Материалдар / Ашық сабақ "Отан үшін аянба!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Отан үшін аянба!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамға қызмет етудің мағынасын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
746
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Дүниетану


Мектеп: Астана қаласы,

Ғафу Қайырбеков атындағы

2 мектеп-гимназиясы.

Күні: 12.10.18

Сынып: 2 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Исхан Жаниа

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Тақырыбы:

Отан үшін аянба

Оқу мақсаттары:

2.1.2.1 Қоғамға қызмет етудің мағынасын түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар үшін:

Қоғамға қызмет етудің не екенін түсінеді.

Кейбір оқушылар үшін: «Отан» деген сөзге мағыналас барлық сөздерді айтады. Отан үшін от кешкен тұлғалар туралы айтып береді.

Кейбір оқушылар үшін: «Отан деген немене» өздері диалог құра алады.

Жетістік критерийлері:

  1. Отан сөзінің мағынасын түсінемін.

  2. Отан үшін қызмет еткен ғұлама – ғалымдар туралы мәлімет аламын.

  3. Қоғамға пайдалы қасиеттерді түсінемін.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін: Сөздік қорын жәрдем-помощь-help, Отан-родина-motherland сөздерімен толықтырады.

Пəндік лексика мен терминология: Сөздікпен жұмыс жасату, құқық, міндет, жауапкершілік, отан, отандас, еріктілер сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту

Осы тақырып арқылы оқушылардың бойына Отанды сүюге, отан үшін аянбай тер төгуге, отан үшін от кешкен ұлы тұлғаларды ешқашан ұмытпауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Тақырыпты меңгеру барысында ұлы тұлғалар туралы мағұлымат бере отырып әдебиеттік оқу сабағымен байланыстырамын.

Бейнажазба көрсету, сергіту сәтін өткізу барысында музыка сабағымен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

«Отан үшін от кешкендер» бейнежазба.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын».

Бастапқы білім

Өткен тақырыптарды естеріне түсіріп сұрақ қою арқылы жаңа сабақпен ұштастырамын.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



3 минут





























2-минут

Психологиялық ахуал:

Оқушылар тақтаға шығып, қолдарына түрлі-түсті ленталар ұстап бір - бір сөзбен отанымызға, бір- бірлеріне тілек айту арқылы шаңырақта байлаулы тұрған ленталарды ұстап шеңбер құрады. Бұл шаңырақ Отанымыздың бірлік шаңырағы деп аталады. (Шаңырақ, ленталар уықтар, оқушылар киіз үй керегесі болады.) Отанымыздың шаңырағы биік, керегесі кең, барлық елмен терезесі тең болғай. Барлық оқушылар тілектерін айтып болған соң орындарына отырады.

Оқушыларға «Отан туралы» бейнежазба көрсетемін.

Бейнежазбаға байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі тақырыпты оқушылардың өздеріне тапқызамын.

-Бейнежазба не туралы?


-Біздің Отанымыз..........?

-Біздің елбасымыз кім?


Оқушылар көрген бейнежазба туралы өз ойларын ортаға салады.



Сабақтың тақырыбын жариялап, мақсатымен

таныстырып болғаннан кейін оқушыларды топтарға бөлемін.

Топқа бөлу: Оқушылар ту, елтаңба, әнұран, батырлар, ақындардың суреттерін таңдап алу арқылы 5 топқа бөлінеді. Оқушылар топтарға бөлінгеннен кейін жаңа сабағымызды бастаймыз.

Шаңырақ, түрлі-түсті ленталар








Компьютер, интерактивті тақта









https://youtu.be/p1TLQb7zcsE





Кеспе суреттер

Сабақтың ортасы










30 минут

Оқулықпен жұмыс:Оқулықтағы « Отан үшін аянба» тақырыбын талқылап, оқып өтеміз. Оқулықпен жұмыс жасап болғаннан кейін топпен жұмысты бастаймыз.

Топпен жұмыс: Постер құру. Әр топ бір-бірлерінің жұмыстарына кері байланыс айтып, әртүрлі тәсілдермен қорытындылайды.

