Сабақтың
кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
8 мин
Жаңа сабаққа
кіріспе
|
Сәлемдесу.
Оқушылармен амандасады,
сабаққа дайындығын тексереді.
Үй тапсырмасын сұрау: жеті
атаны жазып келу.
«Ұшқыш қалпақ»
ойыны арқылы үй тапсырмасын
сұрау.
Мұғалім қолындағы қалпақты бір
оқушының басына кигізеді. Сол оқушы жеті атасын атап, келесі балаға
кигізуі тиіс. Қалпақ киген оқушы атай алмаса, өткен сабақтан
қайталау сұрақтарына жауап беретін болады.
Мұғалім:
- Оқушылар, мына суретке
қарағанда қандай ой келеді?
- Осы сурет арқылы
тақырыбымызды болжап көрейікші.
-
Отбасы дегеніміз
не?
«Миға
шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен
жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық
талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастары-ның пікірін
толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап
беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға
сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен
таныстырады.
|
Амандасады.
Үй тапсырмасы бойынша жеті атасын
атайды.
Сұрақтарға жауап береді, сабақ тақырыбын
болжайды.
Осы сұрақтарға жауап беру
арқылы оқушылардың айтылым дағдысы
қалыптасады
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде
сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы
артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді
және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік
береді.
Саралау: Бұл жерде
саралаудың «Диалог және қолдау
көрсету» тәсілі
көрінеді.
|
Слайд,
суреттер,
оқулық, жұмыс
дәптер-лері
Қалпақ
|
Сабақтың
ортасы
5
мин.
|
Өткен сабақ бойынша тура және
ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді
қайталау.
Білімді тексеру үшін
«Білгірлер» ойынын ойнату. Шарты: аталған сөз тура мағыналы болса,
көк шеңберді көтеру, ауыспалы мағынадағы сөз болса, қызыл шеңберді
көтеруі тиіс. Ойын арқылы оқушылардың білімдері
тексеріледі.
Өткір пышақ, өткір
көз.
Жұмсақ мінез, жұмсақ
көпшік.
Алтын жүзік, қолы
алтын.
Суық сөз, суық
жел.
Ащы жуа, ащы
тіл.
Ауыр мінез, ауыр
зат.
Жылы күн, жылы
жүз.
|
Оқушылар тура және ауыспалы
мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздердің анықтамасын айтады,
оларды анықтап, ажыратады.
|
Қалыптасты-рушы
бағалау: анықтаманы
дұрыс айтып,
мысалдарды
дұрыс ажыратқан
оқушыларды «Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
Слайд,
қызыл,
көк
шеңбер-лер.
|
10
мин
|
ЖЖ (жұптық
жұмыс)
1-тапсырма. Мәтінді
оқыңыз. Тура және ауыспалы мағыналы
сөздерді, көп мағыналы сөздерді тауып, теріп
жазыңыз.
Отбасы - махаббатқа, бақытқа,
жылулыққа толы мекен.
Менің отбасымның қос тірегі
бар. Бұл өнеге мен даналықтың қайнар
көзі,
сыйластық пен құрметтің басы –
әкем және қамқоршымыз, көл-көсір астың
тұтқасы –
анам. Екеуі де кең жүректі, жылы жүзді, сұлу
мінезді, мен
үшін ыстық
жандар.
Мен ынтымағы жарасқан
отбасында дүниеге келгеніме қуанамын.
Менің отбасым - менің баға жетпес
байлығым.
|
Тура
мағына
лы
сөздер
|
Ауыспалы мағыналы
сөздер
|
Көп мағыналы
сөздер
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
Дескриптор:
-
тура мағыналы сөздерді
табады;
- ауыспалы мағыналы сөздерді
табады;
- көп мағыналы сөздерді
тауып, теріп
жазады.
|
Оқушылар мәтінді оқып,
тура және ауыспалы мағыналы
сөздерді, көп мағыналы сөздерді тауып, теріп
жазады.
|
ҚБ
«Бағдаршам»
Дескрипторлар арқылы жұптар
бірін-бірі бағалайды.
|
Слайд, оқулық, жұмыс
дәптерлері, кесте, үш түсті
шеңбер-лер
|
Сергіту
5
мин
|
«Жұмбақ дауыс»
ойыны.
Оқушыларға ата-аналарының
даусын тыңдата отырып, кімнің ата-анасының дауысы екенін
тапқызу.
|
Оқушылар өз анасының, әкесінің
дауыстарына қарап тануы қажет
|
Қалыптасты-рушы
бағалау:
ата-анасының дауыстарын дұрыс
ажыратқан оқушыларды «Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
Слайд, аудио,
фотолар
|
10
мин
|
Жазылым
тапсырмасы.
Ж (жеке
жұмыс)
2-тапсырма. Жанрлық ерекшеліктеріне сай
ресімделуі мен құрылымын сақтап, тура және ауыспалы мағыналы
сөздерді, көп мағыналы сөздерді қолдана отырып, сіз үшін ең қымбат
жанға хат жазыңыз.
Дескриптор:
- хаттың кіріспе бөлімінде
амандық-саулық сұрасады;
- негізгі бөлімде өз сезімін,
тілегін жазады;
- қорытынды бөлімде
қоштасады;
- хат соңында есімін және
мерзімін көрсетеді;
- хат
мазмұнында тура және ауыспалы мағыналы
сөздерді, көп мағыналы сөздерді қолданады
|
Оқушылар
дескриптор-
ды басшылыққа ала отырып,
жанрлық ерекшелік
теріне сай ресімделуі мен
құрылымын сақтап, тура, ауыспалы мағыналы, көп мағыналы сөздерді
қолдана отырып, өздеріне ең қымбат жанға хат жазады,
оқиды.
|
Өзара
бағалау:
оқушылар бір-біріне
дескрипторлар арқылы баға береді.
«Жарайсың!» деген
мадақтау сөзімен,
смайликтермен ынталандыру.
|
Конверт, хат жазуға арналған
қағаздар, тақырыпқа сай жағымды
әуен
|
Сабақтың
соңы
6 мин
|
Рефлексия
«Бес саусақ»
әдісі
-
Бүгін мен не
үйрендім?
-
Не қиын
болды?
-
Қандай жетістікке қол
жеткіздім?
-
Көңіл
күйім
-
Сабақ ұнады
ма?
|
Оқушылар сабаққа қатысты өз
бағаларын береді.
|
1-10 баллдық жүйе бойынша
оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
бағаланады.
|
Түрлі түсті қағаздан қиылған
саусақтар пішіні
|
Үйге
тапсырма
1 мин
|
Үйге тапсырма. 11- тапсырма,
44-бет. Отбасы туралы өзің білетін мақал-мәтелдерді қатыстырып,
сөйлем құра.
|
Үйге тапсырманы күнделіктеріне
жазады
|
|
Слайд,
оқулық
|