Материалдар / Ашық сабақ Отбасы құндылғы 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Отбасы құндылғы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2021
643
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні:11.02.2020ж

Тақырыбы :Отбасылық құндылықтар

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:ізгілік, мейірімділік,шынайылық, сыйластық.

Пән мұғалімі:Рахимжан Аяжан

Сыныбы: 7 «а» сынып

Оқушы саны:12

Сабақтың мақсаты:отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде ұғындыру;

-қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

-Оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, саббаққа дайындау. Қане есімізге 5Т-ны түсірейік.

-Тәртіп

-Талап

-Тынышық

-Тазалық

-Татулық

Балалар есімізге сақтап, сыныптың тәрібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті: Орманға ойша саяхат

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың даусы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).  Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!




2. Үй тапсырмасы.

Н.Келімбетовтың «Ұлыма хат» әңгімесін сұрақтар арқылы талдау.

-Неліктен автордың көз алдына ең алдымен аяулы анасының жарқын бейнесі келеді деп ойлайсыңдар?

-Мәтіндегі ананың бойынан қандай ізгі қасиеттерді байқадыңдар?

-Автордың ата-анасының қоныс аударған қарашайлар отбасына риясыз көмек көрсетуінің себебі неде?

-Отбасыларыңда өзгелерге қандай сый, құрмет және көмек көрсетіледі?

-Өзің отбасы құндылығы үшін алдыңа қандай мақсат қоясың?

-Отбасы туралы мақал-мәтел, жыр шумақтарын айтыңыз




3. Дәйексөз.

«Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты».

Нұрсұлтан Назарбаев.

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі.Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады.


4. Әңгімелеу Мұғалім сыйы:

Екі әке туралы өсиет әңгіме1

Е. Стенчева

...Бір ауылда екі жас отбасы өмір сүріпті, бала кездерінен дос болыпты, бір күнде үйленді және олардың балалары да бір күнде дүниеге келеді. Бірақ босану кезінде екі ана да қайтыс болып, бақытсыздыққа ұшырайды, енді әкелер балаларын өздері тәрбиелей бастайды. Уақыт өтіп жатты. Балалар өсіп, олар 10 жасқа толады. Бірінші баланың әкесін тану мүмкін емес болды: шаштарын ақ басқан, әжімдер оны одан да үлкейтіп көрсетті, оның жаны да, тәні де қартайып кетті. Ал екінші баланың әкесі 10 жыл бұрынғы кезіндегідей болды. Бұған көршісі көреалмаушылықпен қарады, достықтарынан із де қалмады. Ол жергілікті Данышпанға барып, сұрақ қояды: «Айтшы маған, Данышпан, неге менің көршім әлі жас және ауыр шаруа та оны қартайтпаған?» «Сен қандай шаруаны айтып тұрсың?» - деп Данышпан сұрайды. Сонда әке айтты: «Ол бір өзі баланы тәрбиелеп жатыр, шаруасын да өзі жүргізеді, бәрін өзі атқарады...»

