Материалдар / Ашық сабақ. "Отбасы дәстүрлері" 4 СЫНЫП
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Отбасы дәстүрлері" 4 СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
сАБАҚ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАР ОТБАСЫ МӘДЕНИЕТІ МЕН ОГТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН МЕҢГЕРЕДІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2019
3032
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 12

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Отбасы дәстүрлері

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, татулық

Мақсаты: Оқушыларға отбасылық дәстүрлердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы

Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Олбарлықойыншылардакездесетінбірзаттыбайқап, команда береді. «Кімніңкиіміндеқалтасы бар, соларорынауыстырсын». Солкезде осы команданыңқатысы бар ойыншыларжылдаморындарынауыстыруыкерек, ал оларауысыпжатқандажүргізуші бос орындыққаотырыпқалукерек. Қайқатысушыорынсызқалса, солкелесіжүргізушіболыпойындыжалғастырады.

Үй тапсырмасы.

1. №11 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №12, «Туған күн» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Бекболаттың анасын қуантуына не әсер етті?

Бекболат анасына қандай ұсыныс жасады?

Бекболат Бикен әжейге қандай қуаныш сыйлады?

Бекболаттың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

Туған күнді тойлау дәстүрінің қандай артықшылығы бар?

Өзің туған күніңді қалай тойлайсың? Айтып бер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

Нақыл сөз

Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Тату ағайындылар1


Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағындаболса да, олар бір - біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.

Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».

Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.

Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».

Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»

Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасысұрайбастайды:

А, бұл сен бе? Кештетіпқайда бара жатырсың?

Інісіайтады:

А, бұл сен беедің? Ал сен қайда бара жатырсың?

Екеуі де үндемейқалды, бір-бірінтүсінеқояды да, қарқылдапкүліпжіберді. Осыданкейінекеуібір-бірінодан да қаттыжақсыкөріпкетеді.

  • Екі ағайындының іс әрекетінен қандай қасиеттерді байқадыңыздар?

  • Қай кезде «Ішкі тыныштық» сақталады?

  • Бауырларыңа ағайынды жігіттердей көмек қолыңды соза аласың ба?

  • «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақалды қалай түсінесіздер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

5-тапсырма «Туған күн» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде).

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде).

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.


  1. Топпен ән айту.

Туған күн

Өлеңін жазған Фариза Оңғарсынова

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Ойнаған, бірге жүгірген,

Досым-ай, саған бүгін мен

Құттықтай келдім,

Құттықтай келдім,

Сені туған күніңмен!

Биіктей берсін талабың,

Қуанышы бол анаңның!

Сен туған күні,

Сен туған күні

Шаттанып ән саламын.


7. Үй тапсырмасы.

1. №12 – сабақ. – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №13, «Қорқақ» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




1Даналардан шыққан сөз. – Алматы: Жазушы, 1994. – 68 бет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!