Материалдар / Ашық сабақ Ою өрнек түрлері мен қысқаша тарихы. 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ою өрнек түрлері мен қысқаша тарихы. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша дайындалған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
3746
25 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Джакупова Гульжан Махасовна, Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ,

Жымпиты ауылы, Сырым ауданы, БҚО.

Сабақ жоспары. Көркем еңбек


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәндік-қолданбалы өнер

Куні: 10.11. 2017

Сынып: 5 сынып (қыздар)

Сабақ: 40минут

Мұғалімнің аты-жөні: Джакупова Г.М.

Сабақ тақырыбы

Ою – өрнек түрлері мен қысқаша тарихы. Қазақ халқының ұлттық ою- өрнегі (түрлері, стильдеу, мотивтері)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

*Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік

*Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.

Сабақ мақсаттары

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін зерттейді (ою-өрнек түрлері, мотивтері, қазақ халқының шығармашылығындағы ою-өрнек композициясының ерекшеліктері).

Оқушылар қазақ және ҚР басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен танысады.

Бағалау

критерийлері





*Қазақтың ұлттық ою-өрегінің бір түрін қағаз бетіне түсіру;

*Симметрия заңдылығын ұстанады;

* Түрлі- түсті қағаздан, өрнекті қыйып алады;

*Қыйып алынған өрнекті А-3 форматты қағаз бетіне түсіріп, «кілемше» жасайды;

*Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Тілдік мақсаттар


Сәндік-қолданбалы өнер, бұйым, жасау технологиясы, симметрия, нобай, мотив, раппорт, элемент, ырғақ

Құндылықтарды

дарыту



- сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар ойын ашық айту арқылы ашықтық құндылығын арттыра түседі:

- ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай біледі;

- шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихы, жаратылыстану және қазақ әдебиеті пәнімен тығыз байланысты.Дәстүрмен қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерін осы пәндер арқылы дамыта алады.

АКТ қолдану

дағдылары

- Сабақ барысында презентация көрсету үшін интерактивті тақта қолданылады. Сәндік қолданбалы өнер туындыларын, қазақ халқының ою- өрнектерін көрсетемін. Ою өрнектердің ою жолдарын, ою өрнектердің симметриясы, ырғақ, мотив, элемент, раппортты көрсету үшін қолданамын. Өткен сабақты қайталау үшін тест тапсырмаларын орындау үшін қолданамын.

Презентациялар және видеобейнелер көрсетіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут








































Сабақ ортасы

8 Мин







































Сабақтың ортасы

Шығармашылық жұмыс

20 минут



Дифференциациялық тапсырма

Өткен сабақты қайталау үшін тест сұрақтары беріледі. Оқушылар қолдарындағы жауап белгілерін жоғары көттеру арқылы дұрыс жауапты көрсетеді.

Тест

Белгілі бір заттың бетіне (кенеп, қағаз, ағаш) бояу арқылы салынатын көркем шығарамалар атауы.

а). графика

ә). кескіндеме

б). Мүсіндеу

Ғимарат, құрылыстарды жобалау және салу өнері.

а). Мүсіндеу

ә). кескіндеме

б). Сәулет өнері

Көркем туындылар ою, сомдау, немесе құю арқылы жасалатын пластикалық өнер түрі

а). пейзаж

ә). Мүсіндеу

б). графика

Мүсіндеу өнерінің өз көлемінің жарытыснан кем шығыңқы төмен бедер.

а). Горельф

ә). Барельф

б). Контррельеф


Табиғатты немесе жергілікті жерді бейнелеуге арналған өнердің бір жанры қалай аталады?

а). натюрморт

ә). портрет

б). пейзаж

Тұрмысқа қажетті көркем заттарды, (жиһаз, ыдыс, зергерлік бұйымдар)жасайтын шығармашылықтың бір түрі

а). Сәндік қолданбалы өнер

ә). графика

б). Сәулет өнері


Әр дұрыс жауап суретпен көрсетіліп отырады. Соңғы сұрақтың жауабы сәндік қолданбалы өнер бүгінгі сабағымыздың арқауы болғандықтан бұған оқушылардың көбірек көңіл бөлуін сұраймын.

  • СҚӨ туындыларын қандай материалдардан орындаған?

  • Суреттегі СҚӨ туындыларының атауларын сұраймын.

  • Бұнда әлем халықтарының СҚО туындылары көрсетілген. Енді осы суреттердің ішінен тек қазақ халқына ғана тән бұйымдарды көрсетіңіздерші

  • Бұлардың өзге бұйымдырдан ерекшелігі неде? Бұл бұйымдарды не біріктіреді?

