Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Сабақтың міндеттері:Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру; отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу; оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу; | Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)Үнтаспа, бейнетаспа, нақыл сөздер т.б |
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңi.а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)1. Тыныштық сәтi. Орманға саяхатАрқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезім өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! II.Үй тапсырмасын тексеру.«Менің отбасым» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар. | Түзеліп еркін отырады.Қолдарын алдарына қойып, орындыққа арқаларын тақап,көздерін жұмып отыру сұралады.
|
III. Дәйексөз.Ана алдында-құрмет, Ата алдында-қызмет. Халық нақылы Хормен оқыту. Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек оқыту.Жұмыс дәптерге жаздыру.Осы дәйексөз сіздерге қандай ой салды?Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып, қорытындылау. | Дәйексөздің мағынасын ашып, талқылау
|
IV. ӘңгімелеуОтбасы құндылығы Бейнесюжет Отбасы құндылығы дегенді қалай түсінесіңдер? Интервью әдісі арқылы оқушылардан зз отбасылары туралы әңгімелесу
| Бейнесюжет бойынша әңгімелеу.
|
V. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмысТірек сөздерді пайдалана отырып, кішілерге арнап хат жазу. Қажетті сөздер: еңбексүйгіштік, мейірімділік, әдептілік, жақсылық, сыпайылық, сыйластық, қамқорлық. жанашырлық.
| Топпен жұмыс жасайды.
|
VI. Топпен ән айтуАқ мамам Өлеңін жазған: Фариза Оңғарсынова Әнін жазған: Айжігіт Асанов Еркелесем күлімдейтін Ұрысқаны білінбейтін Маңдайымнан иіскеп менің Құлыншағым күнім дейтін Қ-сы: Ақ мамам, ақ мамам Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет Әлемдегі ақылды адам Бәрінен сол жақын маған Ол жанымда жүрсе мен де Батырларша батылданам. Қ-сы: Ақ мамам, ақ мамам Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет Жамандықтан сақтандырып Жақсы ісімді мақтан қылып. Мәпелеген ақ мамамды Жүрсем деймін шаттандырып. Қ-сы: Ақ мамам, ақ мамам Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет | Топпен ән айтады |
VII. Үйге тапсырмаМәтінді оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар. |
|
VIII. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. «Алақан»Сол қолын қағазға бастырып, саусақтардың ішіне жазу керек:Бас бармаққа - не ұнағаныСұқ саусаққа - өзіме не алдымОртанғы саусаққа - не кедергі болды.Аты жоқ саусаққа - тағы не білгім келеді?Шынашаққа - тілек жазу.Баяу әуен қосылады.Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |
|