«Өтінемін, онда маған айтшы, сен балаңды қалай тәрбиелеп жатырсың?» -деп сұрады Данышпан. «Мен, - деп бастады келген әке, - туыла салғаннан кейін балаға бірден бағушы таптым. Осы он жыл ішінде мен өз баламды көрмедім десем де болады: өзімді және оны тамақтандыру үшін, бағушыға төлеу үшін, үйге төлеу үшін мен көп жұмыс істедім. Өмірден бәрін алу үшін рақат іздедім, қоғамда орнығуға көмектесу үшін, әйел іздедім... Кейін онымен бірге балама келгенде ол қыңырлық істеді. Ол өскен кезде біздің үйімізге жоғары қызметтегі қонақтар келді, ол мені ұятқа қалдыру үшін бәрін істеуге тырысты: қонақтарға қымбат шарап төкті, олардың аяқтарының астына бананның қабығын лақтырды, ас үй жабдықтарының ұстайтын жеріне қарағай шәйірін жағып тастады... Бәрін айтып тауыса алмайсың... Мен оны қаталдықта және кінәсі үшін жазалаудан қорқынышта ұстадым, тыңдауға тәрбиеледім... Ол үлкендердікі үнемі дұрыс дегенді, қоғамдағы беделіне қарай оларды құрметтеуді ұғынуы тиіс, шешесі қайтыс болғанда мен оны тастап кетпегеніме ол риза болуы тиіс... Ол үнемі маған зияндық жасауға тырысты... Менің сүйіспеншілігім үшін, оған қамқор болғаным үшін, менің ақсүйек тегімнің лайықты мұрагері етіп тәрбиелемек болған тілегім үшін ол осындай ақымен қайтаруда...» «Өз балаңа деген сүйіспеншілігің, оның өміріне сенің қатысуың неден көрінеді?» - деп сұрады қарт. «Қалай неден көрінеді? – таңданып айқай салады әке. – Мен оған қамқорлық жасап жатырмын ғой: бағушы, мұғалімдер, жұмсайтын ақшасы, керек адамдармен зайырлы кештер, туған күніне қымбат сыйлықтар... Мен оның әкесімін ғой, мен оған өмір бердім, мен оның, өзімнің болашағымызды қамтамасыз етемін деп жұмыста қартайдым... Менің қаусаған түріме қарап, маған әйелдер көңіл аудармайды, ал маған бар болғаны 30!... »«Ал кімге сенің балаң жақсы сезімін білдіреді?» - кенеттен одан Данышпан сұрады. «Ол өзінің бағушысын жақсы көреді, тыңдайды, сол тексізді, не үйі жоқ, не аты да атағы да жоқ. Ол тегі жоқ, өз мұғалімін де құрметтейді», - деп жауап берді әке. «Балаң өзінің бұзақылықтарымен сенің көңіліңді өзіне аудартқысы келген, өзіңнің қонақтарыңа емес, оған көңіл бөлгеніңді қалайтын сияқты емес пе?» - деп сұрады қарт. Жауап орнына – мәртебелінің бетінде бір ғана түсінбеушілік пайда болды.

«Енді сенің көршіңді шақырып, одан да сұрайық, өз баласын қалай тәрбиелеп жатқанын. Мүмкін ол сен жоғалтқаныңа өкінетін, жас көрінуінің құпиясын ашатын шығар?» - деп ұсынды Данышпан. Екінші баланың әкесі келді: «Мені шақырдыңыз ба, Данышпан?» «Иә, біздің өте білгіміз келетіні: жас көрінуіңнің себебі неде, балаңды тәрбиелеудегі құпияң қандай: бала сені тыңдайды, ол көңілді әрі көпшіл болып өсіп келеді, ол қонақтарың келсе қуанады, сені жақсы көреді, құрметтейді екен?» «Мен жастығымды сақтауды мүлдем ойламаппын, маған ондай ұсақ-түйектерді ойлап жатуға уақыт жоқ,менде бала бар, туғаннан мен оның әкесінің де, шешесінің де орнын бастым... Мен үнемі оның жанында болдым, күн мен түннің кез келген уақытында. Мен өз алқабымда жұмысшылармен жұмыс істеген кезде, ол ағаштың көлеңкесінде бесікте меннен алыс емес жерде жатты, оның жылаған даусын естіп, жұбату үшін. Ал үй шаруасын жасағанда ол үнемі қасымда болды және менің тамақ жасағанымда, кір жуғанымда, бөлмені тазалағанда, үй жануарларын азықтандырғанымда, қой қырыққанымда қарап отырды... Үй шаруашылығында әртүрлі жұмыстар көп қой... Мен кез келген жұмысты атқаратынымды ұятты іс деп есептемеймін, мен еңбекқор адамды құрметтеймін және мен үшін атағына қарай айырмашылық жоқ... Бұны менің балам да түсінді, ол қазір маған барлық жағынан көмектеседі. Бес жасында мен оған жазуға арналған ағаш тақтайша сыйладым, біз онымен әріптерді үйрендік. Бізге жақын адамымыздай болып кеткен қарапайым мұғалім, оған әртүрлі әріптерді үйренуге көмек береді. Бос кезімде мен баламмен ойнаймын, біз мерекелерді бірге қарсы аламыз, туған күніне әртүрлі ойындар әзірлейміз, мерекелік ойындарға қатысатын көптеген қонақтар шақырамыз... Ойын деген – маңызды нәрсе, бұл оқудың, тәрбиенің, балалардың бізбен, үлкендермен қарым-қатынас жасауының негізі. Тірі қарым-қатынасты ешнәрсемен алмастыра алмайсың. Біз онымен сурет саламыз, ән айтамыз, билейміз, кітаптар оқимыз... Мен оған әзірге керек болғанша, мен үнемі оның жанында боламын...» - деп сөзін аяқтады Әке.