1-топ:

Дискриптор:

-Ақын батырларды анықтай алады.

-Олар туралы айтып бере алады.

Тапсырманың аты:

«Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.» деп аталады.

Суреттердің арасынан оқушылар отан үшін еңбек еткен елбасы, батырларымызды, ақын-жазушы, зерттеушілерімізді постерге теріп жабыстырады.

Осы ақын, жазушы, зерттеушілеріміз туралы қысқаша мәлімет айтады.

Кері байланыс: Бірінші топтың жұмысына кері байланыс бере отырып, «басбармақ» әдісімен жұмыстарын қорытындылаймыз. Егер білінші топтың жұмысы басқа топтың оқушыларына түсінікті болса, ұнаса басбармақтарын жоғары көтереді. Түсініксіз болса төмен түсіреді.

2-топ:

Дискриптор:

-Отан сөзіне анықтама береді.

- Отан туралы өз ойларын айта алады.

ТShape1 апсырма: « Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір» деп аталады. Отан туралы шағын мәліметті оқып, өз сөздерімен түсінгендерін айтады. Отан туралы өз ойларымен бөліседі.

Shape3 Shape2

Отан


Shape4

Shape5

Shape7 Shape6


Кері байланыс: Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, топтың жұмысын «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалап, қорытындылаймыз.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын» би

3-топ:

Дискриптор:

-Астанаға байланысты суреттерді ажырата алады.

-Суреттерге анықтама береді.

«Еңсесі биік Елордам, Еңбек етемін мен саған» Кеспе суреттердің арасынан Астанадағы құрылыстарды тауып, артында берілген анықтамаларды оқиды, түсінгендерін айтады. Өздері болашақта Астанамызға қандай символ жасайтындарын айтып береді.

Shape8

Shape9

Shape12 Shape11 Shape10

Астана



Shape14 Shape13


Кері байланыс: Бұл топтың оқушыларын «Бағдаршам» әдісімен қорытындылаймыз.

4-топ:

Дискриптор:

-Қоғамға пайдалы қызметтерді ажырата алады.

-Қоғамдық қызметтерге мысал келтіре алады

Тапсырма: «Жақсылыққа жаным құмар» Қима суреттердің арасынан қоғамға пайдалы іс - әрекеттер бейнеленген суреттерді теріп алып, постерге жабыстырады. Өздері қоғамға қандай пайдалы іс жасай алатындарын айтып береді.

КShape15 ері байланыс: Оқушылардың ойын тыңдап болғаннан кейін, қосымша ой қосамын. Басқа топтың оқушылары «басбармақ» әдісімен бағалайды.

Shape16

Shape18 Shape17

Қоғамға қызмет


Shape19

Shape21 Shape20

5-топ:

Дискриптор:

Мақал-мәтелдерді құрастыра алады.

-Мағынасын аша алады.

Тапсырма: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Кеспе қазағдарда берілген мақал -мәтелдерді дұрыс орналастырады. Мақалдың мағынасын айтып береді.

  1. Отан – от басынан басталады.

  2. Отан оттан да ыстық

  3. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

  1. Отанды сүю жүректен

Кері байланыс: Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін, өзім толықтырып өтемін.

Оқушылардың тапсырмаларын «Бағдаршам» әдісімен бағалаймыз.

Барлық топтың жұмыстарын қорытындылап болғаннан кейін бір оқушыны ортаға шақырып диалог құрамын.

Диалог: «Отан деген немене?»

-Отан деген немене, айта қойшы Кәусаржан?

-Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан-ана,

Отан – үлкен.

Қазақстан туған ел.

-Қандай біздің отанымыз, білсең қане айта ғой?

-Туған жер, асыл өлке Қазақстан,

Отаным ұлан байтақ ғажапыстан.

-Сүйесіңбе Отанды, кім боласың өскенде?

-Сүйемін ұлы Отанды,

Бас иемін мен оған.

Жақсы оқып сабақты,

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!