлі­гінің жоғарғы жағына «Өсімдік», екінші жағына «Жануарларға пайдасы» деп жазылады. Жеке бір топқа үлестірме парақшаларды екіге бөліп, әрқайсысына жарты мәтіннен беріледі.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

Әрбір оқушы ақпаратпен дұрыстап танысуы тиіс. Қажет болған жағдайда энциклопедиядан қо­сымша мәліметтерді оқу.

А3 пішіміндегі қағаз бір бөлігіне өсімдік сипаттамасы жазылған кестені жапсыру. Керісінше, екінші бөлі­гіне өсімдіктің бөліктерін және олардың жануар­ларға пайдасын жазу. Мысалы, жусан – жапы­рақ – қорек.

Алынған ақпаратпен топ ішінде алмасу.

Талдау жасау.

Сергіту сәті. Жануарлар достығы Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Жұппен жұмыс Көршісіне суркт жасырады мимикамен

(МК)Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Бөріжөкенің суретін көрсетіп, оның улы өсімдік екенін айту. Оны жануарлар жемейтінін, тек құстар ғана оның жидегімен қорек­тенетінін айту. Оның улы өсімдік екенін, денсау­лыққа зиян екенін ескерту.


Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

20-жұмыс парағы. «Өсімдіктер мен жануар-

лардың өзара байланысы», 22-б.

Өзара байланыс. Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылар кесте толтырды (Ықтимал жауаптары:

Су қарақұмығы. Өсімдік мүшесі: тұқымы; Қандай жануарлар: үйрек, қаз; Не үшін қажет: қоректенеді.

Інжугүл. Өсімдік бөлігі: жемістері; Қандай жануар: бұғылар және т.б.; Не үшін қажет: асқазанды емдейді.

Батпақ аққанаты. Өсімдік бөлігі: сабағы, собығы. Қандай жануарлар: бұлан, ондатр, құндыз және т.б. Не үшін қажет: асқазанды емдейді.

Утамыр (цикута). Өсімдік бөлігі: сабақтары; Қандай жануарлар: құндыз; Не үшін қажет: асқазанды емдейді).

21-жұмыс парағы. «Байланысын анықта», 23-б.

Өсімдіктер мен жануарлар. Оқушылар өсімдік­тер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады. Кейбірі қажетті сөздерді де қол­дана алады. Сөздерді суреттермен сәйкестендіріп, одан әрі оларды бояйды (Жауаптары:

Қоректену. (2) Бұта; (6) Бұлан.

Емделу. (3) Қой (жусанмен емделеді).

Тыныс алу. (1) Құндыз; (5) Балдыр.

Таралу. (4) Ит).


Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын біледі

  • Жануарлардың өсімдіктер сияқты қоректенетінін түсінеді;

  • Жануарлардың өсімдіктерден энергия алатынын біледі;

  • Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ұқсастықтарын ажыратады;

  • Өсімдік­тер мен жануарлардың байланысын сипаттайды.


Үй жұмыс

Слайд №4




















Слайд №5


А3 пішіміндегі қағаз бен үлестірме парақшалар жиынтығы


Слайд№6

Оқулықпен жұмыс



Слайд№7

(Фотосинтез үдерісі.)




Слайд№8


(Күн энергиясын.)





Слайд№9








Слайд№10






Слайд№11


Слайд№12







Слайд№13




://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX




суреттері

Слайд №15,16

«Төртінші артық»

ойынына арналған суреттер



Слайд №17

А3 пішіміндегі қағаз бен үлестірме парақшалар жиынтығы










бейнебаян











Дәптермен жұмыс


Слайд №18

20-жұмыс парағы.









Слайд №19

21-жұмыс парағы.













Қағаз тарату смайликке өздері көңіл күйлерін салады

Алма ағашы тақтасы

Слайд №20

Сабақтың соңы

2 минут



Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Ынтасы жоғары оқушыларға өсімдіктер мен жа­нуарлардың байланысы туралы брошюра жасауды тапсыру.

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!