«Әке!»– деп жарқын дауыс шықты. – «Жүр, Күн мерекесіндегі ән айтатын кезегіміз келді». «Бара жатырмын!» - деп жауап берді ол. Данышпанға және өзінің көршісіне қарап: «Кешіріңіздер, мені балам күтіп тұр», - деді. Олар қолдарынан ұстап, күле, нағыз қызған шағында Күн Мерекесіне қарай жүгірді, онда адамдар бір-біріне күлкі сыйлап жатты, бәрі бақытты болды, әсіресе, ӘКЕСІ қолынан ұстап бара жатқан бала.

Ұлы Данышпан үндемей қалды. «Осы екеуінің қайсысынікі дұрыс?» - тыныштықты бұзып, ол жас әкеден сұрады. «Екіншісінікі дұрыс. Рақмет!» – деді жас әке. – «Мен, оның қайырымды, еңбекқор, ақыл тыңдайтын және ең бастысы – бақытты болып өсуі үшін, баламды қалай тәрбиелеу керек екенін түсіндім». «Онда бар да дәл солай істе», деді Ақылды Данышпан.

Сұрақтар:

1. Қай әкенің іс-әрекетінен дұрыс әрекеттің көріністерін байқайсыздар? Неге?

2. Әке борышы немесе парызы дегенді қалай түсінесіздер?

3. Борышты орындау ол дұрыс әрекеттің көрінісі болып табыла ма?

4. Болашақта әке борышын орындағанда балаңыздың бойынан қандай жалпыадамзаттық құндылықтарды шығарып, тәрбиелейсіз?

Бейнекөрініс: Кабуснамадан «Ананы құрметтеу»

Оқушылар өз пікірлерін ортаға салу.


Шығармашылық жұмыс.

1-топ «Мейірімділік»: ХХІ ғасырдағы отбасылар қысқаша эссе

2 – топ «Сыйластық»: Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.(әңгіме құрастыру)

3-топ «Татулық»: «Менің отбасым» суретін салу.(табиғтқа, аңға немесе құсқа теңеу) сол суретін әңгімелеп береді.


Топпен ән айту «Ана-Әке» әні

Жанашырым - ана, дара шыңым- ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың- әке, шырағымсың.

Қайырмасы:

Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке.

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың

Қайырмасы:


Дәптермен жұмыс:

Тапсырма: Сөйлемді аяқта.
1.Отбасымда ең сыйлы ... .
2.Ең қымбатты ... .
3.Ең ақылды ... .
4.Ең сүйкімді ... .
5.Ең құрметті ... .
6.Ең құнды ... .
7.Ең бағалы ... .
8.Ең қажетті ... .


Үй тапсырмасы.

М.Қабанбайдың «Айгүлдің әңгімесі» мәтінін оқып, берілген сұрақтар бойынша талдау.


Сабақтың қорытындысы:

Балаларға смайлик беру. Балалар осы смайлик сияқты әрдайым күлімдеп, отбасылық құндылықтарыңды сақтап жүріңдер. Қазір сендердің жастарыңда сабақтан қалу, қашу жиі кездеседі. Бұл іс-әрекеттің дұрыс еместігін тереңнен ойланып көріңдер. Өздеріңнен басқа ешкімге зиянын тигізбейді. Осындай керемет гимназияға оқуларыңа септігіп тигізген ата-аналарыңа, білім нәрімен сусындатып жүрген барша ұстаздарыңа рахмет айтыңдар. Сендер үшін барлық жағдай жасалғанында ұмытпаңдар. Соны уақытысында дұрыс пайдалана біліңдер. Тек биік шыңдардан көрініп ата-аналарыңды, қуантып, бауырларыңа үлгі болып, міне мынау менің балам, ағам немесе әпкем деген үлкен қуанышпен, мақтанышпен айтатын күнге жетіңдер..

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!