  • Мына суреттегі ерекше, керемет бұйымдарды біздің ата- бабаларымыз жасаған, көненің көзі, біздің тарихымыз. Ал қазіргі заманда осылай ою- өрнекпен безендірілген бұйымдар қолданылады ма? Қажет пе? Слайд көрсету

  • Ал сіздің қолыңыздан осындай тамаша бұйымдар жасау келсе, сіз қайсысын жасар едіңіз Неліктен?

  • Бұндай әдемі ою өрнектер жасау үшін біз не білуіміз қажет?

Осы сынды сұрақтарға жауаптар да айтылып, соңғы нәтиже біз сабақтың тақырыбымен сабаққа қойылған мақсаттарға оқушылармен бірге келеміз:

Сабақ тақырыбы: Ою-өрнектің қысқаша тарихы мен түрлері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін зерттейді (ою-өрнек түрлері, мотивтері, қазақ халқының шығармашылығындағы ою-өрнек композициясының ерекшеліктері).


Оқушылар сабақ тақырыбы және осы сабақ барысында жетуіміз керек болатын оқу мақсатымен танысып болған соң, оларды 2 топқа бөлемін. Ол үшін 1ден 10ға дейін санатамын, жұп санды атаған оқушылар бірінші топты, тақ санды атаған оқушылар екінші топты құрайды.

Бір оқушы «Қазақ халықының ою өрнегі» туралы алдын- ала дайындап келген шағын мәліметін таныстырады.

Слайд арқылы ою өрнек түрлерін, олардың түрлі бұйым беттеріне қалай қоданғанын көрсетеді.

Ою өрнек туралы мәлімет алдық. Бірақ бұл, біздің ою оюып оны қолдана алуымыз үшін жеткіліксіз. Оюды қалай оюымыз керек, ол қандай болуы керек, оюды бұйым бетіне қалай орналасытрған дұрыс, мұны біз көзімізбен көруіміз қажет.

Ендеше мен сіздерге қазір ою оюып, оны бұйым бетіне орналастырып көрсетемін, ал сіздер мұқият жазып аласыздар. Кейін өздеріңіз қалаған оюңызды салып ойып кілемше жасайсыздар.

  1. Нобай жасаймыз. Ою таңдаймыз. Мотив

  2. Қағазды алып бүктейміз (үш бүктеу)

  3. Таңдап алынған оюдың бір элементін саламыз

  4. Оюды мұқият қиып аламыз (кілемше түріне байланысты 2-4 мотив) Ою симметриялы болуы шарт

  5. Оюды жазып қағаз бетіне орналастырамыз (Раппорт)

  6. Кілемешенің шетін безендіру үшін шет ою жасаймыз. Ырғақ

  7. Оюларды ұқыптылықпен жабыстырамыз.


«Сұрақ –жауап» арқылы бағалау критерийлерін қоямыз :




Аты –жөні:

5_____сынып

1/-

2/-


Бағалау критерийі





http://www.tarmpi-innovation.kz/index.php?view=dastur&t=oyu_ornek_turleri_men_ataulari – ою-өрнектер түрлері

https://www.youtube.com/watch?v=-NNx3CS0UYU - Қазақтың ұлттық ою-өрнегі


Иллюстрациялық материалдар: ою-өрнектердің орындалу сызбасы, сандық фотосуреттері.



























Тәжірибелік тапсырманы орындауға арналған ресурстар: А3 форматты қағаз, түрлі- түсті қағаздар, және т.б. материалдар, сызғыш, қайшы.

нобай орындауға арналған сурет дәптерлері.



Сабақтың соңы

5мин






Қорытындылау

5минут

Кері байланыс

Ресторан әдісі

Ресторан тағамының ең тәттісі (сабақтың сәттілігі)

Ресторан тағамының ең ащысы(сабақтың қиындығы)

Ресторанның мына тағамына дәмдеуіштер қосамын (сабақтың мына тұсы түсініксіз)



Оқушылардан кері байланыс алынып болған соң, міндетті түрде мұғалім сабаққа және оқушыларға кері байланыс береді. Әрбір оқушының сабақ барысында жасаған іс-әрекетін атап, жеке-жеке әрбір оқушыға тоқталып кетеді. Үлгерімі төмен оқушы болатын болса, оны сабақтан тыс уақытқа қосымша сабаққа шақырады. Үлгерімі өте жоғары бала болатын болса, сол балаға өз деңгейіне сай қосымша тапсырма береді.



Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!